Қызылордалықтар енді ХҚКО-ға онлайн кезекке тапсырыс бере алады

    Орган
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    Қызылордалықтар енді ХҚКО-ға онлайн кезекке тапсырыс бере алады
    ХабарландыруАяқталды

    "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының Қызылорда облысы бойынша филиалы электрондық кезек талондарын алдын ала брондау бойынша пилоттық режим іске қосылғаны туралы хабарлайды. Жоба 2026 жылдың 20 ақпанынан бастап Сырдария және Қармақшы аудандарының халыққа қызмет көрсету бөлімдерінде жұмысын бастайды.

    Жаңа қызмет азаматтарға бөлімшеге келудін ынғайлы күні мен уақытын алдын ала белгілеуге мүмкіндік береді. Ол үшін "ЦОН" мобильді қосымшасы, электрондық үкімет порталын немесе 1414 бірыңғай байланыс орталығын пайдалануға болады. Онлайн кезегінің уақытын бекіткені туралы SMS-хабарлама жолданады.

    Ал, дайын құжаттарды беру және өзіне-өзі қызмет көрсету секторының қызметтері, бұрынғыдай, алдын ала жазылусыз көрсетілетін болады.

    Атап өту қажет, жекелеген жағдайларда және алдын ала брондау мүмкіндігі болмаған жағдайда егде жастағы азаматтарға, ҰОС ардагерлеріне, мүгедектігі бар адамдарға, сондай-ақ шетел азаматтарына арнайы қызмет көрсету аймағы жұмыс жасайды.

    Сондай-ақ «ЦОН» мобильді қосымшасын пайдалану үшін ЖСН және телефон нөмірі арқылы авторизациядан өту қажет екенін еске саламыз (қосымша App Store және Google Play платформаларында қолжетімді).

    Пилоттық режим шеңберінде алдын ала брондау жүйесінің қажеттілігі мен тиімділігіне бағалау жүргізілетін болады. Талдау нәтижелері бойынша сервистің функционалын одан әрі енгізудің және ықтимал кеңейтудің орындылығы туралы шешім қабылданады.

    Ұқсас материалдар

    ХабарландыруАяқталды

    ХҚКО-да «Әділет кеңес береді» акциясы өтті

    Бүгін №1 Халыққа қызмет көрсету орталығында «Әділет кеңес береді» акциясы өтіп, облыс тұрғындары нотариус, жеке сот орындаушысы және Әділет департаментінің мамандарынан бір жерде құқықтық кеңес алу мүмкіндігіне ие болды. Іс-шараны «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Қызылорда облыстық филиалы облы...

    28 шілде 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    Қазақстан халықаралық делегацияға мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы цифрлық шешімдерді таныстырды

    Халықаралық көші-қон ұйымының делегациясы және Грекия, Мажарстан, Тәжікстан, Түрікменстан мен Өзбекстанның мемлекеттік органдарының өкілдері мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы Қазақстанның тәжірибесімен танысу мақсатында «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясына келді. Кездесу тәжірибе алмасу форматы...

    28 шілде 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    Тамыз айынан бастап Қызылордадағы ХҚКО-ның кезекші мекенжайлары өзгереді

    1 тамыздан бастап Қызылордадағы кезекші Халыққа қызмет көрсету орталығының (ХҚКО) мекенжайлары өзгереді. Енді қала тұрғындары Ғ.Мұратбаев көшесі, 2Е жаңа мекенжайы бойынша қабылданады. Осы кезге дейін кезекші ХҚКО Астана даңғылы, 46 мекенжайында орналасқан болатын. Жаңа мекенжайға ауыстыру азаматтарға қызмет көрсетуді...

    28 шілде 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    Мемлекеттік корпорация ХҚКО-дан дайын құжаттарды жеткізу қызметін кеңейтеді

    «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» дайын құжаттарды ХҚКО-дан жеткізу сервисі қолжетімді болатын мемлекеттік қызметтердің тізімін кеңейтіп жатыр. Алдағы бір ай ішінде қызметтер қатарына жылжымайтын мүлікті тіркеу, заңды тұлғаларды тіркеу және тарату, сондай-ақ білім беру саласындағы жекелеген мемлек...

    28 шілде 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    Хабарландыру

    Арал аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының 2026 жылғы 26 маусымдағы № 47 бұйрығына сәйкес, бөлімнің құзіретіне кіретін мәселелер саласында әкімшілік тосқауылдар, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа әсер ететін себептер мен жағдайлар бойынша ішкі талдау жүргіз...

    21 шілде 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    Арал ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөліміне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау

    Арал ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсәп бөлімінің 2026 жылғы 24 маусымдағы № 12 б/нқ бұйрығына сәйкес, Арал ауданының кәсіпкерлік өнеркәсіп бөлімі құзыретіне кіретін мәселелер саласында әкімшілік тосқауылдар, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа әсер ететін себептер мен жағдайлар бойынша ішкі талдау жүргізілуде. Осыған бай...

    16 шілде 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    Хабарландыру

    Арал ауданының экономика және қаржы бөлімінің 2026 жылғы 25 маусымдағы №17 бұйрығына сәйкес, бөлімнің құзіретіне кіретін мәселелер саласында әкімшілік тосқауылдар, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа әсер ететін себептер мен жағдайлар бойынша ішкі талдау жүргізілуде. Осыған байланысты, Арал ауданының экономика және қаржы бө...

    15 шілде 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    Арал ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөліміне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау

    Арал ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің 2026 жылғы 25 маусымдағы № 88 б/жқ бұйрығына сәйкес, Арал ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі құзыретіне кіретін мәселелер саласында әкімшілік тосқауылдар, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа әсер ететін себептер мен жағдайлар бойынша ішкі талда...

    9 шілде 2026 ж.Тікелей