АНЫҚТАМА
15 маусым 2026 жыл Индербор кенті
Талданатын объект: «Индер аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобильдер жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ (бұдан әрі - мекеме), Атырау облысы, Индер ауданы, Индербор кенті, Меңдіғалиев көшесі, №30.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» Заңының 8-бабы 2-тармағы және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары Индер аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобильдер жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының «Жұмысшы тобын құру туралы» бұйрығы негізінде жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері туралы талдамалық анықтама келесі құрамдағы жұмыс тобымен құралды:
1)Габбасов Шапагат Ахметхамбарович – Индер аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобильдер жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы;
2) Кайыржанов Асылбек Бауыржанұлы - Индер аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобильдер жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің сектор меңгерушісі;
3) Шукургалиев Алибек Сырымбекович – Индер аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобильдер жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маман-есепшісі;
4) Куанышева Лаура Алибековна – Индер аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобильдер жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы.
5) Самиголлин Досай Талғатұлы – Индер аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобильдер жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау өткізу мерзімі:
31 маусым 2025 жыл – 31 мамыр 2026 жыл.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» Заңының 8-бабы 5-тармағы және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына» сәйкес жүргізілді.
Мекемеге бағынысты «Индер су» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын мекемесі бар.
І. Қолданыстағы құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Талдау жүргізу барысында мекеменің қолданыстағы құқықтық актілерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.
- Ішкі құжаттарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Талдау жүргізу барысында мекеменің ішкі құжаттарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.
III. Персоналды басқарумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Мекеменің мемлекеттік қызметшілер саны – 5, нақты саны - 5.
2025 жылдың 31 мамыр жағдайы бойынша бос вакансия жоқ.
Ауысу тәртібімен орналасу Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген ережесіне сәйкес жүргізілді.
Мекеменің мемлекеттік қызметшілерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер сақталуда.
Барлық мемлекеттік қызметшілердің 2024 жылға арналған кірістері мен мүліктері туралы декларациялары Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілген мерзімде тапсырылған.
Мекеменің барлық қызметкерлері ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің «Ақпараттық қызмет» мәліметтер базасында тексеріліп, талдау кезеңінде басқарма қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылғандығы туралы мәліметтер анықталған жоқ.
- Мүдделер қақтығысына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Мүдделер қақтығысына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында әдеп жөніндегі уәкілмен ұжым арасында анонимді сауалнама жүргізілді. Нәтижесінде мүдделер қақтығысы анықталған жоқ.
- Мемлекеттік қызмет көрсетуге байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Мекеме мемлекеттік қызмет көрсетуге байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
- Рұқсат беру функцияларын іске асырумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Ережеге сәйкес Мекемеде рұқсат беру функциялары жоқ.
VII. Бақылау функцияларын іске асырумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Талдау жүргізу барысында Мекемеде бақылау функцияларын іске асырумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.
VIII. Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтен туындайтын өзге де мәселелерді іске асыруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Талданып отырған кезеңде Мекемеге жеке және заңды тұлғалардан 2025 жылы барлығы 12 айында барлығы 72 өтініш келіп түскен. Жеке тұлғалардан- 52, заңды тұлғалардан – 20 өтініш келіп түскен.
- Қаржы-шаруашылық қызметпен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Индер аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобильдер жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің 2025 жылға арналған қаржылық жоспарына сәйкес, 5 190 150,0 мың теңге қаражат бөлінген, 31.12.2024ж. жағдайға игерілген сомасы – 5 188 437,0 мың теңге.
Ұсыным:
- Жасырын қызметті анықтау.
Талдау жүргізу барысында Мекемеде жасырын қызметті анықтауға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады
ҚОРЫТЫНДЫ:
Талдау барысында нормативтік-құқықтық актілерде, қаржы-шаруашылық
қызметте және басқа да мәселелер бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.
Жұмыс тобы мүшелері:
Габбасов Шапагат Ахметхамбарович _____________
Кайыржанов Асылбек Бауыржанұлы _____________
Шукургалиев Алибек Сырымбекович _____________
Самиголлин Досай Талғатұлы _____________
Куанышева Лаура Алибековна _____________