Мемлекеттік қызметтегі мүдделер қақтығысын реттеу мәселелері

    Орган
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    Мемлекеттік қызметтегі мүдделер қақтығысын реттеу мәселелері
    КездесуАяқталды

    Қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелелрі қоғамдағы ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

    Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр.

    Сыбайлас жемқорлықтың құрамдас бөліктерінің бірі мүдделер қақтығысы болып табылады.

    «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, мүдделер қақтығысы - мемлекеттік қызметшінің жеке басының мүдделері өзінің лауазымдық өкілеттіктерін орындамауына немесе тиісінше орындамауына әкеп соғуы мүмкін болатын кездегі мемлекеттік қызметшінің жеке басының мүдделері мен оның лауазымдық өкілеттіктері арасындағы қайшылық, болып саналады.

    Жеке мүдделер деп жеке өзi немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүлiктiк (мүліктік емес) игiлiктер мен артықшылықтар алу немесе табу деп түсіну керек.

    Мысалы, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік қызметшіге басшылық субъектіге (мекемеге) тексеру жүргізуді жүктейді, бұл ретте мекеменің құрылтайшысы мемлекеттік қызметшінің туған інісі болып табылады.

    Мұндай жағдайда мүдделер қақтығысы анық көрінеді және мемлекеттік қызметшінің тексеру нәтижесін інісінің пайдасына шешу қызығушылығы туындайды.

    Егер мүдделер қақтығысы орын алған болса, жоғарыда аталған адамдардың лауазымдық міндеттерін жүзеге асыруына тыйым салынады.

    Көріп отырғаныңыздай, мүдделер қақтығысы лауазымдық өкілеттіктер мен оның жеке мүдделері арасында туындайды. Сонымен қатар, мұндай қақтығыс кейіннен теріс сыбайлас жемқорлық нәтижесіне ие болуы мүмкін.

    Мүдделер қақтығысын тиімді реттеу мемлекеттік қызметте тікелей немесе функционалдық бағыныстағы жақын туыстарының бірлескен жұмысына тыйым салу сияқты шектеулер қарастырылған.

    Осындай жағдай болған жағдайда мемлекеттік қызметші "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабын басшылыққа алуы қажет, онда туындаған мүдделер қақтығысы туралы мемлекеттік қызметшілердің тікелей басшыны жазбаша хабардар ету туралы міндеті көрсетілген.

    Ал, тікелей басшы не жоғарыда көрсетілген адамдардың өтініштері бойынша немесе басқа көздерден ақпарат алған кезде мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу бойынша мынадай шараларды уақтылы қабылдауға міндетті:

    1) мүдделер қақтығысы соған байланысты туындаған немесе туындауы мүмкін мәселе бойынша оларды лауазымдық міндеттерін атқарудан шеттетуге және лауазымдық міндеттерін атқаруды басқа адамға тапсыруға құқығы бар;

    2) лауазымдық міндеттерді өзгерту;

    3) мүдделер қақтығысын жою жөніндегі өзге де шараларды қабылдауға міндетті.

    Мүдделер қақтығысы тек жақын туыстарға қатысты қарым-қатынастарда кездеседі деп санауға болмайды. Атап айтқанда, мүдделер қақтығысы алыс ағайын туыс, ауылдас, көршілер, жора-жолдас, құда-жекжат, т.с.с. сияқты таныс-тамырлардың қатысы бар кез-келген мемлекеттік бақылау және қадағалау функцияларында орын алуы мүмкін екенін ескерген жөн.

    Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, мүдделер қақтығысын болдырмау және реттеу бойынша шараларды қасақана қолданбау - тәртіптік теріс қылық деп танылады және жауапкершілікке әкеп соғады.

    Осыған орай, сыбайлас жемқорлықпен күресідің бір тетігі ретінде мемлекеттік қызметтегі мүдделер қақтығысын реттеу мәселелері бүгінгі таңда ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

    Осылайша, барлық мемлекеттік қызметшілерді заңдармен белігеленген шектеулерді сақтауға, сыбайлас жемқорлық пен теріс қылықтарға жол бермеуге, жауапкершілік пен әдептіліктің жоғары деңгейіне ие болуға және қызмет барысында туындаған мүдделер қақтығысын болдырмауға шақырамын.

    Шымкент қаласы бойынша

    Мемлекеттік кірістер департаментінің

    Әдеп жөніндегі уәкілі Е.Өзбеков

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет мәселелері

    Ұқсас материалдар

    КездесуАяқталды

    ШЫМКЕНТ, КЕЗДЕСЕМІЗ! 🔥

    ШЫМКЕНТ, КЕЗДЕСЕМІЗ! 🔥 24 маусымда Шымкентте "халық бухгалтері 2026: бизнес және ашық диалогтағы МКК" өңірлік туры аясында бухгалтерлер, кәсіпкерлер және компания басшылары үшін үлкен тегін кездесу өтеді. Бұл мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдерімен және бухгалтерлік есеп және салық салу саласындағы жетекші сарапш...

    12 маусым 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    Салық есептілігі нысандарын тапсыру мерзімдері

    📆 Салық есептілігі нысандарын тапсыру мерзімдері:📌 10 сәуірден кешіктірмей:• 493.00 нысаны – үшінші тұлғаларға көрсетілген қызметтер туралы мәліметтер. Оны сумен жабдықтау, су бұру, кәріз, газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, қалдықтарды жинау (қоқыс шығару), лифтілерге қызмет көрсету және (немес...

    1 сәуір 2026 ж.Тікелей
    БасқаАяқталды

    Салық есептілігін тапсыру және төлемдер мерзімі

    Салық есептілігін тапсыру және төлемдер мерзімі📌 5 ақпанға дейін 🔹Жеке практикамен айналысатын тұлғалардың жеке табыс салығы 📌 16 ақпанға дейін ұсынылады:🔹101.03 нысанРезиденттің табысынан төлем көзінде ұсталған корпоративтік табыс салығы бойынша есеп🔹200.00 нысан Жеке табыс салығы және әлеуметтік салығы бойынша д...

    2 ақпан 2026 ж.Тікелей
    ГалереяАяқталды

    2025 жылғы желтоқсан айына арналған салықтар мен төлемдер күнтізбесі

    Салық есептілігінің күндері🔹 15 желтоқсан• 400.00 нысаны - акциздік салық декларациясы + 421.00 нысаны – Акциз бойынша декларация және салық салуға қатысты құрылымдық бөлімшелер немесе обьектілер бойынша есеп айырысу 2025 жылдың қазан айына;🔹 22 желтоқсан• 328.00 нысаны бойынша тауарларды әкелу және жанама салықтарды...

    2 желтоқсан 2025 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    🔰2025 жылғы қыркүйек айына арналған салық күнтізбесі

    🔰2025 жылғы қыркүйек айына арналған салық күнтізбесі🔹15 қыркүйек Салық есептілігі:- 400.00 нысаны – Акциз бойынша декларация + СЕН 421.00 Құрылымдық бөлімше үшін акциз есебі;- 250.00 нысаны – Активтер мен міндеттемелер туралы декларация;- 270.00 нысаны – Жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы екларация.🔹22 қыркүйе...

    9 қыркүйек 2025 ж.Тікелей
    ЖаңалықтарАяқталды

    🔰2025 жылғы шілде айына арналған салықтар мен төлемдер күнтізбесі

    🔰2025 жылғы шілде айына арналған салықтар мен төлемдер күнтізбесіСалық есептілігі:🔹 08 шілде• 701.00 нысаны – көлік құралдары бойынша ағымдағы төлемдердің есебі.🔹 15 шілде• 400.00 нысаны - акциздік салық декларациясы + 421.00 нысаны - құрылымдық бөлімшелер үшін.🔹 20 шілде• 328.00 нысаны бойынша тауарларды әкелу жән...

    4 шілде 2025 ж.Тікелей
    ЖаңалықтарАяқталды

    Қазақстан Республикасы резиденттігін растау

    «Қазақстан Республикасы резиденттігін растау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі: 1) «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы; 2) «электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырады. Қазақстан...

    18 маусым 2025 ж.Тікелей
    ҚұттықтауАяқталды

    Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлер күні

    "7 сәуір-Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлер күні" мерекесіне орай Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша Департаментінің басшысы Қ.Қыдырбеков Шымкент қалсы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, Мемлекеттік көрсетілетін қызмет басқармасы мемлекеттік көр...

    8 сәуір 2025 ж.Тікелей