2026 жылғы 29 маусымда облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Қ.Бекімова Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасының мемлекеттік қызметшілерімен мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың нормаларын сақтау және мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулер мәселесі бойынша семинар өткізді. Басқарма қызметкерлеріне мемлекеттік қызметшілердің еңбек, атқарушылық тәртібі мен қызметтік әдеп нормаларын сақтау, киімдегі іскерлік стильді сақтау, тұрмыста және жұмыста әкімшілік құқық бұзушылықтарға жол бермеу қажеттілігі туралы түсініктемелер берілді. Мемлекеттік қызметшілерге коммерциялық қызметтен, казино ставкалары мен спорт ставкаларынан қосымша табыс алуға, ҚР-да лудоманиямен күресті күшейтуге, қызметтік автокөлікті мақсатына және жұмыс уақытында пайдалануға, діни мәселелерге және басқа сұрақтар бойынша түсіндірулерге ерекше назар аударылды. Мемлекеттік қызметшілер 2026 жылғы 1 шілдеден бастап «Мемлекеттік қызмет туралы» жаңа Заң қолданысқа енгізілетінін және бірқатар өзгерістер көзделгенін таныстырды. Семинарға Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасының басшысы Н.Р.Бикенов қатысты.
