
Мемлекеттік мүлікті, оның ішінде мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың басқару тиімділігінің мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 желтоқсандағы № 1546 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы (бұдан әрі – Жоба) «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабы 5-тармағының үшінші бөлігіне және 2023 жылғы 27 қазанда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Е.К. Жамаубаев бекіткен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің қызметін кешенді тексеру барысында берілген ұсынымдарды іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарының 26 – тармағына сәйкес әзірленді.
Жобаны қабылдау «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормаларын өзектендіру және сәйкес келтіру және мониторинг объектілерін жыл сайынғы қамтуды 100%-ға дейін кеңейту және мониторинг объектілерінің тізбесін айқындаудың қолданыстағы өлшемшарттарын алып тастау бөлігінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің қызметін кешенді тексеру барысында берілген ұсынымдарды іске асыруға мүмкіндік береді.
Жоба ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында (http://legalacts.egov.kz) (ID 15404082) 2025 жылғы 17 қаңтарда орналастырылды.
Жобаны жария талқылауды өткізу мерзімі – 2025 жылғы 27 қаңтарға дейін.