ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджет бойынша
Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті
001 бюджеттік бағдарлама
«Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, өнеркәсіптік қауіпсіздік, мемлекеттік материалдық резерв саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыруды ұйымдастыру»
Осы бюджеттік бағдарлама бойынша мынадай көлемде бюджет қаражаты көзделген:
* 2026 жылға – 5 068 243,0 мың теңге;
* 2027 жылға – 5 075 524,0 мың теңге;
* 2028 жылға – 5 079 081,0 мың теңге.
Бюджеттік бағдарламаның мақсаты
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметін қамтамасыз ету мақсатында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету, азаматтық қорғанысты ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаттарын іске асыру, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру, сақтау және пайдалану, сондай-ақ авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының қызметін ұйымдастыру.
Бюджеттік бағдарламаның сипаттамасы (негіздемесі)
Бағдарлама шығыстары Төтенше жағдайлар министрлігінің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметін қамтамасыз етуге бағытталған.
Ағымдағы жағдайдың қысқаша сипаттамасы
Атырау облысы Қазақстан Республикасының батыс бөлігінде орналасқан. Облыстың жалпы аумағы 118 мың шаршы шақырымды құрайды, бұл республика аумағының 4,3 %-ын құрайды.
Облыс Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарымен, сондай-ақ Ресей Федерациясының Астрахань облысымен шектеседі.
2023 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша облыс халқының саны 702,3 мың адамды құрайды.
Анықтама ретінде: облыс құрамына 2 қала (оның ішінде 1 облыстық, 1 аудандық маңызы бар қала), 7 аудан, 4 кент және 64 ауылдық округ кіреді.
Бюджеттік бағдарлама 3 бюджеттік кіші бағдарлама бойынша іске асырылады.
100 бюджеттік кіші бағдарлама
«Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, өнеркәсіптік қауіпсіздік және мемлекеттік материалдық резерв саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен іске асыруды ұйымдастыру»
Аталған бюджеттік кіші бағдарлама Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы №720 «Қазақстан Республикасының құқық қорғау жүйесін одан әрі дамыту шаралары туралы» Жарлығында айқындалған мақсаттар мен міндеттерді іске асыруға, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған.
Екі есепті қаржы жылы бойынша бюджеттік кіші бағдарламаның орындалуы
2023 жыл
Осы бюджеттік кіші бағдарлама бойынша 683 193,8 мың теңге көлемінде қаражат көзделді. Игерілуі 681 723,4 мың теңгені құрады.
Игерілмеген қаражат – 1 470,4 мың теңге, оның ішінде:
* 143 ерекшелік бойынша – 1 440,0 мың теңге, техникалық ерекшеліктің талаптарға сәйкес келмеуіне байланысты;
* 321 ерекшелік бойынша – 21,3 мың теңге, қызметкердің басқа қызметке ауысуына байланысты;
* әртүрлі ерекшеліктер бойынша қалдық – 9,1 мың теңге.
2024 жыл
Осы бюджеттік кіші бағдарлама бойынша 159 688,9 мың теңге көлемінде қаражат көзделді.
Игерілуі 159 688,5 мың теңгені құрады.
Игерілмеген қаражат – 0,4 мың теңге, ол әртүрлі ерекшеліктер бойынша қалыптасқан қалдық болып табылады.
2026 жылға арналған шығыстар
2026 жылға осы бюджеттік кіші бағдарлама бойынша 1 004 105,0 мың теңге көлемінде қаражат көзделген.
Бұл қаражат мынадай іс-шараларды қаржыландыруға бағытталады:
111 ерекшелік – «Еңбекақы төлеу» – 510 018,0 мың теңге.
Аталған қаражат штат саны 102 бірлікті құрайтын азаматтық қызметшілердің еңбекақысын төлеуге көзделген.
Есептеу кезінде 17 697 теңге мөлшеріндегі базалық лауазымдық айлықақы ескерілді.
2025 жылмен салыстырғанда қаржы көлемінің ұлғаюы еңбек өтілінің артуына, айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) өсуіне және сыныптық біліктілігі үшін үстемеақы алушылар санының көбеюіне байланысты.
* 2027 жылға – 510 018,0 мың теңге;
* 2028 жылға – 510 018,0 мың теңге.