Адал еңбек қашан да құрметке лайық

    Орган
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    Адал еңбек қашан да құрметке лайық
    ҚұттықтауАяқталды

    Отарбаев Аманбай Жолдасұлы - алғашқы еңбек жолын 1969 жылы Ақтөбе облысы Байганин ауданы Ақжар совхозының жұмысшы қызметінен бастады. 1970 жылы Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтына оқуға түсіп, оны 1974 жылы «Агрономия» мамандығы бойынша сәтті аяқтады. Институт қабырғасында алған білімі мен біліктілігінің арқасында 1975-1977 жылдары Орал облысы Жымпиты ауданы Кеңестер Одағының XXII съезі атындағы совхоздың бөлімше агрономы қызметінде еңбек етті. Аға буын әріптестерінен тәжірибе жинақтады. 1977 – 1997 жылдары Ақтөбе облысы Темір ауданы Қайыңды совхозының №2 бөлімше агрономы, бас агрономы қызметін атқарды.

    1997-2005 жылдары Батыс Қазақстан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының өсімдік шаруашылығы бөлімінің жетекші маманы, Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы департаментінің өсімдік шаруашылығы бөлімінің бас маманы лауазымдарын атқарды.

    2005 жылы Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы Министрлігі Батыс Қазақстан облысының аумақтық басқармасының тұқым бөлімінің бас маман - тұқым инспекторы қызметіне ауысты.

    2006-2015 жылдары Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы департаментінің егін шаруашылығы бөлімінің бас маманы, Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасының егін шаруашылығы бөлімінің бас маманы жұмысын атқарып, зейнеткерлікке шықты.

    Отарбаев Аманбай Жолдасұлы – ұзақ жылдар бойы ауыл шаруашылығы саласында қажырлы еңбек етіп, мемлекеттік қызмет жүйесінде абыройлы қызмет атқарған тұлға. Ол өз ісіне жауапкершілікпен қарап, адал еңбек етіп, ауыл шаруашылығы саласының дамуына қомақты үлес қосты. Іскерлігі мен адамгершілігі, атқарушылық қабілеті мен жас мамандарға көрсеткен тәлім-тәрбиесі арқылы ол әріптестерінің құрметіне бөленді.

    Ер еңбегін елеу – абыройдың белгісі, адал еңбек еткен азаматтар қашан да құрметке лайық. Ұзақ жылдар мемлекеттік қызметті адал атқарған Аманбай Жолдасұлының «Мемлекеттік қызмет ардагері» төсбелгісі иегері атануы - осының айғағы.

    Ауыл шаруашылығы

    Ұқсас материалдар

    БасқаАяқталды

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдар тізбесі

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдардың 32 тармағына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдарды айқындау кезінде қолда бар лауазымдарды екі санатқа – басшылар мен орындаушыларға бөлуі тиіс. Шешімдер қабылдау және ұйымдық-шаруашылық функцияларды жүзеге ас...

    3 шілде 2025 ж.Тікелей
    БасқаАяқталды

    БҚО АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ ТІЗІЛІМІ

    № Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелі Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөнінде ұсынымдар Ұсынымды орындау нысаны Уәкілетті органның ұстанымы *Ұсынымда басқа мемлекеттік органға жіберген жағдайда Орындау мерзімі 1 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2023 жылғы 20 желтоқсандағы № 443 «Ауыл хал...

    3 шілде 2025 ж.Тікелей
    БасқаАяқталды

    Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасының қызметінде Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдарға 5-қосымша БЕКІТЕМІН Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушысы ______________Р.Зұлқашев «__» ___________________ Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасының қызметінде Сыбайлас жем...

    9 маусым 2025 ж.Тікелей
    ОтчетАяқталды

    «Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметіндегі сыбайлас жемкорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

    Талданатын объект туралы мәлімет: Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма). Мекенжайы: БҚО, Орал қаласы, К.Аманжолов көшесі 75; Талдаудың негізі:Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының 2025 жылғы 15 сәуірдегі № 15-н бұйрығы негізінде Басқ...

    9 маусым 2025 ж.Тікелей
    Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы мемлекеттік мекемесі