Экономика мен қаржы, стратегиялық бағдарламалар мен инфрақұрылымдық даму жоспарларының өзекті мәселелері Самарқандта талқыланды

    Орган
    Орны
    Самарканд
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    Экономика мен қаржы, стратегиялық бағдарламалар мен инфрақұрылымдық даму жоспарларының өзекті мәселелері Самарқандта талқыланды
    ОтырысАяқталды

    А.ж. 25-26 қыркүйекте Самарқанд қаласында Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің (АБИИ) Басқарушылар Кеңесінің IX жыл сайынғы «Барлығына тұрақты инфрақұрылым құру» тақырыбында кезекті отырысы өтті.

    Іс-шараға ҚР Ұлттық экономика вице-министрі А.Б.Қасенов, 100-ден астам елден жоғары деңгейдегі делегациялар, Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің, Дүниежүзілік Банктің, Азия даму банкінің, Түркі инвестициялық қорының және басқа да халықаралық институттардың басшылары мен өкілдері, жетекші шетелдік компаниялардың топ-менеджерлері және беделді сарапшылар ( 2 мыңға жуық делегат) қатысты.

    Күн тәртібіне жаһандық экономика мен қаржының өзекті мәселелері, Азия мен әлемнің басқа өңірлеріндегі стратегиялық бағдарламалар мен инфрақұрылымдық даму жоспарлары енгізіліп, форум аясында инфрақұрылымды қаржыландырудағы инновацияларға, климаттың өзгеруіне және тұрақтылыққа төзімділікке және инфрақұрылымдық жобаларды цифрлық трансформациялауға арналған 25 панельдік сессиялар, пікірталастар, іскерлік таңғы ас, министрлер мен губернаторлардың дөңгелек үстелдері өтті.

    Іс-шараның басты оқиғасы Өзбекстан Республикасының Президенті Ш.Мирзиёевтің қатысуымен өткен инаугурациялық сессия болды. Өзбекстан көшбасшысы өз сөзінде жүргізіліп жатқан реформалар мен қайта құрулар туралы егжей-тегжейлі айтып, экономиканы ырықтандыруға, халықтың өмір сүру деңгейі мен табысын арттыруға ерекше көңіл бөлінетінін баса айты.

    Форум аясында ҚР Ұлттық экономика Вице-министрі А.Қасеновтың Еуропалық инвестициялық банктің вице-президенті К. Какуриспен және Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің вице-президенті К.Лимитовскиймен екіжақты кездесулері өтті.

    Жоғарыда аталған кездесулер барысында қаржы институттарының ҚР-мен ынтымақтастығын кеңейтудің қазіргі жағдайы мен перспективалары туралы пікір алмасылды. Қазақстанда көлік, энергетика, су және әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту және салу жөніндегі жобаларды бірлесіп қаржыландыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

    Ұқсас материалдар

    КөрмеАяқталды

    «Astana Eurasian Book Fair-2026»: елордада халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтеді

    «Astana Eurasian Book Fair-2026»: елордада халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтеді Елордадағы Президент орталығында 22-26 сәуір күндері «Astana Eurasian Book Fair-2026» IX Халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтеді. Бұл – Орталық Азиядағы ең ауқымды мәдени-ағартушылық шаралардың бірі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің р...

    22 сәуір 2026 ж.Тікелей
    Астана
    СаммитАяқталды

    Қазақстанда Өңірлік экологиялық саммит өтеді

    2026 жылдың 22-24 сәуірі аралығында Қазақстан астанасында қоршаған орта мен су ресурстары проблемаларын талқылау және өзекті мәселелер бойынша келісімдерге қол жеткізу үшін мемлекет басшыларын, сарапшылар және халықаралық ұйымдардың жетекшілерін бір алаңда біріктіретін алғашқы Өңірлік экологиялық саммит өтеді. Іс-шара...

    22 сәуір 2026 ж.Тікелей
    Астана
    ХабарландыруАяқталды

    2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткiзу туралы

    2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткiзу туралы 2026 жылғы 11 ақпан Қазақстан Республикасы Конституцияның 44-бабының 10) тармақшасына және «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 18-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткіз...

    15 наурыз 2026 ж.Тікелей
    Казахстан
    Баспасөз конференциясыАяқталды

    🎥Ташкентте қазақ киносының күндері өтті

    2025 жылғы 13–14 желтоқсан күндері Ташкент қаласында Әлішер Науаи атындағы Ұлттық киноөнер сарайында Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясы, Өзбекстан Республикасы Мәдениет министрлігі жанындағы Кинематография агенттігі тарапынан, Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Елшілігінің қолдау...

    13 желтоқсан 2025 ж.Тікелей
    Ташкент
    КөрмеАяқталды

    2025 жылғы 3 қыркүйекте Ташкент қ. ұлы суретші Орал Тансықбаевтың 120 жылдығына арналған көрменің ашылуы

    2025 жылғы 3 қыркүйекте Ташкент қаласында ұлы суретші Орал Тансықбаевтың 120 жылдығына арналған көрменің ашылуы өтті. Өзбекстанның Бейнелеу өнері галереясында Қазақстан мен Өзбекстан мәдениеті мен өнеріндегі ең ірі оқиғалардың бірі – ХХ ғасырдың көрнекті суретшісі Орал Тансықбаевтың (1904–1974) шығармашылығына арналған...

    3 қыркүйек 2025 ж.Тікелей
    Ташкент, Галерея изобразительного искусства Узбекистана
    ФорумАяқталды

    Өзбекстанда Қазақстан медицинасы күндері

    🇰🇿🚑🇺🇿Өзбекстанда Қазақстан медицинасы күндері бірегей жобасы басталды. Іс-шараға Қазақстаннан келген 100-ге жуық түрлі саладағы дәрігерлер қатысуда. Олар Ташкент, Самарқанд, Бұхара және Ферғана облыстарындағы, сондай-ақ Қарақалпақстан Республикасындағы медициналық мекемелерде шеберлік сабақтарын, консультациялар мен х...

    13 қазан 2025 ж.Тікелей
    Ташкент, Фергана, Самарканд, Бухара, Нукус
    Халықаралық форумАяқталды

    Astana Think Tank Forum, 2025 жылғы 15–16 қазанда Астанада өтеді

    Халықаралық жүйеге деген сенімді қалпына келтіріп, поляризациядан әріптестікке қалай өтуге болады? Астана диалогқа шақырады Жаһандық поляризациядан серіктестікке өту жолдарын іздеу және халықаралық жүйеге деген сенімді қалпына келтіру бойынша нақты ұсыныстарды әзірлеу қажеттілігі қазақстандық және шетелдік пікір көшбас...

    15 қазан 2025 ж.Тікелей
    Астана
    Халықаралық форумАяқталды

    «Astana Finance Days 2025: Болашақтың негізін қалайтын капитал» форумы Қазақстан елордасында өтеді

    «Astana Finance Days 2025: Болашақтың негізін қалайтын капитал» форумы Қазақстан елордасында өтеді 2025 жылғы 4-5 қыркүйекте Астана қаласында Astana International Forum қолдауымен жылдың басты қаржылық іс-шараларының бірі – VIII Astana Finance Days (AFD) форумы өтеді. Биылғы іс-шараның тақырыбы – «Болашақтың негізін қа...

    4 қыркүйек 2025 ж.Тікелей
    Астана