Ішкі конкурс

    Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті

    Ішкі конкурс

    Ішкі конкурсқа қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар:

    Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті ақпараттандыру, цифрландыру және байланыс бөлімінің бастығы лауазымына конкурс жариялайды.

    Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті ақпараттандыру, цифрландыру және байланыс бөлімінің бастығы лауазымына мынадай талаптар белгіленеді:

    C-SVО-4санаты үшін: нақты функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары білім.

    Жұмыс өтілі келесі талаптардың біріне сәйкес келуі керек:

    1) құқық қорғау қызметінде жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, соның ішінде осы санаттардағы нақты лауазымның тиісті бейіндік бағыты бойынша жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде нақты құрылымдық бөлімшенің штат кестесінде көзделген келесі төмен тұрған санаттағы немесе C-GP-7, C-AGP-8, C-KSGP-5, C-KAGP-5, C-VP-5, C-TP-7, C-OGP-7, C-OKSGP-5, B-FM-6, B-FMО-5, C-SV-8, C-SVО-5, C-SVО-7 (C-SVR-3 санатындағы лауазымға орналасу үшін), C-SVR-4, C-SVU-5, C-SN-4, С-SSP-3, C-SGU-8 санаттарынан төмен емес лауазымдарда екі жылдан кем емес;

    2) арнаулы мемлекеттік органдарда не әскери қызметте алты жылдан кем емес қызмет өтілі, оның ішінде облыстық (республикалық маңызы бар қала және астана) деңгейдегі арнаулы мемлекеттік органдардың немесе әскери басқару органының немесе әскери оқу орындарының құрылымдық бөлімшелерінің басшыларынан төмен емес лауазымдарда екі жылдан кем емес;

    3) облыстық және оларға теңестірілген соттардан (Республика астанасының қалалық сотынан, республикалық маңызы бар қалалардың қалалық соттарынан) төмен емес соттарда судья лауазымында жұмыс өтілі жеті жылдан кем емес;

    4) саяси немесе әкімшілік лауазымдарда жұмыс өтілі жеті жылдан кем емес, оның ішінде осы санаттардағы нақты лауазымның тиісті бейіндік бағытына сәйкес келетін "А" корпусындағы және (немесе) А-1, B-1, C-1, C-O-1, D-O-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

    5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі сегіз жылдан кем емес, оның ішінде орта немесе ірі кәсіпкерлік ұйымдарының, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор басшысы лауазымдарында екі жылдан кем емес;

    6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі жеті жылдан кем емес, оның ішінде Президенттік жастар кадр резервіне қабылданған адамдар үшін басшылық лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.

    Азаматтық қорғау органдары қызметкерінің лауазымдық жалақысы:

    Санаттар

    Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

    min

    max

    C-SVО-4

    324 395

    398 965

    «ҚазақстанРеспубликасы Төтенше жағдайлар министрлігі Атырауоблысының Төтенше жағдайлар департаменті» ММ(бұдан әрі - Департамент),Атырау қ., Мұхтар Әуезова даңғылы 53а, 308-бөлме, пошта мекенжайы: 060003, анықтама үшін телефон: 8 (7122) 45-01-01, эл.мекенжайы:[email protected] ,бос лауазымға орналасуғаішкі конкурс жариялайды:

    1. Атырау облысының ТЖД ақпараттандыру цифрландыру және байланыс бөлімінің бастығыC-SVО-4санаты.

    Лауазымдық нұсқаулықтар:

    1) қағидаттарды айқындайтын құжаттарды әзірлеуге қатысады және техникалық саясатты жетілдіру бағыттарын әзірлейді

    ақпараттандыру, цифрландыру және байланыс желісі бойынша техникалық ерекшеліктерді келіседі;

    2) Департаменттің бөлімшелерінің мүдделері үшін ақпараттандыру және байланыс саласындағы перспективалық әзірлемелер мен техникалық шешімдерді қарауды жүзеге асырады;

    3) бөлімінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Департаменттің бөлімшелеріне әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді;

    4) бөлімінің құзыретіндегі мәселелерді регламенттейтін нормативтік құқықтық актілердің мониторингін жүзеге асырады, оларды өзектендіру бойынша ұсыныстарды қалыптастыруға қатысады;

    5) жұмыс топтарының және басқа да кеңесші органдардың қызметіне, бөліміңің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестерге және өзге де іс-шараларға қатысады.

    6) ақпараттандыру және байланыс жүйелерін дамытуды, оларды бейбіт және соғыс уақытында пайдалануға дайын ұстауды жүзеге асырады;

    7) Департаменттің бөлімшелерінде ақпараттандыру және байланыс құралдарына қажеттілікті айқындау жөнінде ұсыныстар дайындайды;

    8) ақпараттандыру, цифрландыру және байланыс желісі бойынша Департаменттің бюджеттік өтінімін қалыптастырады;

    9) ақпараттандыру және байланыс құралдарының жұмыс істеуін қамтамасыз етедіДепартаменттің бөлімшелерінде;

    10) ведомстволық ақпараттық ресурстарға және басқа мемлекеттік органдардың ақпараттық ресурстарына қол жеткізудің техникалық мүмкіндігін қамтамасыз етеді;

    11) Департаменттің кеңестеріне техникалық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді;

    12) күштерді басқару үшін байланысты ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларға қатысадыжәне қауіп төнген кезде азаматтық қорғау органдары бөлімшелерінің қаражатыменТЖ туындағанда, сондай-ақ күнделікті қызмет режимінде;

    13) азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің, ахуалдық-дағдарыстық орталықтардың корпоративтік ақпараттық-коммуникациялық жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

    14) Департаменттің ақпараттық-телекоммуникациялық ортасының тұтастығын қамтамасыз етеді;

    15) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша басқа мемлекеттік және мемлекеттік емес қызметтермен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;

    16) Департаменттің ақпараттық-телекоммуникациялық инфрақұрылымының жай-күйіне, дайындығына және тәуекелдерінің бар-жоғына талдау жүргізеді;

    17) халықты құлақтандыру жүйесіне техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастырады;

    18) облыс аумағында халықты құлақтандыру құралдарының есебін жүргізеді;

    19) халықты хабардар ету жүйесін дамыту және жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;

    20) халықты хабардар ету жүйесін жаңғырту жөніндегі техникалық шешімдер мен ерекшеліктерді әзірлейді;

    21) халықты хабардар ету жүйелерін енгізу мәселелері бойынша Департаменттің аудандық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырады және үйлестіреді;

    22) халықты құлақтандыру бойынша жаттығуларды жоспарлайды және өткізеді;

    23) электр сиреналарының (сирень-сөйлеу қондырғыларының) және оларды іске қосу бойынша тиісті жабдықтардың жарамдылығына жоспарлы техникалық тексерулер жүргізеді.

    Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: «Өрт қауіпсіздігі», «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару ісі», «Төтенше жағдайларда қорғау», «Азаматтық қорғаныстың командалық тактикалық күштері», «Ақпараттық жүйелер», «Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері», «Автоматтандыру және басқару», «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету», «Радиотехника, электроника және телекоммуникация», «Заңтану», «Құқық», «Құқық қорғау қызметі», «Есептеу техникасы мен автоматтандырылған жүйелерді бағдарламалық қамтамасыз ету», «Информатика», «Математикалық және компьютерлік модельдеу», «Әскери іс және қауіпсіздік», «Сот сараптамасы», «Техносфералық қауіпсіздік», «Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою», мамандықтары.

    Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

    Конкурсқа қатысу үшін кандидат хабарландыру жарияланған күннен кейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей Атырау облысының ТЖД Кадр және тәрбие жұмысы басқармасына өтініш береді (өтініш нысаны қоса беріледі).

    Өтінішке қоса беріледі:

    1)жұмыстағы негізгі көрсеткіштерді және нақты жетістіктерді (еркін нысанда) көрсететін қызметтік қызмет нәтижелері бар қызметтік мінездеме;

    2) басшы құрам қатарындағы қызметкерлердің ұсынымдары (еркін нысанда);

    3) АҚО-да кәсіптік қызметтік және дене шынықтыру даярлығын жүргізетін қызмет растаған қызметкердің кәсіптік қызметтік және дене шынықтыру даярлығы деңгейін жыл сайынғы қорытынды тексерудің анықтамасы (еркін нысанда);

    4) АҚО кадр қызметінің басшысы куәландырған кадр резервіне алу туралы бұйрықтан үзінді көшірме (бар болса).

    Ішкі конкурс үшін құжаттарды қабылдау мерзімі 5 жұмыс күні, ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейінгі келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

    Азаматтық қорғау органдарында
    жоғары тұрған басшы
    лауазымдарға конкурс өткізу
    шарттары мен қағидаларына
    1-қосымша

    Нысан

    Атырау облысы

    Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы полковникН.Жанабаевқа
    ___________________
    (Тегі, аты, әкесінің аты
    (ол бар болған жағдайда))


    Өтініш

    Мені _______________________________ бос лауазымына орналасуға конкурсқа қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

    Азаматтық қорғау органдарында жоғары тұрған басшы лауазымдарға конкурс өткізу шарттарымен және тәртібімен таныстым, оларды орындауға келісемін.

    _________________________________________ ____________ (Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған дағдайда)) (қолы және күні)

    Байланыс деректері:

    Жұмыс және ұялы телефон номірі _________________________

    Электрондық мекенжайы _________________________________________

    Тұрғылықты мекенжайы _________________________________

    Жұмыс мекенжайы _____________________________________________

    20___ жылғы "____" ___________ .

    рабочий адрес ______________________________________

    "____" ___________ 20___ года.

    Жүктеу
    89642d76e51757f4b5347a3e3b662c68_original.29703.docx
    DOCX · 29 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 2026 жылғы 6 ай ішіндегі құжатайналымы және «е-Өтініш» ақпараттық – жүйесі бойынша ақпарат

    Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 2026 жылғы 6 ай ішіндегі құжатайналымы және «е-Өтініш» ақпараттық – жүйесі бойынша ақпарат (2025 жылдың 6 айымен салыстырғанда) Атырау облысы Төтенше жағдайлар департамент...

    Кесте

    2026 жылғы 3 тоқсан бойынша Атырау қаласы ТЖБ басшылығының жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесі

    Кесте

    2026 жылғы 3 тоқсан бойынша Атырау облысы ТЖД басшылығының жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесі

    Кесте

    2025 жылғы 4 тоқсан бойынша Атырау облысы ТЖД басшылығының жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесі

    Статистика

    АНАЛИТИКАЛЫҚ АНЫҚТАМА Атырау облысының аумағында 2025 жылдың маусым айында орын алған төтенше жағдайлар фактілері бойынша

    АНАЛИТИКАЛЫҚ АНЫҚТАМА Атырау облысының аумағында 2025 жылдың маусым айында орын алған төтенше жағдайлар фактілері бойынша 2025 жылдың маусым айында облыс аумағында 170 (2024 ж. - 166) табиғи және техногенді сипаттағы т...

    Бюджет қаражатының атқарылуы туралы мәлімет

    Қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету

    Ағымдағы кезеңде маусым айының қорытындысы бойынша республикалық бюджеттен Төтенше жағдайлар департаментіне (ТЖД) төлемдер бойынша 1 750 017,5 мың теңге бөлінді, оның ішінде 1 747 591,2 мың теңге игерілді немесе 99,9%. О...

    Бюджет қаражатының атқарылуы туралы мәлімет

    2025 жылғы 28 шілдедегі жағдай бойынша бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) игерілуіне мониторинг

    Бюджет

    Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті бойынша 2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджетке түсіндірме жазба

    ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА 2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджет бойыншаАтырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті 001 бюджеттік бағдарлама«Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды...