
Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У
Қызылорда қалалық мәслихатының кезектен тыс 54-сессиясы 2026 жылғы 26 маусым, сағат 10.00-де Қызылорда қалалық мәслихатының (Ы.Жахаев көшесі, №16) мәжіліс залында өткізіледі.
Сессияның күн тәртібінде мынадай мәселелер қаралады:
1. «Қызылорда қалалық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының 2023 жылғы 16 қаңтардағы №215-30/1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
2. «Қызылорда қаласының аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы №112-13/1 шешiмiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
3. Қосымша мәселелер.
Қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы 2026 жылғы 26 маусым, сағат 09:30-да өткізіледі.
Қызылорда қалалық мәслихаты