«KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы» АҚ Директорлар кеңесінің тәуелсіз директорлары лауазымына конкурстық іріктеу өткізу туралы хабарландыру

    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    «KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы» АҚ Директорлар кеңесінің тәуелсіз директорлары лауазымына конкурстық іріктеу өткізу туралы хабарландыру
    ХабарландыруАяқталды

    «KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы» АҚ (бұдан әрі – Қағидалар) тәуелсіз директорларын конкурстық іріктеу қағидаларына сәйкес «KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) Директорлар кеңесінің тәуелсіз директорлары лауазымына кандидаттарды конкурстық іріктеуге қатысуға өтінімдерді қабылдау жарияланады.

    1. Қоғамның атауы және мекенжайы

    «KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы» АҚ
    010000, Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/20, С4.1 блогы
    Тел.: +7 7172 620 627
    Веб-сайт: invest.gov.kz

    Негізгі қызмет түрлері: Қазақстан Республикасына инвестициялар тарту және Қазақстандағы инвестициялық ахуалды жақсартуға жәрдемдесу.

    1. Үміткерге қойылатын талаптар
    • Жоғары білім және/немесе магистр дәрежесі (экономика, қаржы, менеджмент саласында алғаны құпталады);
    • Мамандығы бойынша жалпы еңбек өтілі кемінде 10 жыл;
    • Директорлар кеңесінің мүшесі және басшылық лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі кемінде 5 жыл;
    • Қағидалардың 1-қосымшасында көзделген біліктілік талаптарына сәйкес болуы.
    1. Қажетті құжаттар
    1. Конкурстық іріктеуге қатысуға өтініш (Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша);
    2. Үміткердің түйіндемесі;
    3. Үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
    4. Жоғары білім туралы дипломның көшірмесі;
    5. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес үміткердің еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
    6. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық бөлімшелері берген, үміткердің соттылығының және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жоқ екенін растайтын құжаттар;
    7. Экономика және/немесе бизнес және/немесе құқық саласындағы қоғамдық бірлестіктерге мүшелігін растайтын құжаттар (бар болған жағдайда);
    8. Үміткер туралы мәліметтер (Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша);
    9. «Тәуелсіз директор» сертификатының көшірмесі.

    * Іріктеуге қатысушы өзінің білімі, жұмыс тәжірибесі, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты ұсынуға құқылы (біліктілігін арттыру туралы, ғылыми дәреже мен атақтардың берілуі туралы құжаттардың, ғылыми жарияланымдардың, ұсынымдардың және т.б. көшірмелері).

    1. Құжаттарды ұсыну мерзімі және тәсілі
    • Құжаттарды қабылдау басталатын күн: осы хабарландыру Жалғыз акционердің (Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі) және Қоғамның интернет-ресурсында жарияланған күннен бастап.
    • Құжаттарды ұсыну мерзімі: 10 (он) күнтізбелік күн ішінде.
    • Мекенжайы (қолма-қол тапсыру үшін): Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/21, С 4.2 блогы, 2-қабат.
    • Электрондық пошта: [email protected] (хаттың тақырыбында «KAZAKH INVEST тәуелсіз директорын іріктеу» деп көрсету қажет).

    Құжаттар Жалғыз акционердің (ҚР СІМ) атына мөрленген конвертпен ұсынылады. Конвертте: «Үміткердің материалдары (Т.А.Ә.) «KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы» АҚ Директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры лауазымына іріктеуге қатысу үшін» деген жазу және үміткердің мекенжайы көрсетілуі тиіс.

    1. Қосымша ақпарат
    • Үміткер ұсынған құжаттар толық болуы, ал құжаттардың көшірмелері анық сканерленген (бұлдыр емес) болуы тиіс. Қажет болған жағдайда Комиссия құжаттардың түпнұсқаларын сұратуға құқылы.
    • Екіден кем өтінім түскен немесе барлық үміткерлердің кандидатуралары қабылданбаған жағдайда, конкурс өткізілмеген деп танылады.

    Байланыс тұлғасы – Комиссия хатшысы (тел.: +7 7172 98 36 55).

    Ұқсас материалдар

    КонкурсАяқталды

    ММХҚИ бюджеттік негізінде оқуға үміткерлерді іріктеуге құжаттарды қабылдайтыны туралы

    Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары! Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі (бұдан әрі –ҚР СІМ) Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтына (бұдан әрі – РФ ММХҚИ) бюджеттік негіздегі оқуға іріктеуге үміткерлердің құжаттарын қабылдайтыны турал...

    30 наурыз 2026 ж.Тікелей
    СеминарАяқталды

    Бизнесті басқарудағы Қазақстан-Жапония тәжірибесі «KAIZEN»

    Семинар туралы KazAID Қазақстан Халықаралық даму агенттігі мен JICA Жапония Халықаралық ынтымақтастық агенттігі арасындағы ынтымақтастық шеңберінде, Қазақстан-Жапония адами ресурстарды дамыту орталығының қолдауымен, Сіздерді тақырыпқа арналған онлайн-семинарға қатысуға шақырамыз: Бизнесті басқарудағы Қазақстан-Жапония...

    2 наурыз 2022 ж.Тікелей
    БейнеконференцияАяқталды

    Виртуалды іс-шара: "Әйелдер күші: COVID-19 пандемиясынан кейінгі кезеңдегі өсу тенденциялары"

    Сіздерді Орталық Азия, Үндістан және Ауғанстандағы әйелдердің экономикалық құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған халықаралық іс-шара әйелдер саммитіне қатысуға шақырамыз. Іс-шара туралы: Орталық Азия, Үндістан және Ауғанстандағы Әйелдер саммиті, гендерлік теңдікті қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық іс-ша...

    23 тамыз 2021 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    Астана процесі шеңберіндегі Сирия бойынша келіссөздердің 13-ші кезеңіне БАҚ аккредиттеу туралы

    Құрметтібұқаралықақпаратқұралдарыныңөкілдері! 2019 жылғы 1-2 тамызда Нұр-Сұлтан қаласында Сириябойыншажоғарыдеңгейдегі13-шіхалықаралықкездесуөтеді. Осыған орай, аккредиттеу үшін 2019жылғы31шілденіңсағат12:00-гедейінқоса берілген толтырылған аккредиттеу нысанын (doc) [email protected]поштасына жолдауды сұраймыз. Аккредитация...

    19 шілде 2019 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    Астана процесі шеңберіндегі Сирия бойынша келіссөздердің 12-ші кезеңіне БАҚ аккредиттеу туралы

    Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері! 2019 жылғы 25-26 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласындаСирия бойынша жоғары деңгейдегі 12-ші халықаралық кездесуөтеді. Осыған орай, аккредиттеу үшін2019 жылғы 24 сәуірдің сағат 14.00-ге дейінқоса берілген толтырылғанаккредиттеу нысанынжолдауды сұраймыз. Аккредитация сұрақтар бойы...

    22 сәуір 2019 ж.Тікелей