АНАЛИТИКАЛЫҚ АНЫҚТАМА Атырау облысының аумағында 2024 жылдың 12 айында орын алған төтенше жағдайлар фактілері бойынша

    ·

    АНАЛИТИКАЛЫҚ АНЫҚТАМА

    Атырау облысының аумағында 2024 жылдың 12 айында орын алған төтенше жағдайлар фактілері бойынша

    2024 жылдың 12 айында айында облыс аумағында 318 (2023 ж. - 294) табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар тіркелді, 2023 жылмен салыстырғанда +8,1% көбейді .

    Бұл ретте есепті кезеңде төтенше жағдайлар салдарынан 62 адам зардап шекті, (2023ж.-36 адам) 2023 жылмен салыстырғанда -+1,7есегекөбейіп отыр, оның ішінде 27 адам қаза болды (2023ж. -15), қаза болғандар саны –+1,8есегекөбейді.

    Материалдық шығындар – 57 млн.927 мың тг.(2023ж.- 75 млн. 897 мың тг.- 23,6%).

    Техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың саны 289 (2023 ж.- 268)жағдайды құрады (ТЖ жалпы санының 90,8%), 2023 жылдың салыстырмалы кезеңімен техногендік ТЖ саны 7,8% көбейді.

    Зардап шеккендер - 37 адам (2023 ж.-21), қаза тапқандар - 16 (2023 ж. - 5).

    Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың саны 29 (2023ж.-26) жағдайды құрады (ТЖ жалпы санының 9,8%), 2023 жылдың салыстырмалы кезеңімен табиғи ТЖ саны 1,5%көбейді.

    Зардап шеккендер 25адам, (2023ж. -15), қаза тапқандар 11 адам (2023ж. -10).

    Төтенше жағдайлардың өзгеріс динамикасы және салдары төмендегідей:

    - жалпы өрт саны 8жағдайғакөбейді;

    - жалпы төтенше жағдайлар саны 24 жағдайғакөбейді;

    - жалпы зардап шеккендер саны -1,7есеге көбейді;

    - жалпы қаза болғандар саны -1,8 есеге көбейді.

    2024жылдың желтоқсанайында тіркелген төтенше жағдайлар саны

    Тіркелген ТЖ санын облыстың қала, аудан аумақтарына бөлетін болсақ, ен көп төтенше жағдайлар саны Атырау қаласында –56,2% (179); Жылыой ауданы-10,7%(32 ); Индер ауданы- 5,7% (18); Исатай ауданы-2,8% (9); Құрманғазы ауданы –10,7% (32); Қызылқоға ауданы–6,3% (20); Макат ауданы -4,7% (15); Махамбет ауданы-4,9% (13);

    2024 жылдыңжелтоқсанайының ТЖ саны, зардап шеккендер мен қаза болғандар, аудандар бойынша МӘЛІМЕТ

    Қала, аудан атауы

    жалпы өрт саны

    жалпы ТЖ саны

    жалпы ТЖ алғанда

    %

    зардап шеккендер

    оның ішінен қаза болғандар

    Атырау қаласы

    160

    179

    89,3

    35

    9

    Жылыой ауданы

    25

    32

    78,1

    4

    6

    Индер ауданы

    16

    18

    88,8

    5

    5

    Исатай ауданы

    8

    9

    88,8

    -

    1

    Құрманғазы ауданы

    24

    32

    75

    12

    4

    Қызылқоға ауданы

    17

    20

    85

    2

    1

    Макат ауданы

    12

    15

    80

    4

    -

    Махамбет ауданы

    12

    13

    92,3

    -

    1

    Барлығы:

    274

    318

    86,2

    62

    27

    Техногендік төтенше жағдайлар

    (ірі көлік апаттары мен оқиғалары; өндірістік және тұрмыстық өрттер; техногендік сипаттағы келенсіз жағдай; өндірістік авариялар және қауіпсіздік ережесін бұзу; тіршілікті қамтамасыз ету жүйесіндегі авариялар)

    Техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың саны 289 (2023 ж.-268) жағдайды құрайды, зардап шеккендер –37адам, қаза тапқандар –16.

    -274 (2023ж.-260) - өндірістік және тұрмыстық өрттер, жарылыстар,техногендік сипаттағы жазатайым оқиғалар;

    - 0(2023ж.-1) электр энергетикалық жүйелердегі апат;

    - 0 (2023 - 0) кәсіпорын ішіндегі мұнай құбырларындағы апат;

    -2 (2023-1) мұнай-газ, мұнай-химия, мұнай өңдеу салаларындағы апат;

    - 7(2023 - 4 ) газ-ауа қоспасының жарқылы;

    - 0 (2023-0)ғимараттардың кенеттен құлауы;

    -4 (2023-0) көміртегі тотығымен улану;

    - 0(2023-0) өндірістік апат;

    - 0 (2023-0) ғарыштық сипаттағы ТЖ;

    - 2(2023-2)көлік апаттары.

    ӨРТТЕР

    Ағымдағы жылдың желтоқсан айында облыс аумағында 274 (2023 ж. -266) өрт болды, оның ішінде 12 жарақат алды (2023 ж. -1), 12 адам қаза(2023 ж.-4) болды.

    Өрттердің себептері: электр жабдықтарын монтаждау мен техникалық пайдалануды бұзушылықтар – 182 жағдай, отпен абайсыз жұмыс істеу -44 жағдай, тұрмыстық электржабдықтарын орнату және пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзу – 6 жағдай, пештерді орнату және пайдалану кезіндегі ӨҚҚБ – 10 жағдай, қасақана от қою -10, өрттің басқа себептері – 16; анықталмаған себептер -0; бензин, керосин, газ құрылғыларын қолдану кезінде ӨҚҚБ -3, балалардың отпен ойнауы -6, жарылыс -1.

    Өрттердің пайда болуының орындары: тұрғын үйде 129; автокөліктерде - 89; қоғамдық орындарда және көшеде -2; сауда кәсіпорындарында - 16; орман - 6; монша-кір жуу кешендері -3; қоғамдық-әкімшілік ғимараттар -7 ; қоймалар мен базаларда – 1, басқа орындар – 21.

    Мұнайгаз, мұнайхимия, мұнай өңдеу салаларындағы апат

    26.02.2024 ж. Атырау қ., Қабдолова №1 «Атырау мұнай өңдеу зауыты» (АМӨЗ) ЖШШаумағында, бутендерді олигомеризациялау қондырғысында қондырғыны іске қосуға арналған тікелей айдалатын бензин коллекторынан рұқсаттама табылды. Апатты жою мақсатында өнімді тез ығыстыру үшін осы желіге 15 кгс/см2 қысыммен су берілді.

    22.12.2024 ж. Жылыой ауданы, Жаңа Қаратон кентінен 80 км (Құлсары қаласынан - 160 км, Атырау қаласынан - 320 км), «ҚОЖАН» АҚ «Морское» мұнай кен орнының № 56 ұңғымадан газ-су-мұнай құбылысы байқалды. Зардап шеккендер жоқ. Рұқсатсыз кіруді және сол жерде жану қаупін болдырмау үшін ұңғыманың периметрі бойынша ағыту жүргізілді және бекеттер орнатылды.

    Көміртегі тотығымен улану

    13.01. 2024 ж. Атырау қ., Ракуш ш/а, Сағыпаров көшесі № 7 жеке тұрғын үйдің аумағында, жеке тұрған моншада табиғи газбен қолдан жасалған пешпен жылытудың ақауына байланысты (тартудың болмауы) көміртегі тотығымен С.Сағидоллақызы 2009 ж. т. уланып, ауруханаға жатқызылды

    21.09. 2024 ж. Махамбет ауданы, Махамбет ауылы, Жабаев көшесі, 1/2 үй, ЖЖД аумағында моншада қолдан жасалған табиғи газбен жылыту пешін пайдалану ережелерін бұзғандықтан (тартымның болмауы) улы газбен уланып, 1965 жылы туған үй иесі А.Н. Гадилов оқиға орнында қайтыс болды.

    20.10. 2024 ж. Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев көшесі № 17 үй, № 50 пәтердің 4-қабатында өрт орын алып, 1946 жылы туған үй иесі В.П.Марков улы газбен уланып оқиға орнында қайтыс болды.

    01.11.2024 ж. Атырау қ., Жұмыскер-2 ш/а, Ақбаев к-сі, № 5 үй, жеке тұрғын үйдің ауласында, жеке тұрған шаруашылық ғимаратында, табиғи газбен жылыту пешінің ақаулығынан (тартымның жоқтығынан) улы газбен уланып, 1950 жылы туған үй иесі Ж.Ташикенов орта дәрежелі күйікпен ауруханаға жатқызылды

    Газ ауа қоспасының жарқылы

    01.05. 2024 ж. Мақат ауд., Мақат ауылы, Бостандық к-сі., 28 үй аумағындағы жеке тұрғын үйде, моншада жылыту пешін жағу кезінде табиғи газда газ-ауа қоспасының жану және қирауы орын алды. Үй иесі 1988 ж. т. А.Тукенова (дене күйіктерінің 60%, орташа дәрежедегі жай-күйі) күйікпен ауруханаға жатқызылды.

    05.05. 2024 ж. Мақат ауданы, Мақат ауылы, Жұмағалиев көшесі, 10-үй аумағындағы жеке тұрғын үйдің ашық аумағында газ баллонын (500 мл баллон) пайдалана отырып, от жұмыстарын жүргізу кезінде газ-ауа қоспасының жарылуы орын алды. Үй иесі Дүйсенов Т. 1981 ж. т. (алақан мен беттің күйіктері 10-19%, II дәрежелі, ауырлығы орташа жағдай) күйікпен ауруханаға жатқызылды.

    14.06. 2024 ж. Қызылқоға ауданы, Жасқайрат ауылы, Досмағанбетов көшесі, №12 жеке тұрғын үйдің аумағында 50 л газ баллонындағы цилиндр қорабының дұрыс жұмыс жасамауы салдарынан газ-ауа қоспасының жарылуы орын алды.Күйікпен 1984 ж.т.Шекетасов Р. ауруханаға жатқызылды.

    20.07. 2024 ж. Атырау қаласы, М. Баймұханов көшесі маңындам/б KZ 884ACE/06, «Lexus GX-470»маркалы автокөлігінің газ баллонындағы газ-ауа қоспасының жарылуы орын алды. 1980 ж.т. Х. Маткаримов екі қолынан күйік алып алғашқы медициналық көмек көрсетіліп үйіне жіберілді.

    24.07. 2024 ж. Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, Әжігалиева көшесі 140 үйдің ауласында газ баллонын (500 мл баллон) пайдалана отырып, от жұмыстарын жүргізу кезінде газ-ауа қоспасының жарылуы орын алды. Оқиға салдарынан жарақат алған жалдамалы жұмысшы 1988 ж.т. Мадмуратов Д. (Өзбекстан Республика азаматы) ауруханада көз жұмды.

    14.11.2024 ж. Атырау қ., Канцев к-сі, 15 «А»ғимаратында жылдам дайындалатын «24/7 Мага Донер» кафесіне жапсарлас салынған 18 шаршы метрлік қазандық үй-жайында (жалпы көлемі 240 шаршы метр) 60 л. газ баллонының жарылуы орын алды. Салдарынан кафенің екі қызметкері 2004 жылы туған Адаханов Фахредин (35-40% дене күйігі, 2 дәрежелі, жағдайы ауыр), 2000 жылы туған Артуков Каммаладин (97% дене күйігі, 3 дәрежелі, жағдайы ауыр) облыстық аурухананың реанимациялық бөлімшесіне жатқызылды.

    28.12. 2024 ж. Атырау қ. Самал ш/а, 2 қабатты жеке тұрған «Arasan Spa» моншасының (орталық газбен жабдықталған), 1 қабатындағы күзет үй-жайында ГВС (жанусыз) тұтануы орын алды. Күйік алған 2001 жылы туған С.Сүлейменов ауруханаға жатқызылды (күйік 2 дәрежелі, денесінің 60-70%, жағдайы ауыр).

    Көлік апаты (катастрофа)

    7.12.2024 ж. Мақат ауданы, Мақат станциясы аумағында, «Құлсары-Алтынтау станциясы, Ақмола облысы» қатынасындағы жүк поезының қозғалысы кезінде (құрамы 71 вагон, оның ішінде - 43 вагон түйіршіктелген күкірт, 21 пропан, 6 мазут, 1 жабық контейнерлік үлгідегі вагон), кейіннен 136 тонна түйіршіктелген күкірт тиелген 2 вагон аударыла отырып, 4 т/ж вагондары шығарылды («Samruk-Kazyna Ondeu» ЖШС тиесілі), жанбай, түсу себебі анықталады (ЛОП тергеу іс-шараларын жүргізеді). Нәтижесінде 100 метр темір жол бұзылды

    23.12.2024 ж. Жылыой ауданы, Майкомген ауылының маңында күзетілмейтін өтпеде № 124 пойыздың локомотиві (9 вагоннан тұрады, поезда 203 жолаушы болған) «DAF» маркалы жүк көлігімен соқтығысқан. Вагондардағы жолаушылар зақымдануы орын алған жоқ. Оқиға нәтижесінде түрлі жарақаттармен 1991 жылы туған көлік жүргізушісі А. Мырзабаев ауруханаға жатқызылды (жағдайы тұрақты).

    ТАБИҒИ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР

    (гидрометеорологиялық және геологиялық құбылыс, судағы жағдай, табиғи өрттер, қауіпті жұқпалы аурулар және адамдардың улануы, қауіпті жануарлардың жаппай ауруы, зиянкес өсімдіктердің жаппай таралуы)

    Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар 29 (2023 ж.-26)жағдайды құрады зардап шеккендер 25 адам, қаза тапқандар 11 адам.

    - 1(2023-0) адамдардың жұқпалы аурулары;

    - 1 (2023-0) ауылшаруашылығы жануарларының жұқпалы аурулары;

    - 1(2023-0 ) тамақтан улану;

    - 10 (2023-12)суда орын алған оқиғалар;

    - 1 (2023-1) жануарлардың жаппай ауруы;

    - 6 (2023-6) табиғи өрттер;

    - 1 (2023-3) газ тәрізді заттармен улану;

    - 0 (2023-2) гидрометерологиялық және геологиялық қауіпті құбылыстар;

    - 0 (2023-2) балықтардың жаппай қырылуы;

    - 5 (2023-0 ) гидрологиялық қауіпті құбылыстар;

    - 3 (2023-0) метеорологиялық және агрометеорологиялық қауіпті

    құбылыстар;

    - 0 (2023-0) ауылшаруашылық өсімдіктерінің аурулар мен зиянкестермен зақымдануы.

    Тамақтан улану

    21.08.2024 ж. Құрманғазы ауданы, с. Жанауыл, Тұнғышев көшесі 11, «Шеркеш» мейрамханасынан тамақтанғаннан кейін 17.08-19.08 аралығында аудандық орталық ауруханаға 15 адам (оның ішінде 3 бала) өздерін нашар сезнуіне байланысты шағымданды. «Жедел ішек бактериалдық инфексиясымен» 10 адам (3 бала) аураханаға жатқызылып, 5 адамға алғашқы көмек көрсетіліп үйіне жіберілді.

    Судағы оқиғалар

    28.01.2024 ж. Атырау қ., Жұмыскер ауылының Жайық өзенінде "Kia Spectra" маркалы а/м мұз астына түсіп кетті.Көлікте екі адам жүргізуші-А. Серікқалиев 1992 жылы туған және жолаушы- С.Сағынғали 2006 жылы туған болған. Осы күні жүргізушінің өлі денесін ТЖД АҚО күшімен көтеріп, полиция қызметкерлеріне тапсырды.

    04.05. 2024 ж. Исатай ауданы, Жанбай ауылының шеті, Каспий теңізінің жағалауында балықшылар балық аулау кезінде қайықпен аударылып, суға батып кеткен 1991 жылы туған О. Ғабдрахимнің мәйітін тауып, судан алып шықты.

    29.05. 2024 ж. Жылыой ауданы, Құлсары қаласынан 11 км қашықтықта Шоқпақторғай кентінің, Қамыскөл өзенінің шетіндегісудан Н.Шалабаевтың 1991 жылы туған (киімде болған) мәйіті шығарылды.Ол 23.05.2024 жылы Құлсары қаласындағы үйінен Шоқпартоғай кентіне қарай шығып (ата- анасының сөзімен балық аулауға кетті) жоғалып кеткен. СМС тағайындалды.

    05.07.2024 ж. Индер ауданы, Көктоғай ауылы, Жайық өзенінен 2011 жылы туған С. Әділетұлының (киімсіз) мәйіті шығарылды. Ол 05.07 суға түсу кезінде суға түсуге жабдықталмаған жерде суға батып кеткен.

    05.07.2024 ж Қызылқоға ауданы, Аққора ауылы, Ойыл өзенінде туысқандары 1990 жылы туған Д.К. Ортановтың мәйітін тауып, судан шығарған. Олсуға түсу кезінде суға түсуге жабдықталмаған жерде суға батып кеткен.СМС тағайындалды.

    10.07.2024 ж. Жылыой ауданы, Шоқпартоғай ауылы, Ембі өзенінде ТЖД ЖҚЖ күшімен 1996 жылы туған Жасұлан Жаннатұлы Тыныштықовтың мәйітін тауып, судан шығарылып, полиция қызметкерлеріне тапсырды. Ол 05.07 суға түсу кезінде суға түсуге жабдықталмаған жерде суға батып кеткен.

    11.07. 2024 ж. Құрманғазы ауданы, Самаркин ауылы, туысқандары 2013 жылы туылған Ақболаттың мәйітін тауып, судан шығарып алды, ол суға түсу кезінде суға түсу үшін жабдықталмаған жерде суға батып кеткен. СМС тағайындалды.

    20.07. 2024 ж. Атырау қ., Кокарна ш., Жайық өзенінен ТЖД ЖҚЖ күштерімен Құдайберген С.Е., 2011ж.т. мәйітін тауып алды, екінші суға батқан адамға іздестіру жұмыстары жүргізіліп, 22.07. Атырау қ. Құрманғазы селосының маңында, Жайық өзенінде, оқиға орнынан 5-6 км қашықтықта туысқандары Құдайберген Б.Е. 2010 ж.т. мәйітін тапты, Олар суға түсу кезінде суға түсуге жабдықталмаған жерде суға батып кеткен.

    01.08. 2024 ж. Құрманғазы ауданы, с. Х. Доспанов тереңдігі 4 метр болатын Шарон өзенінен ТЖД ЖҚЖ күштерімен Р. Келімбет 2010ж.т. мәйітін тауып, судан шығарылды, ол суға түсу кезінде суға түсу үшін жабдықталмаған жерде суға батып кеткен. СМС тағайындалды.

    26.08.2024. ж. Атырау қаласы Береке п., Жайық өзенінен ТЖД ЖҚЖ күштерімен А. Даулет 2008 ж.т. А. Ақылбайұлы және 27.08.2024 ж. А. Амангелді 2008 ж.т. мәйіттері табылып судан шығарылды. Олар суға түсу кезінде суға түсу үшін жабдықталмаған жерде суға батып кеткен.

    Табиғи өрттер

    17.02.2024 ж. Құрманғазы ауданы, Құрманғазы орманшылығы КММ аумағында 32 квартал 425,97 га алаңда қамыс өсімдіктерінің жануы орын алды.

    02.03.2024 ж. Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылынан 40 км қашықтықта, Каспий теңізі жағалауының Құрманғазы орманшылығы аумағына қарасты 23-24-45 кварталдың (сулы-батпақты жер) 100 га алаңда қамыс өсімдіктерінің жануы орын алды.

    11.03.2024 ж. Құрманғазы ауданы, Сафонов ауылынан 20 км қашықтықта, Каспий теңізі жағалауының Құрманғазы орманшылығы аумағына қарасты 54, 56 және 59 кварталдың 11 га алаңында қамыс өсімдіктерінің жануы орын алды.

    11.04. 2024 ж. Атырау қ., Тасқала селосынан 20 км қашықтықта Каспий теңізі жағалауының «Ақжайық» МТР қарасты 0,5 га алаңда қамыс өсімдіктерінің жануы орын алды

    26.04. 2024 ж. Құрманғазы ауданы Сафон ауылынан 10 км қашықтықта Каспий теңізінің жағалауы, Құрманғазы орманшылығы КММ аумағында 6 га алдын ала алаңда қамыс өсімдіктерінің жануы орын алды.

    08.10. 2024 ж. Атырау облысы, Еркінқала ауылынан 40 шақырым қашықтықта Каспий теңізінің жағалауында қамысты өсімдіктер өртеніп кетті. «Қазавиақұтқару» АҚ МИ-8 тікұшақпен ВСУ-5 көмегімен жалпы көлемі 15 тонна 5 су жіберу жүргізілді. Өрт сөндіру кезінде мемлекеттік нөмірсіз «Toyota Land Cruiser - 100» маркалы автокөлік табылды, оның салонынан бекіре балықтары табылды.

    Гидрологиялық қауіпті құбылыстар

    19.01.2024 ж. Атырау қаласы, Қайыршақты ауылдық округі әкімінің орынбасары Н.Мондаевтан Атырау қаласы, Жұлдыз-1 ш/а, жер асты суларының деңгейі көтерілгендігі жөнінде ақпарат келіп түсті.. Нәтижесінде 59 жеке тұрғын үйдің (252 тұрғынның) аула аумағы су астында қалды. Осы оқиға бойынша арнайы комиссия құрылды.

    02.04.2024 ж. Атырау облысы Қызылқоға ауданы әкімінің 2024 жылғы 02 сәуірдегі №13 шешімімен Ойыл өзеніне су деңгейінің көтерілуі және шығындарды есептеу нәтижесінде жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды.

    04.04.2024 ж. Атырау облысы Қызылқоға ауданы әкімінің 2024 жылғы 04 сәуірдегі №8 шешімімен Жем өзеніндегі су деңгейінің көтерілуі нәтижесінде жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды.

    05.04.2024 ж. Жылыой ауданы, Құлсары қаласындағы "Жем" өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты Жадырасын, Әуежай, Вахталық №2,3,5 шағын аудандар су астында қалды.

    07.04.2024 ж. Атырау облысы әкімінің 2024 жылғы 07 сәуірдегі №3 шешімімен Атырау облысының аумағында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды.

    Метеорологиялық және агрометерологиялық қауіпті құбылыстар

    06.02. 2024 ж. Атырау қаласы, №47 «а» Солтүстік өнеркәсіп аймағында

    қатты желдің салдарынан (екпіні 20-23 м/с дейін) 3 қабатты "Сұлтан" қонақ үйінің 912 ш.м. алаңда шатыры толық бұзылды. Шатырдың сынуы нәтижесінде Нива маркалы 1 жеңіл автокөлік зақымдалды. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

    26.06. 2024 ж. Атырау қаласында желдің күшеюіне байланысты "Бірлік" базасы гаражыныңжаңадан салынып жатқан кеңсе ғимаратының шатыры ішінара бұзылды. Шатырдың бұзылуы нәтижесінде "Toyota Camry" маркалы а/м және ЧЖД екі шатыры зақымдалды.

    Желдің күшеюі салдарынан Томарлы, Мирный кенттері, Вокзал маңы, Балауса, Мирас, Өркен, Геолог, Сарқамыс елді мекендерінде электр желілері мен электр тіректерінің апаттық сөнуі орын алды.

    06.11.2024 ж.Атырау қ. Көк Арна ықшам ауданы, 13-ші көше, № 36 «А», № 32 мектептің ғимаратының қатты жел салдарынан шатырдың бұзылуы (20 м/с дейін) орын алды. Оқу процесі бұзылған жоқ. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

    Жабайы жануарлардың ауруы мен өлімі

    23.10. 2024 ж.Құрманғазы ауданы, Азғыр а/о, Балқұдық ауылының жергілікті тұрғындарынан далалық аумақта 100-ге жуық бас киіктің өлгендігі туралы ақпарат келіп түсті. Жануарлардың өлу себебін және оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды.ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясыРММ комиссиясы өлген киіктерді тексеру кезінде ату белгілері жоқ 17 бас киікті анықтады Киіктердің ұшасынан алынған биоматериалдар сараптамаға жіберілді.

    Газ тәрізді заттармен улану

    12.11.2024 ж. Жедел медициналық жәрдем диспетчерінен Атырау қ., Құрманғазы к-сі 70 «Б», «Пегас авто А» көлік жөндеу ғимаратында «Daewoo Nexia» маркалы kz 937 ADT автокөлігінен газбен уланған 1989 ж. туған И.Назаровтың (Өзбекстан Республикасының азаматы, орташа дәрежедегі жағдайда)облыстық ауруханаға жатқызылғаны туралы хабарлама келіп түсті.

    Ауылшаруашылығы жануарларының жұқпалы аурулары

    20.112024 ж. 24.10.2024 жылы Атырау қаласындағы «Асыл-Агро» мал соятын орынға Батыс Қазақстан облысынан 10 бас ірі қара мал әкелінгені, оның біреуі белгісіз себептермен қайтыс болғаны туралы ақпарат келіп түсті. 15.11.2024 жылғы қорытындыға сәйкес, өлген малдың денесінде «Сібір жарасы» сияқты жұқпалы аурудың белгілері анықталды. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Ветеринария жөніндегі ұлттық референттік орталығы» ШЖҚ РМК 20.11.2024 жылғы № 1-S24R-272/B-01-01-01 қорытындысына сәйкес анықталған инфекциялар «Сібір жарасы» түрінде расталды.

    Адамдардың жұқпалы аурулары

    27.112024 ж. 21 қарашадаАтырау облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына "А22.9. Сібір жарасының тері нысанының ықтимал жағдайы "диагнозымен 2006 жылы туылған О.Гойназаров (Өзбекстан Республикасының азаматы, «Асыл-Агро» ЖШС жұмысшысы, орташа дәрежедегі жағдайда) және 26 қарашада 1968 жылы туылған Ж.Абдуллин (ҚР азаматы, Атырау қ., Нұрсая ықшам ауданы, 20 үй, 59 пәтер, мал сатып алушы, орташа дәрежедегі жағдайда) келіп түсті. 27.11.2024 ж. деректер бойынша зертханалық зерттеулердің нәтижелеріне сәйкес О.Гойназаров пен Ж.Абдуллиннен «Сібір жарасы» диагнозы расталды.

    Өрт қауіпсіздігі

    Ағымдағы жылдың желтоқсан айында өрт қауіпсіздігі саласында өрттердің алдын алу бойынша шаруашылық жүргізу объектілеріне 787(2023 ж.-252) тексеру жүргізілді.Өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарын сақтамаған 4019(2023 ж.-2136)бұзушылық анықталды.618(2023-337) тұлғаға әкімшілік жаза қолданылды, оның ішінде:330(2023 ж.-304) тұлғаға ескерту берілді, 288(2023 ж.-33) тұлғаға8257760(2023- 1 664625тг.) теңге көлемінде айыппұл салынды.

    Құтқару операцияларын жүргізу

    Атырау облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» РММ,«ЖҚЖ» РММ, «АМО» АФММ құтқару бөлімшелерімен 2358 жедел шығу жүзеге асырылды. Құтқару бөлімшелерімен барлығы 184 адам құтқарылды, 3335адам эвакуацияланды.

    Жүктеу
    8fb0a6d62ba4bf0d1ea5d8da0d6b972b_original.55642.docx
    DOCX · 54 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 2026 жылғы 6 ай ішіндегі құжатайналымы және «е-Өтініш» ақпараттық – жүйесі бойынша ақпарат

    Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 2026 жылғы 6 ай ішіндегі құжатайналымы және «е-Өтініш» ақпараттық – жүйесі бойынша ақпарат (2025 жылдың 6 айымен салыстырғанда) Атырау облысы Төтенше жағдайлар департамент...

    Жарияланды:
    Кесте

    2026 жылғы 3 тоқсан бойынша Атырау қаласы ТЖБ басшылығының жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесі

    Жарияланды:
    Кесте

    2026 жылғы 3 тоқсан бойынша Атырау облысы ТЖД басшылығының жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесі

    Жарияланды:
    Кесте

    2025 жылғы 4 тоқсан бойынша Атырау облысы ТЖД басшылығының жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесі

    Жарияланды:
    Статистика

    АНАЛИТИКАЛЫҚ АНЫҚТАМА Атырау облысының аумағында 2025 жылдың маусым айында орын алған төтенше жағдайлар фактілері бойынша

    АНАЛИТИКАЛЫҚ АНЫҚТАМА Атырау облысының аумағында 2025 жылдың маусым айында орын алған төтенше жағдайлар фактілері бойынша 2025 жылдың маусым айында облыс аумағында 170 (2024 ж. - 166) табиғи және техногенді сипаттағы т...

    Жарияланды:
    Бюджет қаражатының атқарылуы туралы мәлімет

    Қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету

    Ағымдағы кезеңде маусым айының қорытындысы бойынша республикалық бюджеттен Төтенше жағдайлар департаментіне (ТЖД) төлемдер бойынша 1 750 017,5 мың теңге бөлінді, оның ішінде 1 747 591,2 мың теңге игерілді немесе 99,9%. О...

    Жарияланды:
    Бюджет қаражатының атқарылуы туралы мәлімет

    2025 жылғы 28 шілдедегі жағдай бойынша бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) игерілуіне мониторинг

    Жарияланды:
    Бюджет

    Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті бойынша 2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджетке түсіндірме жазба

    ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА 2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджет бойыншаАтырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті 001 бюджеттік бағдарлама«Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды...

    Жарияланды: