
Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У
Қызылорда қалалық мәслихатының кезекті 57-сессиясы 2026 жылғы 25 қыркүйек, сағат 16:30-да Қызылорда қалалық мәслихатының (Ы.Жахаев көшесі, №16) мәжіліс залында өткізіледі.
Сессияның күн тәртібінде мынадай мәселелер қаралады:
1) Қызылорда қаласы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындауы туралы есебі;
2) Қызылорда қаласы бойынша шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және бизнесті цифрлық дамыту бағытындағы Мемлекет басшысының Жолдауынан туындайтын міндеттердің орындалуы туралы;
3) Қызылорда қалалық жер комиссиясының құрамын бекіту туралы;
4) «Қызылорда қалалық мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының 2020 жылғы 23 қазандағы №390-68/12 шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
5) Қосымша мәселелер.
Қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы 2026 жылғы 25 қыркүйек, сағат 16:00-де өткізіледі.
Қызылорда қалалық мәслихаты