Су шаруашылығы бойынша
2026 жылдың 30 маусымдағы жағдайы бойынша Шардара су қоймасындағы су көлемі 4,3 млрд. текше метрді құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,2 млрд. текше метрге артық.
ҚР Үкіметінің 2024 жылғы 28 тамыздағы №694 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының су саласын дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспарына» облыстан жалпы соммасы 148,3 млрд. теңге болатын 112 жоба енгізілді.
Оның ішінде су жинау көлемі 775 млн. м3 болатын «Қараөзек» су қоймасын салу мәселесін Ислам Даму Банкі есебінен қаржыландыру үшін Су ресурстары және ирригация министрлігімен бірлесіп жұмыстар жүргізілуде (жоба құны 3,8 млрд.теңге).
Ислам Даму Банкі есебінен қаржыландыруға облыс бойынша бірінші кезекте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуі тиіс 3,2 млрд. теңге болатын 5 жоба ұсынылып, бүгінгі күні Шиелі ауданы, Шиелі кентінде орналасқан «Базар арығы» және Сұлутөбе ауылдық округіндегі «Құмжарған» каналдарына тиісті жұмыстар басталды.
Ағымдағы жылы республикалық бюджеттен «Қызылорда қаласын абаттандыру мақсатында Қызылжарма науа каналының құрылысы» жобасына 1 323,9 млн.теңге бөлініп, бүгінгі күні 60% жұмыстар орындалды.
Сонымен бірге, «Қызылорда облысы Қазалы ауданы Сол жағалау алабының 1-ГД, 2-ГД, К-3-2 коллекторлар жүйесін реконструкциялау» жобасына республикалық бюджеттен 2026 жылға 801,832 млн.теңге бөлініп, қазіргі уақытта 20 км тазаланды.
Облыс аумағындағы иесіз көлдер мен каналдарға түгендеу жұмыстарын жүргізу мақсатында жұмысшы тобы құрылды. Нәтижесінде 48 көл мен 82 каналдар анықталып, қала және аудан әкімдіктеріне құжаттандыру бойынша тиісті тапсырмалар берілді.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, бүнгі таңда әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, суармалы суды үнемдеу мақсатында экономикалық жағынан тиімді саналатын (егістік алқаптарды суландыратын) каналдарға бетондау жұмыстарын жүргізу мақсатында Дүниежүзілік Банк қаржыландыруына енгізу үшін облыс бойынша жалпы құны 130,7 млрд.теңгені құрайтын 68 каналды бетондауға жобалық сметалық құжаттамалары әзірленуде.
Соның ішінде, ұзындығы 70,4 шақырымды құрайтын, жобалық құны 20,2 млрд.теңге болатын 11 жобаны, Дүниежүзілік Банк қаржыландыруына енгізу үшін ҚР Су ресурстары және ирригация министірлігіне ұсыныс жолданды.
Ағымдағы жылы «Арна» коммуналдық мемлекеттік мекемесі арқылы жалпы ұзындығы 12,2 шақырым болатын 4 каналға (Қазалы ауданы Аранды ауылдық округіндегі "Бөкебай", Қармақшы ауданы Иіркөл ауылдық округіндегі "Жапалақ жарма", Сырдария ауданы Ақжарма ауылдық округіндегі "Ақжарма", Сырдария ауданы Шаған ауылдық округіндегі "Жиделі арық") ағымдағы тазалау жұмыстарын жүргізу жоспарланып, 2 каналға (Қармақшы ауданы Иіркөл ауылдық округіндегі "Жапалақ жарма", Сырдария ауданы Шаған ауылдық округіндегі "Жиделі арық") тазалау жұмыстары толығымен аяқталды.
Сонымен қатар, жоспардан тыс жалпы ұзындығы 6,3 шақырым болатын Тұрымбет, Манап, Хозцентр, Қарабай су нысандарына механикалық тазалау және қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.
Қызылорда қаласының Бас жоспары әзірленуіне байланысты, Сырдария өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулеріне өзгеріс енгізу мақсатында «Қызылорда облысының су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2025 жылғы 22 қазандағы № 201 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 28.04.2026 ж. №72 қаулысы қабылданды.