Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында жүргізіліп жатқан шаралар туралы анықтама

    Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
    бағытында жүргізіліп жатқан шаралар туралы анықтама
    Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы мен басқармаға бағынысты мекемелерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында шаралар тұрақты түрде қабылданып келеді.
    Басқарманың сенім телефондары, басқарма басшылығының азаматтар мен заңды тұлғаларды жеке мәселелермен қабылдау кестесі ресми-интернет ресурстарда және жергілікті баспасөз газеттерінде жарияланды.
    Басқарма мен басқармаға бағынысты мекемелерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттарды қамтитын құқықтық бұрыштамалар орналастырылды.
    Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру бойынша
    2026 жылға арналған іс-шаралар жоспары әзірленіп бекітілді.
    Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша басқарма және бағынысты мекемелермен 5 мемлекеттік қызмет түрлері көрсетіледі және бұл қызметтер толығымен электронды форматта көрсетілуде.
    Атап айтсақ:
    1. «II санаттағы объектілер үшін әсер етуге арналған экологиялық рұқсатты беру» мемлекеттік қызметі бойынша электронды үкімет порталы арқылы – 49 экологиялық рұқсат берілді.
    2. «Мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік қызметі бойынша электронды үкімет порталы арқылы – 78 қорытынды берілді.
    Анықтама: Оның ішінде: ІІ санат объектілері бойынша – 49; ІІІ санат объектілері бойынша – 35; Өзге жобалар – 10.
    3. «Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік қызметі бойынша электронды үкімет порталы – 56 рұқсат берілді.
    4. «Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік қызметі бойынша электронды үкімет порталы арқылы – 145 рұқсат берілді.
    5. «Ағаш кесу және орман билетін беру» мемлекеттік қызметі бойынша электронды үкімет порталы арқылы – 389 рұқсат берілді.
    2026 жылдың 6 айында электронды үкімет порталы арқылы 717 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
    Басқармаға түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне жауап беру кезінде олардың мерзімдерін бұзылу деректері орын алған жоқ.
    Сонымен қатар 2026 жылы басқарма басшысы мен орынбасарларының төрағалығымен басқарма ұжымы мен басқармаға бағынысты мекемелердің қатысуымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін алдын алуға бағытталған 5 рет жиналыстар өткізіліп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін алдын алуға бағытталған шаралар жүргізу туралы бірқатар тапсырмалар берілді.
    Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы табиғат пайдаланушылармен берілетін есепті тапсыру барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін алдын алу үшін есептерді қабылдау электронды форматқа өтіп, emission.orda.gov.kz порталы арқылы жүргізілуде.
    Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін алдын алу мақсатында табиғат пайдаланушыларға аңшылық алқаптарды бекітіп беру бойынша конурстар өткізу жұмыстары толық автоматтандырылды. Конкурс электронды түрде Gosreestr.kz порталы арқылы жүргізіліп, жеңімпаздар портал арқылы анықталуда.

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Мемлекеттік сатып алу бойынша 2026 жылға арналған жылдық жоспар

    Ақпарат

    Мемлекеттік сатып алу бойынша 2025 жылға арналған жылдық жоспар

    Ақпарат

    2025-2027 жылдарға арналған Қызылорда облысы бойынша қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарының 2026 жылдың 6 ай қорытындысымен орындалуы

    Декларация

    ҚР Экологиялық Кодектің 21-бабы 3-тармағын орындау бойынша 2026 жылдың 6 айында қабылданған декларациялар тізімі

    Есеп

    2026 жылдың IІ тоқсанының қорытындысы бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша анықтама

    2026 жылғы 01 қаңтар – 30 маусым аралығында басқармаға барлығы 142 өтініш тіркелген. Оның ішінде: Арыз (ЖТ/ЗТ тұлғаларды қабылдауға арыз)–72; Шағым - 2; Басқа да өтініштер (хабар, сұрау салу, үн қосу, ұсыныс) - 68; Ведом...

    Есеп

    2026 жылдың 6 айында басқармамен көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы

    Мемлекеттік көрсетілген қызметтер бойынша Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасымен 2026 жылдың ІІ-тоқсанында 292 мемлекеттік қызмет түрлері бойынша электронды үкімет порталы арқы...

    Есеп

    2026 жылдың 6 ай қорытындысы бойынша қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бюджеттік бағдарламаларын (кіші бағдарламаларын) орындау бойынша

    Басқарманың бюджеті 2026 жылы 6 айдың бюджет көлемі 7 бюджеттік бағдарламасы бойынша – 8 302,5 млрд. теңге құрады. 2026 жылдың 6 айдың төлемдері бойынша қаралған қаржы 5 075,8 млрд. теңге құрап, оның 5 075,0 млрд. теңгес...

    Есеп

    2026 жылдың 6 айында атқарылған жұмыстар

    Балық шаруашылығы бойынша Облыс аумағында Кіші Арал теңізі, Сырдария өзені және балық шаруашылығына маңызы бар 201 көлдер бар. Оның ішінде, Кіші Арал теңізі толықтай және 161 көл конкурстық негізде 5-49 жылдарға табиғат...