«Қуаныш сыйлау өнері» көрмесі

    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    «Қуаныш сыйлау өнері» көрмесі
    КөрмеАяқталды

    2025 жылдың 18 наурызы күні ШҚО музей-қорығының Қайсенов көшесі, 67 мекенжайындағы көрме залында Наурыз мейрамы аясында зергерлік бұйымдар мен тас өңдеу ісінің шеберлері Б. Дәлентаев (Өскемен қ.) пен О. Бекқалыйдың (ШҚО Самар ауданы) көрмесі ашылды. Вернисажға зергерлердің әріптестері мен шәкірттері және туыстары қатысып, өздерінің жылы лебіздерін білдірді.

    Белгілі шеберлер – Қазақстан қолөнершілер одағының мүшелері, бірнеше рет облыстық және республикалық фестивальдердің, байқаулардың қатысушылары мен жеңімпаздары атанды. Шеберлердің үздік бұйымдары Астана, Алматы және Семей қалаларының көрмелерін безендірді.

    Кәсіби тас өңдеуші-зергер Байболат Дәлентаев Астана қаласында өткен ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінде Шығыс Қазақстанды таныстырған үздік шеберлер тізіміне енді. 2019 жылы «Шебер» республикалық байқауының финалисі, 2021, 2024 жылдары «Шығыс кәдесыйы» облыстық байқауының жеңімпазы болды.

    Жас, келешегі зор шебер әрі зергер Оралбек Бекқалый көркем еңбек мұғалімі, ол облыстық көрмелерге, қолөнер шығармашылығы фестиваль-байқауларына белсенді қатысып, жүлделі орындарды иеленген. Осылайша, «Шығыс кәдесыйы» облыстық байқауында «Жас шебер» номинациясында (2018 ж.) «Дәстүрлілік» номинациясында (2023 ж.) жеңімпаз атанды.

    Келушілерді зергерлер жасаған әйелдердің әсем әшекейлері: моншақтар, алқалар, мойынтұмарлар, сақиналар, сондай-ақ, ерлер жүзігі мен білезіктер қызықтырады. Мұның бәрі тастан және металдан, яғни күміс пен мельхиордан жасалған.

    Ұқсас материалдар

    КездесуАяқталды

    «Мен жастарға сенемін!»: зияткерлік квиз

    12 тамызда А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында Халықаралық Жастар күніне орайластырылған мазмұнды әрі салтанатты іс-шара өтті. Белсенді де білімді қатысушылар үшін «Мен жастарға сенемін» атты зияткерлік ойын ұйымдастырылып, сонымен қатар тақырыптық кітап көрмесі көпшілік назарына ұсынылды. Мағ...

    КездесуАяқталды

    «Алтын тау Алтайым» кітабының тұсаукесері

    3 шілде күні Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында әнші-сазгер, мәдениет саласының ардагері Серік Сұлтанғалиұлы Бабахановтың «Алтын тау Алтайым» атты кітабының тұсаукесер кеші өтті. Ұлттық домбыра күні қарсаңында ұйымдастырылған тағылымды басқосу қазақ ән өнерін қадірлейтін қауымның басын қосты. Кешті...

    3 шілде 2026 ж.Тікелей
    Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасындаШығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы
    КездесуАяқталды

    «Журналистика жүрек ісі» кездесу

    30 маусым күні Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында белгілі журналист, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, облыстық «Дидар» газетінің ардагері Ғафура Сәрсенбайқызымен кездесу өтті. Рухани басқосуда қаламгер оқырмандармен емен-жарқын әңгімелесіп, өмір жолынан сыр шертті. Кездесу барысында журналист...

    КонцертАяқталды

    21 маусым күні қаланың Орталық алаңында Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының шығармашылық ұжымдары мен солистерінің концерттік маусымның жабылуына арналған қорытынды концерттерінің төртінші күні өтті

    21 маусым күні қаланың Орталық алаңында Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының шығармашылық ұжымдары мен солистерінің концерттік маусымның жабылуына арналған қорытынды концерттерінің төртінші күні өтті. Маусымның соңғы аккорды ретінде «Alem Sazy» вокалды-аспаптық ансамблінің «Одинокий саксофон в седой ночи» атты конц...

    КонцертАяқталды

    20 маусым күні қаланың Орталық алаңында Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының шығармашылық ұжымдары мен солистерінің концерттік маусымның жабылуына арналған қорытынды концерттерінің үшінші күні өтті

    20 маусым күні қаланың Орталық алаңында Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының шығармашылық ұжымдары мен солистерінің концерттік маусымның жабылуына арналған қорытынды концерттерінің үшінші күні өтті. Бұл кеште ШҚО әкімінің симфониялық оркестрі бас дирижері, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Александр Галсановтың жетекшіл...