Қазақстан Республикасы резиденттігін растау

    Орган
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    ЖаңалықтарАяқталды

    «Қазақстан Республикасы резиденттігін растау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі:

    1) «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы;

    2) «электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырады.

    Қазақстан Республикасының резиденттігін растауға салықтық өтініш орналасқан, болатын (тұрғылықты) жері бойынша табыс етіледі.

    Резиденттікті растау үшін салықтық өтінішке келесі құжаттар қоса тіркеледі:

    1) өзінің тиімді басқару орнының Қазақстан Республикасында болуы негізінде резидент болып табылатын шетелдік заңды тұлға – заңды тұлғаны тиімді басқару орнының (нақты басқару органы тұрған жер) Қазақстан Республикасында болуын растайтын құжаттың (өткізілген орны көрсетіле отырып, директорлар кеңесінің немесе соған ұқсас органның жалпы жиналысы хаттамасының немесе негізгі басқару және (немесе) бақылау, сондай-ақ заңды тұлғаның кәсіпкерлік қызметті жүргізуі үшін қажетті стратегиялық коммерциялық шешімдер қабылдау орнын растайтын өзге де құжаттардың) нотариат куәландырған көшірмесін;

    2) резидент болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматы – жеке куәлігінің немесе Қазақстан Республикасы паспортының көшірмесін;

    3) резиденттер болып табылатын шетелдік және азаматтығы жоқ адам мыналардың:

    - шетел паспортының немесе азаматтығы жоқ адам куәлігінің;

    - Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаттың (ол болған кезде);

    - Қазақстан Республикасында болу кезеңін растайтын құжаттың (визаның немесе өзге де құжаттардың) нотариат куәландырған көшірмелерін;

    4) "Астана" халықаралық қаржы орталығының инвестициялық резиденті болып табылатын шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам:

    - шетел паспортының немесе азаматтығы жоқ адам куәлігінің нотариат куәландырған көшірмесін;

    -Қазақстан Республикасында болу кезеңін растайтын құжаттың (визаның немесе өзге де құжаттардың) нотариат куәландырған көшiрмесiн;

    резиденттікті растайтын құжатты бергені үшін алым төленгенін растайтын құжаттың көшірмесін;

    - "Астана" халықаралық қаржы орталығының актісінде белгіленген нысан бойынша тиісті кезеңге "Астана" халықаралық қаржы орталығының Әкімшілігі беретін, "Астана" халықаралық қаржы орталығының инвестициялық салықтық резиденттік бағдарламасына сәйкес инвестицияларды жүзеге асыру туралы растау хатты;

    - шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның "Астана" халықаралық қаржы орталығының инвестициялық салықтық резиденттік бағдарламасына қатысу үшін бастапқы өтініш жасау алдындағы соңғы жиырма жыл ішінде Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған адам болып табылмайтыны туралы ішкі істер органы берген растау хатты ұсынуға міндетті. Ішкі істер органы берген растау хатта шетелдіктің шетел паспортының немесе азаматтығы жоқ адам куәлігінің мәліметтері қамтылуға тиіс.

    Резиденттікті растайтын құжат резиденттікті растайтын құжатты бергені үшін алым төлеу жүргізілген күнтізбелік жылға беріледі.

    Құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі.

    Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебесі жіберіледі.

    Көрсетілетін қызметті алушылар құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға келу тәртібімен тапсырған кезде – Мемлекеттік корпорация қызметкері қабылданған құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге курьер қызметі арқылы жолдайды.

    Көрсетілетін қызметті алушылар Мемлекеттік корпорацияға құжаттарды қолма-қол тапсырған кезде салықтық өтініш алған күннен бастап 2(екі) жұмыс күн ішінде мемелекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алады.

    Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі әлде Салық кодексінің 217 бабында көрсетілген жағдайларда және негіздемелер бойынша көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауабын жіберіледі.

    Портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі.

    Салықтық әкімшілендіру

    Ұқсас материалдар

    КездесуАяқталды

    ШЫМКЕНТ, КЕЗДЕСЕМІЗ! 🔥

    ШЫМКЕНТ, КЕЗДЕСЕМІЗ! 🔥 24 маусымда Шымкентте "халық бухгалтері 2026: бизнес және ашық диалогтағы МКК" өңірлік туры аясында бухгалтерлер, кәсіпкерлер және компания басшылары үшін үлкен тегін кездесу өтеді. Бұл мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдерімен және бухгалтерлік есеп және салық салу саласындағы жетекші сарапш...

    12 маусым 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    Салық есептілігі нысандарын тапсыру мерзімдері

    📆 Салық есептілігі нысандарын тапсыру мерзімдері:📌 10 сәуірден кешіктірмей:• 493.00 нысаны – үшінші тұлғаларға көрсетілген қызметтер туралы мәліметтер. Оны сумен жабдықтау, су бұру, кәріз, газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, қалдықтарды жинау (қоқыс шығару), лифтілерге қызмет көрсету және (немес...

    1 сәуір 2026 ж.Тікелей
    БасқаАяқталды

    Салық есептілігін тапсыру және төлемдер мерзімі

    Салық есептілігін тапсыру және төлемдер мерзімі📌 5 ақпанға дейін 🔹Жеке практикамен айналысатын тұлғалардың жеке табыс салығы 📌 16 ақпанға дейін ұсынылады:🔹101.03 нысанРезиденттің табысынан төлем көзінде ұсталған корпоративтік табыс салығы бойынша есеп🔹200.00 нысан Жеке табыс салығы және әлеуметтік салығы бойынша д...

    2 ақпан 2026 ж.Тікелей
    ГалереяАяқталды

    2025 жылғы желтоқсан айына арналған салықтар мен төлемдер күнтізбесі

    Салық есептілігінің күндері🔹 15 желтоқсан• 400.00 нысаны - акциздік салық декларациясы + 421.00 нысаны – Акциз бойынша декларация және салық салуға қатысты құрылымдық бөлімшелер немесе обьектілер бойынша есеп айырысу 2025 жылдың қазан айына;🔹 22 желтоқсан• 328.00 нысаны бойынша тауарларды әкелу және жанама салықтарды...

    2 желтоқсан 2025 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    🔰2025 жылғы қыркүйек айына арналған салық күнтізбесі

    🔰2025 жылғы қыркүйек айына арналған салық күнтізбесі🔹15 қыркүйек Салық есептілігі:- 400.00 нысаны – Акциз бойынша декларация + СЕН 421.00 Құрылымдық бөлімше үшін акциз есебі;- 250.00 нысаны – Активтер мен міндеттемелер туралы декларация;- 270.00 нысаны – Жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы екларация.🔹22 қыркүйе...

    9 қыркүйек 2025 ж.Тікелей
    КездесуАяқталды

    Мемлекеттік қызметтегі мүдделер қақтығысын реттеу мәселелері

    Қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелелрі қоғамдағы ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр. Сыбайлас жемқорлықтың құрамдас бөліктерінің бірі мүдделер қақтығысы болып табылады. «Қазақстан Республикасының мем...

    1 тамыз 2025 ж.Тікелей
    ЖаңалықтарАяқталды

    🔰2025 жылғы шілде айына арналған салықтар мен төлемдер күнтізбесі

    🔰2025 жылғы шілде айына арналған салықтар мен төлемдер күнтізбесіСалық есептілігі:🔹 08 шілде• 701.00 нысаны – көлік құралдары бойынша ағымдағы төлемдердің есебі.🔹 15 шілде• 400.00 нысаны - акциздік салық декларациясы + 421.00 нысаны - құрылымдық бөлімшелер үшін.🔹 20 шілде• 328.00 нысаны бойынша тауарларды әкелу жән...

    4 шілде 2025 ж.Тікелей
    ҚұттықтауАяқталды

    Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлер күні

    "7 сәуір-Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлер күні" мерекесіне орай Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша Департаментінің басшысы Қ.Қыдырбеков Шымкент қалсы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, Мемлекеттік көрсетілетін қызмет басқармасы мемлекеттік көр...

    8 сәуір 2025 ж.Тікелей