«Astana Finance Days 2025: Болашақтың негізін қалайтын капитал» форумы Қазақстан елордасында өтеді

    Орган
    Орны
    Астана
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    «Astana Finance Days 2025: Болашақтың негізін қалайтын капитал» форумы Қазақстан елордасында өтеді
    Халықаралық форумАяқталды

    «Astana Finance Days 2025: Болашақтың негізін қалайтын капитал» форумы Қазақстан елордасында өтеді

    2025 жылғы 4-5 қыркүйекте Астана қаласында Astana International Forum қолдауымен жылдың басты қаржылық іс-шараларының бірі – VIII Astana Finance Days (AFD) форумы өтеді. Биылғы іс-шараның тақырыбы – «Болашақтың негізін қалайтын капитал». Тақырып ағылшын тіліндегі «capital» сөзінің қос мағынасын: біріншісі, Астана – Қазақстанның астанасы (capital) және Шығыс пен Батыс тоғысқан, қарқынды дамып келе жатқан қаржы орталығы, екіншісі мағынасы – орнықты өсудің қозғаушы күші ретінде капиталды (capital) білдіреді.

    Әлемде капитал үшін қызу бәсеке күшейген бүгінгі заманда қолдағы ресурстарды ұтымды пайдалану – климаттың өзгеруінен бастап экономиканы өсіруге және технологияны ілгерілетуге дейінгі сын‑қатерлерді жеңудің негізгі кепіліне айналып отыр.

    Биыл Astana Finance Days-те әлемнің 70-тен астам елінен 5 000-нан аса қатысушы – брокерлер, банкирлер, инвесторлар мен инноваторларды қоса алғанда, қаржы және технологиялық сектор, сондай-ақ мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор өкілдерінің басы қосылады деп жоспарланып отыр.

    2025 жылғы форумның үш негізгі тақырыптық бағыты бар: қаржылық капитал, инфрақұрылымдық капитал және институционалдық капитал. Бұл әртүрлі тақырыптарды қамтуға мүмкіндік береді: спикерлер қаржы, финтех және тұрақты даму саласындағы өзекті үрдістерді, реттеу жүйесіндегі өзгерістерді және жаңа қаржылық өнімдер – дәстүрлі портфельдік инвестициялардан бастап криптовалюталарға дейін талқылайды.

    Форумның басты спикерлерінің бірі – әйгілі футуролог, кәсіпкер әрі “Банк 4.0: Жаңа қаржылық құбылыс”, “Техносоциализм. Теңсіздік, жасанды интеллект пен климаттың өзгеруі қалай жаңа әлемдік күн тәртібін қалыптастырады”, “Кеңейтілген кеңістік дәуірі” және басқа да әлемдік бестселлерлердің авторы Бретт Кинг болмақ.

    Сонымен қатар спикерлер қатарында: “РАКУРС” экономикалық талдау орталығының директоры Ораз Жандосов, Freedom Holding Corp. бас атқарушы директоры Тимур Турлов, Teniz Capital Investment Banking директорлар кеңесінің мүшесі Ғалым Хусаинов, Brookfield компаниясының басқарушы серіктесі әрі Таяу Шығыс бойынша жетекшісі Жад Эллаун, Goldman Sachs компаниясының серіктесі Рияд Юсуф, BNY Mellon халықаралық бөлімінің басшысы әрі аға атқарушы вице-президенті Хани Каблави, Janus Henderson Investors компаниясының Таяу Шығыс, Африка және Орталық Азия бойынша жетекшісі Мешаль Джабер Әл-Фарас, сондай-ақ жеке бизнес, мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік компаниялардың басқа да жетекшілері бар.

    Биылғы форумның ерекшелігі AFD Exhibition Hub – Astana Finance Days бірыңғай көрме платформасы болмақ. Ол капитал және цифрлық инновациялар нарығында жұмыс істейтін компанияларды біріктіреді және оң шешімдерді көрсетуге, нарықтағы позицияны жақсартуға және стратегиялық серіктестермен тікелей байланыс орнатуға арналған кеңістікті ұсынады.

    Форум ұйымдастырушысы – «Астана» халықаралық қаржы орталығы – Global Financial Centres Index рейтингіне сәйкес Шығыс Еуропа және Орталық Азия өңіріндегі №1 қаржы орталығы. Astana Finance Days 2025 алтын серіктестер: Freedom Broker және KAZ Minerals, күміс серіктестер: Solidcore Resources, ITS және MYD Production, қола серіктестер: ERG, LMAX Group, Teniz Capital Investment Banking, өнеркәсіптік серіктес Allur және басқаларының қолдауымен өтеді.

    Осы сілтеме бойынша Astana Finance Days бағдарламасымен толығырақ танысып, тіркелуге болады.

    Экономикалық қарым-қатынастар

    Ұқсас материалдар

    КөрмеАяқталды

    «Astana Eurasian Book Fair-2026»: елордада халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтеді

    «Astana Eurasian Book Fair-2026»: елордада халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтеді Елордадағы Президент орталығында 22-26 сәуір күндері «Astana Eurasian Book Fair-2026» IX Халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтеді. Бұл – Орталық Азиядағы ең ауқымды мәдени-ағартушылық шаралардың бірі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің р...

    22 сәуір 2026 ж.Тікелей
    Астана
    СаммитАяқталды

    Қазақстанда Өңірлік экологиялық саммит өтеді

    2026 жылдың 22-24 сәуірі аралығында Қазақстан астанасында қоршаған орта мен су ресурстары проблемаларын талқылау және өзекті мәселелер бойынша келісімдерге қол жеткізу үшін мемлекет басшыларын, сарапшылар және халықаралық ұйымдардың жетекшілерін бір алаңда біріктіретін алғашқы Өңірлік экологиялық саммит өтеді. Іс-шара...

    22 сәуір 2026 ж.Тікелей
    Астана
    ХабарландыруАяқталды

    2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткiзу туралы

    2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткiзу туралы 2026 жылғы 11 ақпан Қазақстан Республикасы Конституцияның 44-бабының 10) тармақшасына және «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 18-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткіз...

    15 наурыз 2026 ж.Тікелей
    Казахстан
    Баспасөз конференциясыАяқталды

    🎥Ташкентте қазақ киносының күндері өтті

    2025 жылғы 13–14 желтоқсан күндері Ташкент қаласында Әлішер Науаи атындағы Ұлттық киноөнер сарайында Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясы, Өзбекстан Республикасы Мәдениет министрлігі жанындағы Кинематография агенттігі тарапынан, Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Елшілігінің қолдау...

    13 желтоқсан 2025 ж.Тікелей
    Ташкент
    КөрмеАяқталды

    2025 жылғы 3 қыркүйекте Ташкент қ. ұлы суретші Орал Тансықбаевтың 120 жылдығына арналған көрменің ашылуы

    2025 жылғы 3 қыркүйекте Ташкент қаласында ұлы суретші Орал Тансықбаевтың 120 жылдығына арналған көрменің ашылуы өтті. Өзбекстанның Бейнелеу өнері галереясында Қазақстан мен Өзбекстан мәдениеті мен өнеріндегі ең ірі оқиғалардың бірі – ХХ ғасырдың көрнекті суретшісі Орал Тансықбаевтың (1904–1974) шығармашылығына арналған...

    3 қыркүйек 2025 ж.Тікелей
    Ташкент, Галерея изобразительного искусства Узбекистана
    ФорумАяқталды

    Өзбекстанда Қазақстан медицинасы күндері

    🇰🇿🚑🇺🇿Өзбекстанда Қазақстан медицинасы күндері бірегей жобасы басталды. Іс-шараға Қазақстаннан келген 100-ге жуық түрлі саладағы дәрігерлер қатысуда. Олар Ташкент, Самарқанд, Бұхара және Ферғана облыстарындағы, сондай-ақ Қарақалпақстан Республикасындағы медициналық мекемелерде шеберлік сабақтарын, консультациялар мен х...

    13 қазан 2025 ж.Тікелей
    Ташкент, Фергана, Самарканд, Бухара, Нукус
    Халықаралық форумАяқталды

    Astana Think Tank Forum, 2025 жылғы 15–16 қазанда Астанада өтеді

    Халықаралық жүйеге деген сенімді қалпына келтіріп, поляризациядан әріптестікке қалай өтуге болады? Астана диалогқа шақырады Жаһандық поляризациядан серіктестікке өту жолдарын іздеу және халықаралық жүйеге деген сенімді қалпына келтіру бойынша нақты ұсыныстарды әзірлеу қажеттілігі қазақстандық және шетелдік пікір көшбас...

    15 қазан 2025 ж.Тікелей
    Астана
    КонференцияАяқталды

    ТМД-ға қатысушы елдердің талдау орталықтары халықаралық конференциясы «Ұзақ мерзімді ынтымақтастық үшін жаңа күн тәртібі»

    2024 жылғы 26 қыркүйекте Ташкент қаласындағы Дүниежүзілік экономика және дипломатия университетінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы елдердің талдау орталықтары халықаралық конференциясы «Ұзақ мерзімді ынтымақтастық үшін жаңа күн тәртібі» тақырыбында өтті. Конференцияның басты мақсаты – ТМД елдеріндегі процес...

    26 қыркүйек 2024 ж.Тікелей
    Ташкент