Алматы облысы бойынша 2026 жылдың 6 айындағы эпизоотиялық жағдай

    ·

    2026 жылы ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстардың аса қауіпті ауруларының 12 түрі бойынша ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар жүргізілуде, 6 айлық жоспар (8,5 млн. манипуляция) 100%-ға орындалды.

    Эпизоотияға қарсы іс-шараларды жүргізуге 5.0 млрд. теңге бөлініп, 46%-ы игерілді.

    Жыл басынан жануарлардың аса қауіпті ауруларының 2 қолайсыз ошағы тіркелді.

    Олар: Қарасай ауданы Ұмтыл ауылдық округі Учитель бау-бақша серіктестігіне (саяжай) иттердің құтыруы және Кеген ауданы Жалағаш ауылдық округі Торайғыр учаскесіндегі ұсақ мүйізді малдың брадзоты.

    Ошақтарда сауықтыру шаралары толығымен жүргізілді.

    Диагностикалық зерттеу нәтижесінде 149 бас мүйізді ірі қара мен 20 бас ұсақ мүйізді мал бруцеллезге оң нәтиже көрсетті. Ауру жануарлар Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 29.06.2015 жылғы №7-1/587 бұйрығымен бекітілген Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалардың талаптарына сай санитариялық союға өткізілді.

    Бүгінгі күні облыс аумағында эпизоотиялық жағдай тұрақты.

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Алматы облысы ветеринария басқармасына “e-Өтініш” АЖ арқылы өтініштер бойынша жиі қойылатын сұрақтардың тізбесі

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Жамбыл ауданында ауыл шаруашылығы жануарларының туберкулезі бойынша симуляциялық оқу-жаттығу өткізілді

    Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымы арасындағы қол қойылған Келісімді іске асыру шеңберінде ағымдағы жылдың 28-29 мамыр күндері Жамбыл ауданы Мыңбай ауылында «Ауыл шаруашылығы жа...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Ветеринариялық препараттар жеткізілді

    Облыс аумағында эпизоотиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында жануарлардың аса қауіпті 9 ауруының алдын алуға арналған ветеринариялық препараттардың сандық және сапалық құрамы(құс тұмауына, нодулярлы дерматитке,сүт...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Алматы облысы ветеринария басқармасының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары

    № п/п Ұсыным Аяқтау нысаны Орындауға жауаптылар Орындау мерзімі 1 2 3 4 5 1 Ауыл шаруашылығы министрлігіне келесі ұсыныстарды қамтитын бастамашылық хат жолдансын: 1. Мемлекеттік жануарлар паналарын салуға республикалық б...

    Жарияланды: