
2026 жылғы 4 - 21 тамыз аралығында «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Павлодар мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті» ММ «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы күрес» төртінші типтік базалық бағытын іске асыру шеңберінде 2026 жылдың 1 жартыжылдығы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі.
Объектінің қызметін және объектінің ұйымдастыру-басқару қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудан өткізілетін болады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық есеп дайындалады, оның негізінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша шаралар қабылданады.