БҚДА ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ЕЭК ЖӘНЕ БСМК ІС-ШАРАЛАРЫНА ҚАТЫСТЫ

    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    БҚДА ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ЕЭК ЖӘНЕ БСМК ІС-ШАРАЛАРЫНА ҚАТЫСТЫ
    КездесуАяқталды

    Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Рустам Ахметов бастаған қазақстандық делегация ЕАЭО мен ТМД мүше мемлекеттерінің монополияға қарсы органдарына арналған бірқатар іс-шараларға қатысты. Іс-шаралар Беларусь Республикасының Брест қаласында өтті.

    Атап айтқанда, Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) бәсекелестік және антимонополиялық реттеу жөніндегі Алқа мүшесінің қатысуымен «5+1» форматындағы кезекті кеңес, ТМД қатысушы мемлекеттерінің антимонополиялық заңнамасын бұзушылықтарды бірлесіп тергеу жөніндегі Штабының 45-отырысы және Бәсекелестік саясаты жөніндегі мемлекетаралық кеңес (БСМК) 59-шы отырысы өтті.

    Штаб пен БСМК отырыстарында ағымдағы кезеңдегі қызмет қорытындылары шығарылды. Қатысушылар ЕАЭО елдеріндегі бәсекелестік саласындағы болашақ бағыттарды талқылап, сондай-ақ екі талдамалық есепті бекітті:

    «ТМД қатысушы мемлекеттеріндегі баға (тариф) мемлекеттік реттеу саласындағы нормативтік-құқықтық реттеу»,

    «Бәсекелестік саласындағы құқық бұзушылықтардан зардап шеккендерді азаматтық-құқықтық қорғау».

    Аталған құжаттар ТМД-ның жоғары органдарына белгіленген тәртіппен қарауға ұсынылатын болады.

    Қазақстан делегациясының басшысы Рустам Ахметов өз баяндамасында АЗРК-ның ағымдағы қызметінің негізгі бағыттарына назар аударды. Атап айтқанда, Қазақстанның негізгі тауар нарықтарында қабылданып жатқан шаралар, либерализация процестері, биржалық сауда мәселелері және БҚДА-ның цифрлық экожүйесін дамыту барысы туралы айтты.

    Кездесу барысында сондай-ақ жасанды интеллекттің бәсекелестік жағдайына әсері талқыланды. Қорытындысы бойынша «Монополияға қарсы органдар қызметінде ақпараттық технологиялар мен жасанды интеллекттің әсері» тақырыбындағы есеп жобасына ақпарат ұсыну туралы шешім қабылданды.

    ЕЭК-тің «5+1» форматындағы кеңесінде ЕАЭО-ның ұлттық бәсекелестік органдары трансшекаралық нарық критерийлерін қайта қарау, ортақ бәсекелестік қағидаларын бұзу істерін қарау кезінде сараптама жүргізу тетіктері және 2026 жылға арналған ЕЭК-тің салалық зерттеулер жүргізетін нарықтар тізбесін айқындау мәселелері бойынша өз ұстанымдарын таныстырды.

    БСМК — ТМД шеңберіндегі салалық ынтымақтастықтың тұрақты түрде, әдетте ТМД қатысушы мемлекеттерінің астаналарында жылына екі реттен кем емес өткізілетін санаулы органдарының бірі болып табылады.

    Келесі ЕЭК және БСМК отырыстарын 2026 жылы Қазақстанда өткізу туралы шешім қабылданды.

    БҚДА ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ЕЭК ЖӘНЕ БСМК ІС-ШАРАЛАРЫНА ҚАТЫСТЫ

    БҚДА ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ЕЭК ЖӘНЕ БСМК ІС-ШАРАЛАРЫНА ҚАТЫСТЫ

    БҚДА ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ЕЭК ЖӘНЕ БСМК ІС-ШАРАЛАРЫНА ҚАТЫСТЫ

    Халықаралық қатынас

    Ұқсас материалдар

    КонкурсАяқталды

    ҚАЗАҚСТАНДА АЛҒАШҚЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» КІТАП ОҚУ МАРАФОНЫНА ТІРКЕЛУ БАСТАЛДЫ

    Қазақстанда алғашқы республикалық «Кітап оқитын ұлт» кітап оқу марафонына тіркелу басталды. Жоба еліміздің барлық өңірінен қатысушыларды біріктіріп, кітап оқуды насихаттау мен оқу мәдениетін дамытуға бағытталған ең ауқымды ұлттық бастамалардың біріне айналмақ. Марафон 2026 жылғы қыркүйек айынан 2027 жылғы сәуірге дейін...

    БейнеконференцияАяқталды

    БҚДА-ДА «МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – ҰЛТТЫҚ БІРЛІКТІҢ НЕГІЗІ» АТТЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

    Қазақстан халқы тілдері күніне және Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай өткізілетін іс-шаралар жоспары аясында Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінде «Мемлекеттік тіл – ұлттық бірліктің негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Агенттіктің орталық аппараты мен аумақтық бөл...

    КездесуАяқталды

    АГЕНТТІКТЕ ҚЫЗМЕТТІК ТӘРТІП ПЕН ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТТІ

    Агенттікте психобелсенді заттарды тұтынудың алдын алу, мемлекеттік қызметшілердің қоғамдық орындарда алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйде болуына, сондай-ақ көлік құралдарын масаң күйде басқаруына жол бермеу мәселелеріне арналған семинар өтті. Іс-шара мемлекеттік қызметшілердің құқықтық санасы мен қыз...

    КонкурсАяқталды

    Проведен челлендж «Upgrade 2026: Путь к лучшему Я».

    В рамках реализации концепции «Digital Nauryz» и развития цифровой трансформации среди работников Агентства, включая сотрудников территориальных подразделений, в период с 20 марта по 1 мая 2026 года был проведен челлендж «Upgrade 2026: Путь к лучшему Я». Основной целью мероприятия стало формирование и укрепление полезн...

    БасқаАяқталды

    АГЕНТТІКТЕ АЗАМАТТАР МЕН КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН КОЛЛ-ОРТАЛЫҚ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

    📞 Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінде азаматтар мен кәсіпкерлік субъектілеріне арналған колл-орталық жұмыс істейді. Колл-орталық Агенттіктің құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпараттық-консультациялық қолдау көрсетеді. Колл-орталық мамандары: 💬 E-Otinish жүйесі арқылы өтініштерді...

    СұхбатАяқталды

    БӘСЕКЕЛЕСТІК ЖӘНЕ ТАУАР БИРЖАЛАРЫ САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР ҮШІН ӘКІМШІЛІК РАҚЫМШЫЛЫҚ ЖАСАУ

    Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдауға байланысты Мемлекет басшысы ізгілік қағидаттарын іске асыруға және азаматтар мен бизнеске әкімшілік жүктемені азайтуға бағытталған шара ретінде әкімшілік және қылмыстық рақымшылық жасауға бастамашылық жасады. Осы бастаманы іске асыру үшін «Қазақстан Республикасын...

    КездесуАяқталды

    МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДАҒЫ ТЕМЕКІ ШЕГУГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ЖӘНЕ ТЕМЕКІ ҚОЛДАНУДЫҢ АЛДЫН АЛУ САЯСАТЫ

    Мемлекеттік қызметшілер арасында темекі шегудің алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды іске асыру аясында Агенттікте Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің С. Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығының Салауатты өмір салтын қалыптастыру...

    КездесуАяқталды

    БҚДА ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІНДЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚҰЖАТ АЙНАЛЫМЫ НАРЫҒЫ ЖӘНЕ 2025 ЖЫЛҒЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАР ПЫСЫҚТАЛДЫ

    Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Отырыста электрондық құжат айналымы нарығындағы кедергілерді жою шаралары талқыланып, 2025 жылдағы жұмыс қорытындылары шығарылды. 1) Электрондық құжат айналымы саласындағы бәсекелестікті дамытуКеңеске Агенттік бұ...