«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жеке құрамымен тәрбие, әлеуметтік-құқықтық, психологиялық және идеологиялық жұмысты ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2022 жылғы 13 қазандағы № 911 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
- «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жеке құрамымен тәрбие, әлеуметтік-құқықтық, психологиялық және идеологиялық жұмысты ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2022 жылғы 13 қазандағы № 911 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30165 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жеке құрамымен тәрбие, әлеуметтік-құқықтық, психологиялық және идеологиялық жұмысты ұйымдастыру қағидаларында:
52-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерін зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет саясатын, этносаралық және конфессияаралық келісім негіздерін, құрылымды бұзатын және радикалды идеология мәнін түсіндіру мақсатында діни тұрғыдан сауаттандыру;»;
88-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«9) моральдық-психологиялық ахуалды оңтайландыруды, қызметтік ұжымда достық, жолдастық, өзара көмек атмосферасын, әрбір әскери қызметшінің абыройы және ар-намысын құрметтеуді қолдауды;»;
117-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) әскери бөлімдер мен мекемелерде жеке құраммен тәрбие, әлеуеметтік-құқықтық, психологиялық және идеологиялық жұмысты ұйымдастыру және жүргізу, мемлекет идеологиясын, ел басшылығы қабылдайтын қорғаныс қабілетін нығайту, этносаралық және конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету жөніндегі шараларды түсіндіру;».
- Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.
- Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі
авиация генерал-лейтенанты Д. Қосанов