БҚДА ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІНДЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚҰЖАТ АЙНАЛЫМЫ НАРЫҒЫ ЖӘНЕ 2025 ЖЫЛҒЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАР ПЫСЫҚТАЛДЫ

    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    КездесуАяқталды

    Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Отырыста электрондық құжат айналымы нарығындағы кедергілерді жою шаралары талқыланып, 2025 жылдағы жұмыс қорытындылары шығарылды.

    1) Электрондық құжат айналымы саласындағы бәсекелестікті дамыту
    Кеңеске Агенттік бұрын жүргізген электрондық құжат айналымы жүйелерін ұсыну қызметтері нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйін талдау нәтижелері туралы ақпарат берілді. Агенттік пен Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі өкілдері бірлескен «Жол картасын» іске асыру барысы туралы баяндады.

    2) Қызмет нәтижелері және бюджет
    Кеңеске 2025 жылдың қорытындысы бойынша Агенттік барлық 11 негізгі көрсеткіштің 100% орындалуын қамтамасыз еткені туралы баяндалды. Атап айтқанда, тауар нарықтарында 14 кедергі жойылып, нормативтік құқықтық актілердің бәсекелестікке әсерін бағалау толық қамтылды және басқа да шаралар жүзеге асырылды.

    Агенттіктің 3,8 млрд теңге көлеміндегі бюджеті 100% игерілді. Сонымен қатар, баяндама аясында Агенттік өкілдері өз цифрлық экожүйесін әзірлеу жоспарланып отырғанын хабарлады, бұл монополияға қарсы бақылауды автоматтандыруға және бағдарламалық қамтамасыз етудің сыртқы жеткізушілеріне тәуелділікті төмендетуге мүмкіндік береді.

    Ұқсас материалдар

    ФестивальАяқталды

    БҚДА-ДА «ҚҰНДЫЛЫҚТАР ФЕСТИВАЛІ» ӨТТІ

    Агенттік ұжымдық рухты дамытуға, қызметкерлердің белсенділігін арттыруға, корпоративтік мәдениетті нығайтуға және ұжымда жағымды психологиялық ахуалды қалыптастыруға бағытталған «Құндылықтар фестивалі» корпоративтік іс-шарасын өткізді. Фестиваль аясында қызметкерлер мемлекеттік қызмет құндылықтарына, олардың маңыздылығ...

    КонкурсАяқталды

    ҚАЗАҚСТАНДА АЛҒАШҚЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» КІТАП ОҚУ МАРАФОНЫНА ТІРКЕЛУ БАСТАЛДЫ

    Қазақстанда алғашқы республикалық «Кітап оқитын ұлт» кітап оқу марафонына тіркелу басталды. Жоба еліміздің барлық өңірінен қатысушыларды біріктіріп, кітап оқуды насихаттау мен оқу мәдениетін дамытуға бағытталған ең ауқымды ұлттық бастамалардың біріне айналмақ. Марафон 2026 жылғы қыркүйек айынан 2027 жылғы сәуірге дейін...

    БейнеконференцияАяқталды

    БҚДА-ДА «МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – ҰЛТТЫҚ БІРЛІКТІҢ НЕГІЗІ» АТТЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

    Қазақстан халқы тілдері күніне және Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай өткізілетін іс-шаралар жоспары аясында Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінде «Мемлекеттік тіл – ұлттық бірліктің негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Агенттіктің орталық аппараты мен аумақтық бөл...

    КездесуАяқталды

    АГЕНТТІКТЕ ҚЫЗМЕТТІК ТӘРТІП ПЕН ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТТІ

    Агенттікте психобелсенді заттарды тұтынудың алдын алу, мемлекеттік қызметшілердің қоғамдық орындарда алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйде болуына, сондай-ақ көлік құралдарын масаң күйде басқаруына жол бермеу мәселелеріне арналған семинар өтті. Іс-шара мемлекеттік қызметшілердің құқықтық санасы мен қыз...

    КонкурсАяқталды

    Проведен челлендж «Upgrade 2026: Путь к лучшему Я».

    В рамках реализации концепции «Digital Nauryz» и развития цифровой трансформации среди работников Агентства, включая сотрудников территориальных подразделений, в период с 20 марта по 1 мая 2026 года был проведен челлендж «Upgrade 2026: Путь к лучшему Я». Основной целью мероприятия стало формирование и укрепление полезн...

    БасқаАяқталды

    АГЕНТТІКТЕ АЗАМАТТАР МЕН КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН КОЛЛ-ОРТАЛЫҚ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

    📞 Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінде азаматтар мен кәсіпкерлік субъектілеріне арналған колл-орталық жұмыс істейді. Колл-орталық Агенттіктің құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпараттық-консультациялық қолдау көрсетеді. Колл-орталық мамандары: 💬 E-Otinish жүйесі арқылы өтініштерді...

    СұхбатАяқталды

    БӘСЕКЕЛЕСТІК ЖӘНЕ ТАУАР БИРЖАЛАРЫ САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР ҮШІН ӘКІМШІЛІК РАҚЫМШЫЛЫҚ ЖАСАУ

    Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдауға байланысты Мемлекет басшысы ізгілік қағидаттарын іске асыруға және азаматтар мен бизнеске әкімшілік жүктемені азайтуға бағытталған шара ретінде әкімшілік және қылмыстық рақымшылық жасауға бастамашылық жасады. Осы бастаманы іске асыру үшін «Қазақстан Республикасын...

    КездесуАяқталды

    МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДАҒЫ ТЕМЕКІ ШЕГУГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ЖӘНЕ ТЕМЕКІ ҚОЛДАНУДЫҢ АЛДЫН АЛУ САЯСАТЫ

    Мемлекеттік қызметшілер арасында темекі шегудің алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды іске асыру аясында Агенттікте Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің С. Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығының Салауатты өмір салтын қалыптастыру...