Облыс аумағында эпизоотиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында жануарлардың аса қауіпті 3 ауруының алдын алуға арналған ветеринариялық препараттардың сандық және сапалық құрамы (аусылға, қарасанға, жануарлардың құтыруына қарсы) комиссиялы түрде қабылданып, арнайы автокөлікпен температуралық режимді сақтай отырып, облыстың аудандары мен Алатау, Қонаев қаласының ветеринариялық бөлімдеріне жеткізілді.
Қазіргі уақытта 2026 жылға қажетті ветеринариялық препараттармен қамтылу деңгейі 74,7% құрайды.
