2026 жылғы 24 маусымда облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Қ.Бекімова Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасында мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбында семинар өткізді. Басқарма қызметкерлеріне мемлекеттік қызметшілердің еңбек, атқарушылық тәртібі мен қызметтік әдеп нормаларын сақтау, киімдегі іскерлік стильді сақтау, тұрмыста және жұмыста әкімшілік құқық бұзушылықтарға жол бермеу қажеттілігі туралы түсініктемелер берілді. Мемлекеттік қызметшілерге коммерциялық қызметтен, казино ставкалары мен спорт ставкаларынан қосымша табыс алуға, ҚР-да лудоманиямен күресті күшейтуге, қызметтік автокөлікті мақсатына және жұмыс уақытында пайдалануға, діни мәселелерге және басқа сұрақтар бойынша түсіндірулерге ерекше назар аударылды. Мемлекеттік қызметшілер 2026 жылғы 1 шілдеден бастап «Мемлекеттік қызмет туралы» жаңа Заң қолданысқа енгізілетінін және бірқатар өзгерістер көзделгенін таныстырды. Семинарға Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Н.Қ. Нуратов қатысты.
