АНАЛИТИКАЛЫҚ АНЫҚТАМА
Атырау облысының аумағында 2025 жылдың маусым айында орын алған төтенше жағдайлар фактілері бойынша
2025 жылдың маусым айында облыс аумағында 170 (2024 ж. - 166) табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар тіркелді, 2024 жылмен салыстырғанда – +2,4% көбейді .
Бұл ретте есепті кезеңде төтенше жағдайлар салдарынан 30 адам зардап шекті, 2024 жылмен салыстырғанда (2024ж.-21 адам) – +42,8 % көбейіп отыр, оның ішінде қаза болғандар -11 (2024ж. -13), қаза болғандар саны – -15,3% азайды.
Материалдық шығын 98 млн. 97 мың ( 2024ж.- 57 млн. 927 мың ).
Техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың саны 155 (2024ж.-153) жағдайды құрады (ТЖ жалпы санының 91,2), 2024 жылдың салыстырмалы кезеңімен техногендік ТЖ саны +1,3 % көбейді.
Зардап шеккендер - 30 адам (2024 ж.-19), қаза тапқандар -7 (2024 ж. - 11).
Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың саны 15 (2024ж.- 13)
(ТЖ жалпы санының 8,8%), 2024 жылдың салыстырмалы кезеңімен табиғи ТЖ саны +15,3% көбейді.
Зардап шеккендер жоқ (2024ж. -2), қаза тапқандар - 4 (2024ж. -3).
Төтенше жағдайлардың өзгеріс динамикасы және салдары төмендегідей:
- жалпы өрт саны 10 жағдайға көбейді;
- жалпы төтенше жағдайлар саны 4 жағдайға көбейді;
- жалпы зардап шеккендер саны +42,8% көбейді;
- жалпы қаза болғандар саны - -15,3 % азайды.
Тіркелген ТЖ санын облыстың қала, аудан аумақтарына бөлетін болсақ, ен көп төтенше жағдайлар саны Атырау қаласында –59,4% (101); Жылыой ауданы-12,3% (21 ); Қызылқоға ауданы – 2,9% (5); Құрманғазы ауданы- 9,9% (17); Индер ауданы – 3,5% (6); Мақат ауданы – 2,3% (4); Исатай ауданы - 3,5% (6) Махамбет ауданы- 5,8% (10);
2025 жылдың маусым айының ТЖ саны, зардап шеккендер мен қаза болғандар, аудандар бойынша МӘЛІМЕТ
Қала, аудан атауы |
жалпы өрт саны |
жалпы ТЖ саны |
жалпы ТЖ алғанда % |
зардап шеккендер |
оның ішінен қаза болғандар |
Атырау қаласы |
94 |
101 |
93,1 |
14 |
5 |
Махамбет ауданы |
7 |
10 |
70 |
- |
1 |
Индер ауданы |
7 |
6 |
116,6 |
- |
- |
Исатай ауданы |
6 |
6 |
тұрақты |
- |
- |
Құрманғазы ауданы |
17 |
17 |
тұрақты |
- |
2 |
Мақат ауданы |
5 |
4 |
125 |
- |
- |
Жылыой ауданы |
19 |
21 |
90,4 |
15 |
3 |
Қызылқоға ауданы |
4 |
5 |
80 |
1 |
- |
Барлығы: |
159 |
170 |
93,5 |
30 |
11 |
Техногендік төтенше жағдайлар
(ірі көлік апаттары мен оқиғалары; өндірістік және тұрмыстық өрттер; техногендік сипаттағы келенсіз жағдай; өндірістік авариялар және қауіпсіздік ережесін бұзу; тіршілікті қамтамасыз ету жүйесіндегі авариялар)
Техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың саны 155 (2024 ж.-153) жағдайды құрайды, зардап шеккендер – 30 адам, қаза тапқандар -7.
-147 (2024-149) - өндірістік және тұрмыстық өрттер, жарылыстар, техногендік сипаттағы жазатайым оқиғалар;
- 3 (2024-0) мұнай-газ, мұнай-химия, мұнай өңдеу салаларындағы апат;
- 2 (2024-3) газ-ауа қоспасының жарқылы;
- 1 (2024-0) ғимараттардың кенеттен құлауы;
-1 (2024-1) көміртегі тотығымен улану;
- 1 (2024-0) көлік апаттары.
- 0 (2024-0) электр энергетикалық жүйелердегі апат;
- 0 (2024-0) кәсіпорын ішіндегі мұнай құбырларындағы апат;
- 0 (2024-0) өндірістік апат;
- 0 (2024-0) ғарыштық сипаттағы ТЖ;
ӨРТТЕР
Ағымдағы жылдың маусым айында облыс аумағында 159 (2024 ж. – 148) өрт болды, оның ішінде 12 адам жарақат алды (2024 ж. -10), қаза тапқандар - 7 (2024 ж.-8) болды.
Өрттердің себептері: электр жабдықтарын монтаждау мен техникалық пайдалануды бұзушылықтар – 80 жағдай, отпен абайсыз жұмыс істеу - 43 жағдай; тұрмыстық электржабдықтарын орнату және пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзу – 5 жағдай; пештерді орнату және пайдалану кезіндегі ӨҚҚБ – 7 жағдай; қасақана от қою -5; өрттің басқа себептері – 6; анықталмаған себептер -0; бензин, керосин, газ құрылғыларын қолдану кезінде ӨҚҚБ -2, балалардың отпен ойнауы – 5, жарылыстар – 1, мас күйінде төсекте темекі шегу – 2.
Өрттердің пайда болуының орындары: тұрғын үйде – 81; автокөліктерде - 36; қоғамдық орындарда және көшеде – 15; сауда кәсіпорындарында - 7; орман - 12; монша-кір жуу кешендері -1; қоғамдық-әкімшілік ғимараттар -4; қоймалар мен базаларда - 1.
Көміртегі тотығымен улану
6.01. 2025 ж. Атырау қ., Жұмыскер-2 ықшам ауданы, Б.Шолақ к-сі, № 11 үйден газ қазандығының ақаулығына байланысты табиғи газбен улану белгілері бар 2005 жылы туған А.Онайғали және 1998 жылы туған Н.Онайғали ауруханаға жатқызылды.
Мұнайгаз, мұнайхимия, мұнай өңдеу салаларындағы апат
10.01.2025 ж. Атырау қ., Қабдолов көшесі №1 «Атырау мұнай өңдеу зауыты» (АМӨЗ) ЖШШ аумағындағы №33 резервуарда Д-600 мм құбырда тауарлық автобензин құрауыштарының өткізілгені анықталды, нәтижесінде алаңға көлемі 20-30 тонна құю орын алды. АМӨЗ қызметкерлері ақаулы учаскені аварияны жою жоспарына сәйкес жойып, сору жұмыстарын жүргізді. Қалпына келтіру жұмыстары толық көлемде аяқталды. Технологиялық процесс бұзылмаған, мұнай өнімдерін өндіру және жөнелту жоспарға сәйкес жүзеге асырылды.
23.01.2025 ж. Атырау қ., Қабдолов көшесі №1 «Атырау мұнай өңдеу зауыты» (АМӨЗ) ЖШШ аумағындағы № 38/1 резервуарда (шикізат паркі баяу кокстау қондырғысы, көлемі 2000 м3) химиялық заттың (гудрон) жылыстауы анықталды. Резервуардың түбінен өткізу алдын ала себеп болып табылады. Оқиға процеске әсер еткен жоқ.
6.03.2025 ж. Жылыой ауданы, «Западная Прорва» кен орнында («Жылыоймұнайгаз» МГӨБ тиесілі) № 437 ұңғымада (консервацияда болған) одан әрі жұмыстар үшін диаметрі 73 мм сорғы-компрессорлық құбырды түсіру кезінде газ тұтанады (алаудың биіктігі шамамен 40 метр). Алаудың пайда болуы салдарынан «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ-не тиесілі ұңғыманың жанында орналасқан автокранының артқы бөлігі жанып кеткен. Өрт «Семсер өрт сөндіруші» ЖШС күшімен жойылды, автокран бульдозермен қауіпсіз қашықтыққа ауыстырылды.
Көлік апаты (катастрофа)
1.03.2025 ж. Атырау қ., Теңдік ст., күзетілмейтін өтпеде тіркемесі бар «Камаз» маркалы автокөлігі «Маңғышлақ-Атырау» бағытындағы жүк поездымен соқтығысып, 150 метр теміржол зақымдаулымен 12 вагон аударылды. ТЖД ЖҚЖ күштерімен зақымданған локомотив вагонынан поезд машинистері 1987 жылғы Д.Амангелді, 1993 жылғы Табылды және 1998 жылғы Ж.Жақсығали жағдайы ауыр түрде ауруханаға жеткізілді.
Газ ауа қоспасының жарқылы
29.04. 2025 ж. Қызылқоға ауданы, Сағыз ауылынан 15 шақырым жерде «TUMAR PETROL» ЖШС-нің «Сағыз» учаскесінде сағалық арматураны бұзып, ГВС жарылысы болды. Нәтижесінде «Мұнай ХимСервис» ЖШС инженер-технологы 1988 ж.т. М.Малтықбаев жарақат алып, ауыр халде ауруханаға жеткізілді.
30.05.2025 ж. Жылыой ауданы, Құлсары қаласында «Ниет» жанар май құю бекетінде автоцистернадан стационарлық цистернаға газ құю кезінде жалпы алаңы 450 ш.м. жарылыс орын алып, салдарынан 16 адам жарақат алды, оның ішінде 1980 жылы туған М.Сарбасова мен 1977 жылы туған Б.Ибетов қайтыс болды.
Ғимараттың кенеттен құлауы
22.04.2025 ж. Атырау қаласы, Студентческая көшесі, Қ.Досмұхамедов атындағы МБА жатақханасы ғимаратының бір бөлігінде қирау болғаны туралы хабарлама түсті. Құлау ғимараттың ортасында бесінші қабаттан бірінші қабатқа дейін болды. Университеттің шаруашылық бөлімі 2022 жылғы қарашада № 2 жатақхананың 1-қабатындағы қабырғада ақау анықтады (1972 ж.). Атырау облысы МСҚБ басқармасы мамандарының тексеруіне сәйкес қатар орналасқан 2 жатақхана тұруға қауіпті деп танылды. Осыған байланысты студенттер басқа жатақханаларға орналастырылды.
ТАБИҒИ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР
(гидрометеорологиялық және геологиялық құбылыс, судағы жағдай, табиғи өрттер, қауіпті жұқпалы аурулар және адамдардың улануы, қауіпті жануарлардың жаппай ауруы, зиянкес өсімдіктердің жаппай таралуы)
Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың саны 15 (2024 ж.-13) зардап шеккендер жоқ (2024 ж.-2), қаза тапқандар - 4 (2024 ж.-3).
- 3 (2024-3) суда орын алған оқиғалар;
- 12 (2024-3) табиғи өрттер;
- 0 (2024-0) адам аурулары (пандемия);
- 0 (2024-0 ) тамақтан улану;
- 0 (2024-0) жануарлардың жаппай ауруы;
- 0 (2024-0) газ тәрізді заттармен улану;
-0(2024-2) метеорологиялық және агрометеорологиялық қауіпті
құбылыстар;
- 0 (2024-0) балықтардың жаппай қырылуы;
- 0 (2024-5 ) гидрологиялық қауіпті құбылыстар;
- 0 (2024-0) ауылшаруашылық өсімдіктерінің аурулар мен зиянкестермен зақымдануы.
Судағы оқиғалар
03.04.2025 ж. Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Каспий теңізінде (жағалаудан 70 км) «Каспий Таңы» өндірістік кооперативінің күшімен 1981 жылы туылған Ж.Жапаров пен 1991 жылы туылған Р.Өтеулиевтің («Каспий Таңы» ӨК қызметкерлері) денелері табылып, теңізден шығарылды.
03.05.2025 ж. Атырау қаласы, Еркінқала ауылында Жайық өзеніне жүзу кезінде моторлы қайықтан құлап, 2007 жылы туылған А.Қожик суға батып кетті. 11.05. 2025 жылы А.Қожиктің мәйіті табылып, судан шығарылды.
11.06.2023 ж. Атырау облысы , Махамбет ауданы, Ақжайық ауылында Жайық өзенінен суға түсу кезінде батып кеткен 2023 жылы туылған А.Жолдастың мәйіті табылып, судан шығарылды.
Табиғи өрттер
14.03.2025 ж. Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылынан 40 км. Құрманғазы орманшаруашылығының аумағында 58, 59-кварталда (сулы-батпақты жер) қамыс өсімдіктерінің тұтанғаны туралы ақпарат келіп түсті. Өрттің жалпы ауданы 23 га құрайды, оның ішінде 5 га сөндірілді, 18 га өздігінен жойылды. Елді мекендерге қауіп төнген жоқ.
15.03.2025 ж. Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылынан 40 км. Құрманғазы орманшаруашылығының аумағында 56-кварталда (сулы-батпақты жер) қамыс өсімдіктерінің жанып жатқаны туралы ақпарат келіп түсті. Қамыстың жануы толығымен жойылды.
21.03.2025 ж. Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылынан 70 км. Құрманғазы орманшаруашылығы аумағында 33, 34 квартал (сулы-батпақты жер), қамыс өсімдіктерінің өртенуі туралы ақпарат келіп түсті. Қамыстың жануы толығымен жойылды. Елді мекендерге қауіп төнген жоқ
06.04.2025 ж. Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылынан 70 км. Құрманғазы орманшаруашылығының аумағында № 42,47,56 кварталда (сулы-батпақты жер) 14 га жерде қамыс өсімдіктерінің жануы болды. Қамыстың жануы толығымен жойылды. Елді мекендерге қауіп төнген жоқ.
16.04.2025 ж. Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылынан 70 км. Құрманғазы орманшаруашылығы аумағында № 24, 37, 38, 44, 45, 47, 36, 8, 13, 14 9, 15 кварталда (сулы-батпақты жер) 455 га алаңда қамыс өсімдіктерінің жануы орын алды. Қамыстың жануы толығымен жойылды. Елді мекендерге қауіп төнген жоқ.
01.05.2025 ж. Атырау қаласынан 40 шақырым қашықтықта Каспий теңізінің жағалауында ашық аумақта 475 га. алаңда қамыс өсімдіктері жанып кетті (резерват аумағына жатпайды). ТЖД күштері 75 га. жуық жерді сөндірді, 400 га. өздігінен жойылды, өрттің жалпы ауданы 475 га. құрайды.
14.05.2025 ж. Жылыой ауданы, Құлсары қаласынан 75 шақырым қашықтықта ашық аумақта 300 га. алаңда құрғақ шөп жанып кетті (оның 295-і өздігінен жойылды). Зардап шеккендер жоқ.
1.06.2025 ж. Атырау қаласы, Дамба ауылынан 20 шақырым қашықтықта «Ақжайық» МДП аумағында 1050 га. қамыстың жануы орын алды.
4.06.2025 ж. Атырау қаласы, Дамба ауылынан 25 шақырым қашықтықта «Ақжайық» МДП аумағында 5 га. қамыстың жануы орын алды.
13.06.2025 ж. Атырау қаласы, Еркінқала ауылынан 15 шақырым қашықтықта «Ақжайық» МДП аумағында 1510 га. қамыстың жануы орын алды.
22.06.2025 ж. Атырау қаласы, Дамба ауылында «Ақжайық» МДП аумағында 5 га қамыстың жануы орын алды.
23.06.2025 ж. Атырау қалысы, Дамба ауылында «Ақжайық» МДП аумағында 0,8 га қамыстың жануы орын алды.
Өрт қауіпсіздігі
Өрт қауіпсіздігі саласында 469 (2024ж.-263) тексеру жүргізілді, 1157 (2024ж.-1108) өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу анықталды, оның нәтижелері бойынша 156 ұйғарым берілді.
Әкімшілік жауапкершілікке - 116 адам (2024ж.-288) тартылды, оның ішінде - 116 адамға (2024ж.-30), ескерту түрінде - 0 (2024ж.-258) 4 млн. 29 мың 700 тг. (2024 ж. - 1 млн. 855 мың 230 теңге) айыппұл салынды.
Әкімшілік хаттамалар сотқа жіберілді - 14 (2024 ж. - 1).
Құтқару операцияларын жүргізу
Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаментімен «АМО» АФММ бірлесіп 1 527 жедел шығу жүзеге асырылды, 98 адам құтқарылды, 138 адам эвакуацияланды.