Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдар тізбесі

    Орган
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    БасқаАяқталды

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдардың 32 тармағына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдарды айқындау кезінде қолда бар лауазымдарды екі санатқа – басшылар мен орындаушыларға бөлуі тиіс.

    Шешімдер қабылдау және ұйымдық-шаруашылық функцияларды жүзеге асыру құқығының болуын ескере отырып, басшылардың барлық санаты жоғары сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болуына жатады, сондықтан оларды функционалдық міндеттерін талдаусыз сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдарға жатқызу керек.

    Орындаушылар лауазымдарының сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшырау деңгейі функционалдық ерекшеліктерін ескере отырып, сыбайлас жемқорлық функцияларының тізімін негізге ала отырып айқындалады.

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалғансыбайлас жемқорлық тәуекелдерінешалдыққанлауазымдар тізбесі

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау объектісінің атауы: БҚО ауыл шаруашылығы басқармасы

    р

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелінешалдыққанлауазым

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері

    1

    Ауыл шаруашылығы кооперациясы және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы

    «Ауыл аманаты» бағдарламасын іске асыру бойынша жұмыстанады: бағдарлама аясында пилоттық ауылдық елді мекендерде кредит беру және микрокредит беру бойынша пилоттық ауылдық елді мекендерді анықтау үшін скрининг жүргізеді, пилоттық ауылдық жерлерде сенім білдірген өкілді (агентті) анықтау үшін тиісті құжаттарды дайындайды, берілетін микрокредиттер бойынша кепілдік беру бойынша мониторинг жүргізіп, талдау жасайды, пилоттық ауылдық жерлерде сенім білдірген өкілге (агентті) бюджеттік кредит қаражатын аудару жұмыстарын атқарады

    Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2023 жылғы 20 желтоқсандағы № 443 «Ауыл халқының табысын арттыру жөніндегі жобаны масштабтау үшін ауыл халқына микрокредиттер беру» бұйрығымен бекітілген қағида талаптарына сәйкес микрокредиттер беріледі. Тәуелсіз бағалаушы компаниялардың несие алушылардың кепілге қоятын мүліктерін бағалағанда құнын тым жоғары бағалауы орын алуы мүмкін. Сәйкесінше «бағаланған кепіл туралы құжаттың» сенім білдірілген өкіл (агент) жанындағы кепіл мүлкі құнын растайтын мамандардың қорытындысымен сәйкес келмеуі орын алады

    2

    Экономикалық талдау, жоспарлау және жиынтық ақпарат бөлімінің бас маманы

    Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес, бюджет қаржысы есебінен жүзеге асырылатын ауыл шаруашылығы саласының әрбір түріне субсидияны іске асырады

    Ауыл шаруашылығы саласында субсидиялау мәселесінде кездесетін сыбайлас жемқорлық тәуекелі – төлем кезектілігі мәселесі, яғни, кезектілікті қамтамасыз ету үшін мақұлданған өтінімдерді қаржылай қанағаттандыру рәсімдерін интеграциялау

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат

    Ұқсас материалдар

    БасқаАяқталды

    БҚО АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ ТІЗІЛІМІ

    № Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелі Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөнінде ұсынымдар Ұсынымды орындау нысаны Уәкілетті органның ұстанымы *Ұсынымда басқа мемлекеттік органға жіберген жағдайда Орындау мерзімі 1 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2023 жылғы 20 желтоқсандағы № 443 «Ауыл хал...

    3 шілде 2025 ж.Тікелей
    ҚұттықтауАяқталды

    Адал еңбек қашан да құрметке лайық

    Отарбаев Аманбай Жолдасұлы - алғашқы еңбек жолын 1969 жылы Ақтөбе облысы Байганин ауданы Ақжар совхозының жұмысшы қызметінен бастады. 1970 жылы Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтына оқуға түсіп, оны 1974 жылы «Агрономия» мамандығы бойынша сәтті аяқтады. Институт қабырғасында алған білімі мен біліктілігінің арқас...

    25 қараша 2025 ж.Тікелей
    БасқаАяқталды

    Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасының қызметінде Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдарға 5-қосымша БЕКІТЕМІН Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушысы ______________Р.Зұлқашев «__» ___________________ Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасының қызметінде Сыбайлас жем...

    9 маусым 2025 ж.Тікелей
    ОтчетАяқталды

    «Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметіндегі сыбайлас жемкорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

    Талданатын объект туралы мәлімет: Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма). Мекенжайы: БҚО, Орал қаласы, К.Аманжолов көшесі 75; Талдаудың негізі:Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының 2025 жылғы 15 сәуірдегі № 15-н бұйрығы негізінде Басқ...

    9 маусым 2025 ж.Тікелей
    Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы мемлекеттік мекемесі