Алматы облысының Ветеринария басқармасы

    Басқарма туралы

    «Алматы облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі ветеринария саласын және ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытты басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

    Ақпарат

    Алматы облысы бойынша 2026 жылдың 9 айындағы эпизоотиялық жағдай

    2026 жылы ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстардың аса қауіпті ауруларының 12 түрі бойынша ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар жүргізілуде. 9 айлық жоспар (12,1 млн. манипуляция) 100%-ға орындалды. Эпизоотияға қарсы іс-шараларды жүргізуге 5,0 млрд. теңге бөлініп, осы мерзімде 4,0 млрд. теңгесі немесе 80%-ға игерілді. Жыл басынан жануарлардың аса қауіпті ауруларының 2 қолайсыз ошағы тіркелді. Олар: Қарасай ауданында иттердің құтыруы және Кеген ауданында ұсақ мүйізді малдың брадзот ауруы. Ошақтарда сауықтыру іс-шаралары толық көлемде жүргізілді Диагностикалық зерттеу нәтижесінде 153 бас мүйізді ірі қара мен 24 бас ұсақ мүйізді мал бруцеллезге оң нәтиже көрсетті. Ауру жануарлар Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 29.06.2015 жылғы №7-1/587 бұйрығымен бекітілген Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалардың талаптарына сай санитариялық союға өткізілді. Бруцеллез ауруымен ауырған ауыл шаруашылығы жануарларының иелеріне нарықтық құнының 30 пайызы көлеміндегі өтем ақы төлеуге жергілікті бюджеттен 19,5 млн. теңге төленді. Бүгінгі күні облыс аумағында эпизоотиялық жағдай тұрақты.

    Жарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылдың 3 тоқсанында көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша ақпарат

    Алматы облысының ветеринария басқармасы және оған бағынысты мекемелер тарапынан 4 мемлекеттік қызмет түрлері көрсетіледі, атап айтқанда: Жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатқа ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу жөніндегі қызметпен айналысуға лицензия беру; Ветеринариялық анықтама беру; Ветеринариялық паспорт беру; Ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету). 2026 жылдың 3 тоқсанындакөрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – барлығы:25 805 оның ішінде: Алматы облысының ветеринария басқармасы тарапынан ҚР электрондық лицензиялау (http://elicense.kz) арқылы жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатқа ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу жөніндегі қызметпен айналысуға 5 лицензия берілді. Алматы облысы ветеринария басқармасына бағынысты мекемелер тарапынан 12 818 ветеринариялық анықтама, 12 964 ветеринариялық паспорт беріліп, ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету) бойынша 18 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

    Жарияланды:
    Ақпарат

    «Ашық НҚА» интернет-порталында шешім жобаларының қоғамдық талқылауға шығарылғаны туралы

    Алматы облысының ветеринария басқармасы Алматы облыстық мәслихатының 2022 жылғы 29 қарашадағы №30-141 және №30-142 шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешімдерінің жобалары «Ашық НҚА» интернет-порталында қоғамдық талқылауға орналастырылғанын хабарлайды. Атап айтқанда: «Алматы облыстық мәслихатының 2022 жылғы 29 қарашадағы №30-141 «Алматы облысы бойынша жануарларды аулау, уақытша ұстау және жансыздандыру қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешімінің жобасы. «Алматы облыстық мәслихатының 2022 жылғы 29 қарашадағы №30-142 «Алматы облысының елді мекендерінде үй жануарларын ұстау және серуендету қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешімінің жобасы. Осыған байланысты, аталған шешім жобаларын талқылауға қатысуға шақырамыз. №30-141 жобасы бойынша: Мәртебесі: Қоғамдық талқылауда Жоба нұсқасы: 1-нұсқа НҚА түрі: Шешім Құрылу күні: 06.08.2026 Қоғамдық талқылау мерзімі: 21.08.2026 дейін https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15892043 №30-142 жобасы бойынша: Мәртебесі: Қоғамдық талқылауда Жоба нұсқасы: 1-нұсқа НҚА түрі: Шешім Құрылу күні: 06.08.2026 Қоғамдық талқылау мерзімі: 21.08.2026 дейін https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15892075

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Ветеринариялық препараттар жеткізілді

    Облыс аумағында эпизоотиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында жануарлардың аса қауіпті 3 ауруының алдын алуға арналған ветеринариялық препараттардың сандық және сапалық құрамы(аусылға, қарасанға, жануарлардың құтыруына қарсы)комиссиялы түрде қабылданып, арнайы автокөлікпен температуралық режимді сақтай отырып, облыстың аудандары мен Алатау, Қонаев қаласының ветеринариялық бөлімдеріне жеткізілді. Қазіргі уақытта 2026 жылға қажетті ветеринариялық препараттармен қамтылу деңгейі 74,7% құрайды.

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Алматы облысы бойынша 2026 жылдың 6 айындағы эпизоотиялық жағдай

    2026 жылы ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстардың аса қауіпті ауруларының 12 түрі бойынша ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар жүргізілуде, 6 айлық жоспар (8,5 млн. манипуляция) 100%-ға орындалды. Эпизоотияға қарсы іс-шараларды жүргізуге 5.0 млрд. теңге бөлініп, 46%-ы игерілді. Жыл басынан жануарлардың аса қауіпті ауруларының 2 қолайсыз ошағы тіркелді. Олар: Қарасай ауданы Ұмтыл ауылдық округі Учитель бау-бақша серіктестігіне (саяжай) иттердің құтыруы және Кеген ауданы Жалағаш ауылдық округі Торайғыр учаскесіндегі ұсақ мүйізді малдың брадзоты. Ошақтарда сауықтыру шаралары толығымен жүргізілді. Диагностикалық зерттеу нәтижесінде 149 бас мүйізді ірі қара мен 20 бас ұсақ мүйізді мал бруцеллезге оң нәтиже көрсетті. Ауру жануарлар Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 29.06.2015 жылғы №7-1/587 бұйрығымен бекітілген Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалардың талаптарына сай санитариялық союға өткізілді. Бүгінгі күні облыс аумағында эпизоотиялық жағдай тұрақты.

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Алматы облысы ветеринария басқармасына “e-Өтініш” АЖ арқылы өтініштер бойынша жиі қойылатын сұрақтардың тізбесі

    Жарияланды: