
Қызылорда қалалық мәслихатының кезектен тыс 40 сессиясы 2025 жылғы 15 тамыз, сағат 11:00-де Қызылорда қалалық мәслихатының (Ы.Жахаев көшесі, №16) мәжіліс залында өткізіледі.
Сессияның күн тәртібінде мынадай мәселелер қаралады:
- Қызылорда облыстық ономастика комиссиясының қарауына Қызылорда қаласына қарасты Ақсуат, Қызылжарма, Талсуат ауылдық округтерінің кейбір құрамдас бөліктеріне атау беру жөніндегі ұсыныстарды енгізу туралы.
- Қызылорда қалалық жер комиссиясының құрамын бекіту туралы.
- Қосымша мәселелер.
Қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы 2025 жылғы 15 тамыз, сағат 10:30-да өткізіледі.
Қызылорда қалалық мәслихаты