Шымкентте «Тіл – ұлтаралық қатынас құралы» республикалық конференциясы өтті

    Кезең
    Алматы уақыты (UTC+5)
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    КонференцияАяқталды
    Шымкентте «Тіл – ұлтаралық қатынас құралы» республикалық конференциясы өтті Бүгін Халықтар достығы университетінде Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының ұйымдастыруымен «Тіл – ұлтаралық қатынас құралы» республикалық конференциясы өтті. Бұл шара Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын Шымкент қаласында іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары аясында ұйымдастырылды. Конференция барысында мемлекеттік тілдің этносаралық қатынас тілі ретіндегі рөлі, оны дамыту мен насихаттаудың өзекті мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, Шымкент қаласында жүргізілген жұмыстар туралы бейнеролик көрсетілді. Конференцияда Мемлекет және қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазықызы қазақ тілінің ұлттық мазмұны туралы ой қозғап, оның бірлік пен тұтастықты қалыптастырудағы маңызына тоқталды. ҚР Ақпарат саласының үздігі Оңғар Құрал сөз қолданысымыздағы олқылықтар жайында сөз сөйлесе, филология ғылымдарының докторы, профессор Сердәлі Бекжігіт Кенжебекұлы тілдік дискриминация мәселесін көтерді. Сонымен қатар, Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар кеңесінің өкілі Батырбек Жалмұрзаев мемлекеттік тілдің этносаралық қарым-қатынас құралы ретіндегі маңызын атап өтті. Ал Шымкент қаласы Полиция департаментінің өкілі Амина Егизбаева елімізде орын алған тілдік кемсітушілік жағдайлары және онымен күрес шаралары жөнінде баяндады. Конференцияға тіл мамандары, БАҚ өкілдері мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері, тіл жанашырлары қатысты.
    Шымкентте «Тіл – ұлтаралық қатынас құралы» республикалық конференциясы өтті
    Шымкентте «Тіл – ұлтаралық қатынас құралы» республикалық конференциясы өтті
    ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ САЛАСЫ

    Ұқсас материалдар

    КонференцияАяқталды

    ШЫМКЕНТТЕ СУРЕТШІ БАТЫРБЕК ӨТЕПТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КӨРМЕ ӨТТІ

    Шымкент қаласындағы Концерттік-көрме орталығында қазақтың ұлттық гобелен өнерінің дамуына зор үлес қосқан суретші Батырбек Туғанбайұлы Өтептің 80 жылдығына арналған «Өнерімен өрілген ғұмыр» атты көрме өтті. Мерейтойлық көрме суретшінің бай шығармашылық мұрасын кеңінен таныстырып, ұлттық өнердің көркемдік қуаты мен руха...

    ҚұттықтауАяқталды

    ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКА КҮНІ ЕРЕКШЕ СӘН-САЛТАНАТПЕН АТАЛЫП ӨТТІ

    Шымкентте Ұлттық мереке – Республика күні кең көлемде тойланып, Астана алаңы ән мен жырға бөленді. Екі күн бойы қала тұрғындары мен қонақтары отандық эстрада жұлдыздарының өнерін тамашалап, мерекелік көңіл-күйге енді. 24–25 қазан күндері Шымкент қаласындағы Астана алаңында 25 қазан – Республика күніне арналған мерекелі...

    ЖаңалықтарАяқталды

    Шымкентте «Сәтті жарнама» акциясы өтті

    Шымкентте «Сәтті жарнама» акциясы өтті 2025 жылғы 3 сәуір күні Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының ұйымдастыруымен ірі сауда орындарында («Алаш», “Баян сұлу”, “ Mega Planet”) «Сәтті жарнама» акциясы өтті. Акцияның мақсаты-«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының 21-бабы талаптар...

    ЖаңалықтарАяқталды

    ШЫМКЕНТТЕ «ШЫМКЕНТ ДУМАН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘЗІЛ-СЫҚАҚ ФЕСТИВАЛІ БАСТАЛДЫ!

    ШЫМКЕНТТЕ «ШЫМКЕНТ ДУМАН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘЗІЛ-СЫҚАҚ ФЕСТИВАЛІ БАСТАЛДЫ! Бүгін Шымкент қаласында «1 сәуір - Халықаралық күлкі күніне» орай және сатирик, қоғам қайраткері К. Әмірбектің 75 жылдығына арналған «ШЫМКЕНТ ДУМАН» әзіл-сықақ республикалық фестивалі шымылдығын түрді! Фестивальдің мақсаты – сатира жанры мен осы сал...

    ЖаңалықтарАяқталды

    ШЫМКЕНТ: ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІН ЕРЕКШЕ ҚАРСЫ АЛДЫ

    ШЫМКЕНТ: ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІН ЕРЕКШЕ ҚАРСЫ АЛДЫ Күні кеше Шымкентте Наурыз мейрамы кең көлемде тойланып, қала нағыз мерекелік атмосфераға бөленді. «Астана» алаңынан бастап, шаһардың барлық аудандары мен алаңдарында думанды шаралар ұйымдастырылып, ұлттық дәстүріміз ұлықталды. Домбыраның күмбірлеген үні, жаңа піскен бауырса...

    ЖаңалықтарАяқталды

    ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ САЛТАНАТПЕН БАСТАЛДЫ!

    ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ САЛТАНАТПЕН БАСТАЛДЫ! Бүгін Шымкентте Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамын тойлау «Астана» алаңында басталды. Алаңда орналасқан сахнада 500 адамның қатысуымен Наурыз мейрамына арналған «Наурызнама» музыкалық-театрландырылған қойылым көрсетілді. Сонымен қатар, алаңға жиналған көпшілік ұлтт...

    ЖаңалықтарАяқталды

    Шымкентте «Қошқар ата сейілі» дәстүрлі жалпыхалықтық сауық-серуені өтті

    Шымкентте «Қошқар ата сейілі» дәстүрлі жалпыхалықтық сауық-серуені өтті Шымкентте Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы қарсаңында халқымыздың мәдени мұрасын дәріптейтін «Қошқар ата сейілі» дәстүрлі жалпыхалықтық сауық-серуені өтті. Қошқар ата өзені жағасында ұйымдастырылған шарада ұлттық құндылықтар насихатталып, мерекелі...