ММХҚИ бюджеттік негізінде оқуға үміткерлерді іріктеуге құжаттарды қабылдайтыны туралы

    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    ММХҚИ бюджеттік негізінде оқуға үміткерлерді іріктеуге құжаттарды қабылдайтыны туралы
    КонкурсАяқталды

    Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

    Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі (бұдан әрі –ҚР СІМ) Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтына (бұдан әрі – РФ ММХҚИ) бюджеттік негіздегі оқуға іріктеуге үміткерлердің құжаттарын қабылдайтыны туралы хабарлайды (бакалавриат бағдарламаларына – 9 квота, магистратура бағдарламаларына – 8 квота және аспирантура бағдарламаларына – 1 квота).

    Бакалавриат бағдарламалары: халықаралық қатынастар, шетелдік аймақтану, құқықтану, журналистика, жарнама және қоғаммен байланыс. экономика, экология және табиғат пайдалану, сауда.

    Магистратура бағдарламалары: халықаралық қатынастар, шетелдік аймақтану, экономика, құқықтану, журналистика, жарнама және қоғаммен байланыс, мемлекеттік және муниципалды басқару, қаржы және несие.

    Аспирантура бағдарламалары: құқықтану, экономика, саяси ғылымдар, педагогика.

    Оқу конкурсына қатысуға ниет білдірген үміткерлер 2026 жылғы 30 наурыздан бастап 10 сәуір аралығында ҚР СІМ-нің Адам ресурстары департаментіне мынадай құжаттарды ұсынады:

    1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің атына (аты-жөні, тегі, мекенжайы, байланыс телефоны және оқу мамандығын көрсете) еркін нысандағы өтініш;
    2. жеке куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
    3. нотариалды расталған немесе оқу орны растаған білімі туралы құжаттардың көшірмелері (аттестат (егер үміткер құжаттарды тапсыру уақытында аттестатты алмаған жағдайда, 10 және 11 сыныптардың табельдерін ұсыну қажет), жоғары білімі туралы диплом, сертификат);
    4. нотариалды расталған әр түрлі курстардан, семинарлардан, олимпиадалардан және т.б. сертификаттардың, куәліктердің немесе басқа да құжаттардың көшірмелері (бар болса);
    5. шет тілдерін меңгеру деңгейін растайтын құжаттар (сертификаттар);
    6. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің атына білім беру ұйымының басшылығынан ұсыныс хат (болған жағдайда);
    7. оқу орнынан немесе жұмыстан мінездеме;
    8. 3х4 форматтағы 2 фотосурет;
    9. еркін нысандағы түйіндеме.

    Құжаттар қағаз папкасына тігілуі тиіс.

    Конкурстық іріктеу 2026 жылғы 13-14 сәуір аралығында жазбаша емтихан және ауызша әңгімелесу түрінде өтеді. ҚР СІМ-де конкурстық іріктеуден өткен үміткерлер ММХҚИ-да түсу емтихандарын өз бетінше өтеді.

    Қосымша ақпарат алу үшін +7 7172 72 07 54, +7 778 780 17 17, телефондар арқылы немесе [email protected] электрондық мекенжайына хабарласуға болады.

    Ұқсас материалдар

    ХабарландыруАяқталды

    «KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы» АҚ Директорлар кеңесінің тәуелсіз директорлары лауазымына конкурстық іріктеу өткізу туралы хабарландыру

    «KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы» АҚ (бұдан әрі – Қағидалар) тәуелсіз директорларын конкурстық іріктеу қағидаларына сәйкес «KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) Директорлар кеңесінің тәуелсіз директорлары лауазымына кандидаттарды конкурстық іріктеуге қатысуға өтінімдерді қабылдау жарияланады. Қоғам...

    12 тамыз 2025 ж.Тікелей
    СеминарАяқталды

    Бизнесті басқарудағы Қазақстан-Жапония тәжірибесі «KAIZEN»

    Семинар туралы KazAID Қазақстан Халықаралық даму агенттігі мен JICA Жапония Халықаралық ынтымақтастық агенттігі арасындағы ынтымақтастық шеңберінде, Қазақстан-Жапония адами ресурстарды дамыту орталығының қолдауымен, Сіздерді тақырыпқа арналған онлайн-семинарға қатысуға шақырамыз: Бизнесті басқарудағы Қазақстан-Жапония...

    2 наурыз 2022 ж.Тікелей
    БейнеконференцияАяқталды

    Виртуалды іс-шара: "Әйелдер күші: COVID-19 пандемиясынан кейінгі кезеңдегі өсу тенденциялары"

    Сіздерді Орталық Азия, Үндістан және Ауғанстандағы әйелдердің экономикалық құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған халықаралық іс-шара әйелдер саммитіне қатысуға шақырамыз. Іс-шара туралы: Орталық Азия, Үндістан және Ауғанстандағы Әйелдер саммиті, гендерлік теңдікті қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық іс-ша...

    23 тамыз 2021 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    Астана процесі шеңберіндегі Сирия бойынша келіссөздердің 13-ші кезеңіне БАҚ аккредиттеу туралы

    Құрметтібұқаралықақпаратқұралдарыныңөкілдері! 2019 жылғы 1-2 тамызда Нұр-Сұлтан қаласында Сириябойыншажоғарыдеңгейдегі13-шіхалықаралықкездесуөтеді. Осыған орай, аккредиттеу үшін 2019жылғы31шілденіңсағат12:00-гедейінқоса берілген толтырылған аккредиттеу нысанын (doc) [email protected]поштасына жолдауды сұраймыз. Аккредитация...

    19 шілде 2019 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    Астана процесі шеңберіндегі Сирия бойынша келіссөздердің 12-ші кезеңіне БАҚ аккредиттеу туралы

    Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері! 2019 жылғы 25-26 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласындаСирия бойынша жоғары деңгейдегі 12-ші халықаралық кездесуөтеді. Осыған орай, аккредиттеу үшін2019 жылғы 24 сәуірдің сағат 14.00-ге дейінқоса берілген толтырылғанаккредиттеу нысанынжолдауды сұраймыз. Аккредитация сұрақтар бойы...

    22 сәуір 2019 ж.Тікелей