2026 жылғы екінші тоқсан үшін мемлекеттік қызметтерді көрсету аясында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің қызметі туралы есеп

    Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі

    2026 жылғы екінші тоқсан үшін мемлекеттік қызметтерді көрсету аясында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің қызметі туралы есеп

    1. Жалпы ереже

    «Мемлекеттік қызметтер тізіліміне» сәйкес 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. бекітілген бұйрығымен Қорғаныс министрлігімен 19 түрлі мемлекеттік қызмет (оның ішінде 18-сы электрондық форматта көрсетіледі) және 40 кіші түрі (барлығы көрсетудің электрондық форматына көшірілген) көрсетіледі. 19 мемлекеттік қызметтің ішінен 17 түрлі мемлекеттік қызмет ақысыз негізде, 2-еуі ақылы негізде көрсетіледі.

    2026 жылғы екінші тоқсан үшін Қорғаныс министрлігі 52 002 мемлекеттік қызмет көрсетті. Электрондық түрде 52 002 мемлекеттік қызмет көрсетілген.

    Есептік кезең үшін сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер мынадай қызметтер болып табылады, атап айтқанда:

    «Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке қою» - 21 309 (41%) мемлекеттік қызмет көрсетілген.

    «Әскери міндеттілерге әскери билет немесе олардың телнұсқаларын беру» - 10 917 (21%) мемлекеттік қызмет көрсетілген;

    «Әскери қызмет туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету)» - 6 862 (13,1%) мемлекеттік қызмет көрсетілген;

    1. Мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін жетілдіру бойынша іс-шаралар

    Сапалы мемлекеттік қызметтер көрсету және олардың қолжетімділігін, оның ішінде жаңа технологиялар мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалану негізінде ұлғайту, қызметтер көрсетудің бизнес-процестерін жетілдіру елдің мемлекеттік басқару саласын дамытудың басымдығы болып табылады.

    Сонымен, есепті кезеңде «Әскери міндеттілерге әскери билеттер немесе олардың телнұсқаларын беру» және «Әскерге шақырылушылар мен әскери міндеттілерді әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша даярлауға жіберу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша көрсету мерзімдері тиісінше 5 және 1 жұмыс күніне дейін қысқартылды.

    1. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бақылау

    Мемлекеттік қызметтерді көрсету аясында Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау бойынша 2026 жылғы екінші тоқсанда Қорғаныс министрлігі 17 бақылау іс-шарасын өткізді.

    Бақылау іс-шараларын жүргізу барысында мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын жоғарлату бойынша тиісті ұсыныстар берілді, сонымен бірге, мемлекеттік қызметтер көрсететін мамандарға консультациялық және практикалық көмек көрсетілді.

    Жүктеу
    Отчёт
    Отчёт
    DOCX · 18 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Бұйрық

    «Өткізуден түскен ақша өз билігінде қалатын, кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілген Қарулы Күштер мемлекеттік мекемелерінің тауарына (жұмысына, көрсетілетін қызметіне) тарифті (бағаны) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2025 жылғы 11 маусымдағы № 683 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН: «Өткізуден түскен ақша өз билігінде қалатын, кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілген Қарулы Күштер мемлекеттік мекемелерінің тауарына (жұмысына, көрсетілетін қызметіне) тарифті (бағаны) бекіту тур...

    ҚР ҚМЖарияланды:
    Бұйрық

    «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері әскери медицина мамандарын даярлау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 тамыздағы № 483 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН: «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері әскери медицина мамандарын даярлау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 тамыздағы № 483 бұйрығына (Нормативтік құқықтық...

    ҚР ҚМЖарияланды:
    Бұйрық

    «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орталық архивінен шығатын архивтік анықтамаларға және архивтік құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 19 маусымдағы № 281 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН: «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орталық архивінен шығатын архивтік анықтамаларға және архивтік құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қа...

    ҚР ҚМЖарияланды:
    Бұйрық

    «Тыйым салынған аймақтар мен ұшуға шектеу қойылған аймақтар аумағының үстінен ұшып өтуге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметімен және ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісілгеннен кейін арнайы рұқсат беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 2 маусымдағы № 250 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН: «Тыйым салынған аймақтар мен ұшуға шектеу қойылған аймақтар аумағының үстінен ұшып өтуге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметімен және ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісілгеннен кейін арнайы р...

    ҚР ҚМЖарияланды:
    Бұйрық

    "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери қызметшілерінің жеке істерін ресімдеу, есепке алуды жүргізу және сақтау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2026 ж. 25 тамыздағы № 960 бұйрығы

    ҚР ҚМЖарияланды:
    Ақпарат

    Ақпарат Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің қабылданған заңнамалық актілерді іске асыру туралы

    ҚР ҚМЖарияланды:
    Бұйрық

    ««Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 10 шiлдедегi № 322 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2026 жылғы 10 тамыздағы № 899 бұйрығы

    «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020...

    ҚР ҚМЖарияланды:
    Бұйрық

    «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жеке құрамымен тәрбие, әлеуметтік-құқықтық, психологиялық және идеологиялық жұмысты ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2022 жылғы 13 қазандағы № 911 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2026 жылғы 27 шілдеге № 834 бұйрығы

    «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жеке құрамымен тәрбие, әлеуметтік-құқықтық, психологиялық және идеологиялық жұмысты ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2022 жылғы 1...

    ҚР ҚМЖарияланды: