«Хақ жолы» әлеуметтік драма

    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    «Хақ жолы» әлеуметтік драма
    ДрамаАяқталды

    Құрметті Талдықорған қаласының тұрғындары мен қала қонақтары, сіздерді 7 қараша күні Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театрында А.Ихсанның «Хақ жолы» әлеуметтік драмасын көруге шақырамыз! Қойылымның қоюшы-режиссері ҚР Еңбек Сіңірген қайраткері Б.Ұзақов, қоюшы-суретші: ҚР Мәдениет саласының үздігі Қ.Шалабаева.

    Әлеуметтік драмада бүгінгі күні біздің ел үшін ғана емес, бүкіл әлем үшін өзекті болып тұрған теріс діни ағымдар мәселесі көтеріледі. Автор шығармада бір-біріне мүлде қарама-қайшы екі көзқарас арасындағы тартысты басты назарға ала отырып, қарапайым қазақ отбасындағы оқиға арқылы жастардың дәстүрлі емес діни ағымдардың жетегінде кетуін көрсетеді. Теріс ағымның тұрмысымызға дендеп еніп, қоғамдық дертке айналып келе жатқандығын өткір сынға алған.

    Белгілі драматург А. Ихсанның «Хақ жолы» спектаклі Қазақстан Республикасында діни экстремизмге қарсы күрес тақырыбына арналған алғашқы шығармалардың бірі. Қойылымның басты мақсаты – жастарды дұрыс жолдан адастырмай, әрбір аттаған қадамдарына жауапкершілікпен қарауға, азғындықтан аулақ болуға үйрету.

    Билеттерді Ticketon.kz сайтында және театрдың кассасынан (87773948815) ала аласыздар!

    Өнер

    Ұқсас материалдар

    КонцертАяқталды

    Дәнеш Рақышев атындағы филармониясының IV маусымының жабылу концертіне шақырамыз!

    Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! Сіздерді Жетісу облысының Дәнеш Рақышев атындағы филармониясының IV маусымының жабылу концертіне шақырамыз! Бұл кеш – өнер мен шабыттың, әсем әуен мен жарқын әсердің мерекесі. Филармония өнерпаздары сіздерге маусымның ең таңдаулы шығармаларын тарту етеді. 24 маусым 2026 жыл, Саға...

    СпектакльАяқталды

    «Туған күніңізбен анашым!» спектакль премьерасы

    Бикен Римова атындағы академиялық драма театры өзінің мерейлі 50-ші театр маусымының аяқталуы қарсаңында қоғамның ең өзекті мәселесін арқау еткен қорытынды премьерасын ұсынады. «Туған күніңізбен, анашым!» қойылымы – ана мен бала арасындағы үзілмес байланысты, отбасылық құндылықтар мен адам өмірінің күрделі рухани сәтте...

    17 маусым 2026 ж.Тікелей
    Бикен Римова атындағы академиялық драма театрыЖетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы
    КонцертАяқталды

    “Soundtrack” концертіне шақырамыз!

    ҚҰРМЕТТІ ӨНЕР СҮЙЕР ҚАУЫМ! Сіздерді 4 маусым күні сағат 17:00-де өтетін ерекше музыкалық кешке шақырамыз! Жанды дыбыста өтетін “Soundtrack” концерті Орындайтын: Жетісу облысының Дәнеш Рақышев атындағы филармониясы Мұқан Төлебаев атындағы халық аспаптар оркестрі Өтетін орны: Текелі қаласының әкімінің қалалық мәдениет үй...

    КонкурсАяқталды

    ХХIV «ЖЕТІСУ ЖҰЛДЫЗДАРЫ» облыстық балалар шығармашылығы байқауы

    Өтетін жері: Талдықорған қаласы, І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайы Өтетін уақыты: 1 маусым, 2026 жыл cағат 17:00 Байланыс телефондары: 8 (7282) 24-34-07; Электронды пошта: [email protected] КІРУ ТЕГІН