ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ САЛТАНАТПЕН БАСТАЛДЫ!

    Орган
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ САЛТАНАТПЕН БАСТАЛДЫ!
    ЖаңалықтарАяқталды

    ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ САЛТАНАТПЕН БАСТАЛДЫ! Бүгін Шымкентте Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамын тойлау «Астана» алаңында басталды. Алаңда орналасқан сахнада 500 адамның қатысуымен Наурыз мейрамына арналған «Наурызнама» музыкалық-театрландырылған қойылым көрсетілді. Сонымен қатар, алаңға жиналған көпшілік ұлттық тағамдардан дәм татып, қолөнер шеберлерінің көрмелерін тамашалады. Ұлттық спорт түрлерінен сайыстар да тартысты өтіп, көпшілікке ерекше көңіл-күй сыйлады. Бұл күнді қала тұрғындары мен қонақтары бір-біріне жылы тілектерін айтып, ұлттық дәстүрлер мен жоралғыларды тамашалап, Наурыз мейрамының мәнін терең сезінді. Айта кету керек, 19.00-де отандық және әлемдік танымал эстрада жұлдыздарының қатысуымен «Астана» алаңында мерекелік гала-концерт жалғасатын болады. Наурыз мерекесі баршаға құтты болсын!

    МӘДЕНИЕТ

    Ұқсас материалдар

    ЖаңалықтарАяқталды

    Шымкентте «Сәтті жарнама» акциясы өтті

    Шымкентте «Сәтті жарнама» акциясы өтті 2025 жылғы 3 сәуір күні Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының ұйымдастыруымен ірі сауда орындарында («Алаш», “Баян сұлу”, “ Mega Planet”) «Сәтті жарнама» акциясы өтті. Акцияның мақсаты-«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының 21-бабы талаптар...

    4 сәуір 2025 ж.Тікелей
    ЖаңалықтарАяқталды

    ШЫМКЕНТТЕ «ШЫМКЕНТ ДУМАН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘЗІЛ-СЫҚАҚ ФЕСТИВАЛІ БАСТАЛДЫ!

    ШЫМКЕНТТЕ «ШЫМКЕНТ ДУМАН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘЗІЛ-СЫҚАҚ ФЕСТИВАЛІ БАСТАЛДЫ! Бүгін Шымкент қаласында «1 сәуір - Халықаралық күлкі күніне» орай және сатирик, қоғам қайраткері К. Әмірбектің 75 жылдығына арналған «ШЫМКЕНТ ДУМАН» әзіл-сықақ республикалық фестивалі шымылдығын түрді! Фестивальдің мақсаты – сатира жанры мен осы сал...

    2 сәуір 2025 ж.Тікелей
    ЖаңалықтарАяқталды

    ШЫМКЕНТ: ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІН ЕРЕКШЕ ҚАРСЫ АЛДЫ

    ШЫМКЕНТ: ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІН ЕРЕКШЕ ҚАРСЫ АЛДЫ Күні кеше Шымкентте Наурыз мейрамы кең көлемде тойланып, қала нағыз мерекелік атмосфераға бөленді. «Астана» алаңынан бастап, шаһардың барлық аудандары мен алаңдарында думанды шаралар ұйымдастырылып, ұлттық дәстүріміз ұлықталды. Домбыраның күмбірлеген үні, жаңа піскен бауырса...

    1 сәуір 2025 ж.Тікелей
    ЖаңалықтарАяқталды

    Шымкентте «Қошқар ата сейілі» дәстүрлі жалпыхалықтық сауық-серуені өтті

    Шымкентте «Қошқар ата сейілі» дәстүрлі жалпыхалықтық сауық-серуені өтті Шымкентте Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы қарсаңында халқымыздың мәдени мұрасын дәріптейтін «Қошқар ата сейілі» дәстүрлі жалпыхалықтық сауық-серуені өтті. Қошқар ата өзені жағасында ұйымдастырылған шарада ұлттық құндылықтар насихатталып, мерекелі...

    1 сәуір 2025 ж.Тікелей
    КонференцияАяқталды

    Шымкентте «Тіл – ұлтаралық қатынас құралы» республикалық конференциясы өтті

    Шымкентте «Тіл – ұлтаралық қатынас құралы» республикалық конференциясы өтті Бүгін Халықтар достығы университетінде Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының ұйымдастыруымен «Тіл – ұлтаралық қатынас құралы» республикалық конференциясы өтті. Бұл шара Қазақстан Республикасында тіл саясатын да...

    1 сәуір 2025 ж.Тікелей