«Таптым-ау сені» /лирикалық драма/

    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    «Таптым-ау сені» /лирикалық драма/
    ДрамаАяқталды

    Құрметті Жетісу облысының тұрғындары мен қала қонақтары, Сіздерді 1, 5-ші қараша күндері Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театрына Ә.Байболдың шығармасымен сахналатын «Таптым-ау сені» лирикалық драмасын тамашалуға шақырамыз!

    Қоюшы-режиссер – Рамазан Үсен. Балетмейстер – Айжан Құнанбаева.

    Әлемдік театр алаңдарында көрерменмен байланыс формасы ретінде тәжірибе жасайтын қойылымдар көп. Соның бірі – иммерсивті қойылым. Мұнда көрермендер сахналанып жатқан қойылымды әртістермен бірге жүріп барынша сезінеді. Сюжет линиясын бір локациядан екіншісіне өтіп, кейде болып жатқан оқиғаға өзі де әсер ете алады. Бұл көрерменді қойылым әлеміне толығымен тартуға негізделген. «Таптым-ау» сені қойылымы дәл осы сезімді көрермендерге сезінуге мүмкіндік береді.

    Іңкәр сезімнің иелері Бану мен Асқардың қызықты оқиғаларға құралған, жүрек қылын шертер мұңлы да сырлы махаббат хикаясын тамашалауға шақырамыз! Кеш келген бақыттың әсерлі хикаяларымен бөлісетін бұл шығармада кейіпкерлердің тағдырларына жазылған өзіндік өмірлік оқиғалары бар... Барлық театр сүйер қауымды лирикалық драманың куәсі болуға шақырамыз!

    Билеттерді Ticketon.kz сайтында және театрдың кассасынан (87773948815) ала аласыздар!

    Өнер

    Ұқсас материалдар

    КонцертАяқталды

    Дәнеш Рақышев атындағы филармониясының IV маусымының жабылу концертіне шақырамыз!

    Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! Сіздерді Жетісу облысының Дәнеш Рақышев атындағы филармониясының IV маусымының жабылу концертіне шақырамыз! Бұл кеш – өнер мен шабыттың, әсем әуен мен жарқын әсердің мерекесі. Филармония өнерпаздары сіздерге маусымның ең таңдаулы шығармаларын тарту етеді. 24 маусым 2026 жыл, Саға...

    СпектакльАяқталды

    «Туған күніңізбен анашым!» спектакль премьерасы

    Бикен Римова атындағы академиялық драма театры өзінің мерейлі 50-ші театр маусымының аяқталуы қарсаңында қоғамның ең өзекті мәселесін арқау еткен қорытынды премьерасын ұсынады. «Туған күніңізбен, анашым!» қойылымы – ана мен бала арасындағы үзілмес байланысты, отбасылық құндылықтар мен адам өмірінің күрделі рухани сәтте...

    17 маусым 2026 ж.Тікелей
    Бикен Римова атындағы академиялық драма театрыЖетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы
    КонцертАяқталды

    “Soundtrack” концертіне шақырамыз!

    ҚҰРМЕТТІ ӨНЕР СҮЙЕР ҚАУЫМ! Сіздерді 4 маусым күні сағат 17:00-де өтетін ерекше музыкалық кешке шақырамыз! Жанды дыбыста өтетін “Soundtrack” концерті Орындайтын: Жетісу облысының Дәнеш Рақышев атындағы филармониясы Мұқан Төлебаев атындағы халық аспаптар оркестрі Өтетін орны: Текелі қаласының әкімінің қалалық мәдениет үй...

    КонкурсАяқталды

    ХХIV «ЖЕТІСУ ЖҰЛДЫЗДАРЫ» облыстық балалар шығармашылығы байқауы

    Өтетін жері: Талдықорған қаласы, І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайы Өтетін уақыты: 1 маусым, 2026 жыл cағат 17:00 Байланыс телефондары: 8 (7282) 24-34-07; Электронды пошта: [email protected] КІРУ ТЕГІН