
2026 жылғы 9 сәуірде күні Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Атырау мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті басшысының орынбасары Т.А.Әділбекова Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Атырау облысы бойынша филиалында «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік басшы лауазымына алғаш тағайындалған мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау курсының тыңдаушыларына «Нормашығармашылық қызмет» тақырыбында лекция оқып, осы бағыттағы өзінің тәжірибесінен нақты кейстерге тоқталды.
Өз кезегінде Т.А. Әділбекова орталық аппаратта жұмыс істеген жылдары «Нормашығармашылық қызмет номинациясы бойынша» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ең үздік қызметкері конкурсының жеңімпазы болған.