2026 жылдың 6 айында атқарылған жұмыстар

    ·
    Балық шаруашылығы бойынша
    Облыс аумағында Кіші Арал теңізі, Сырдария өзені және балық шаруашылығына маңызы бар 201 көлдер бар. Оның ішінде, Кіші Арал теңізі толықтай және 161 көл конкурстық негізде 5-49 жылдарға табиғат пайдаланушыларға бекітіліп берілсе, 40-ы (Арал-5, Қазалы-12, Қармақшы-6, Жалағаш-2, Сырдария-6, Жаңақорған-1, Шиелі-5, Қызылорда-3) резервтік қорда.
    Облыс су айдындарының биологиялық әртүрлілігіне балықтың 16 негізгі кәсіптік түрі кіреді: торта, көксерке, табан, алабұға, қылышбалық, шортан, аққайран, қызылқанат, мөңке, жыланбас, камбала, сазан (тұқы), ақмарқа, жайын, айнакөз, ақ амур.
    Балық шаруашылығы 3 бағытқа бөлінген: кәсіпшілік балық аулау, балық өсіру (аквакультура) және балық өнімдерін өңдеу.
    Балық аулау:
    Кәсіпшілік балық аулау-табиғи су айдындарында балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау. 2026 жылдың 6 айында 2300 тонна балық ауланды.
    Балық экспорты:
    2026 жылдың 6 айында 1808 тонна балық өнімдері 12 шет мемлекеттеріне экспортталды.
    Анықтама: 2025 жылы 4434 тонна балық өнімдері 12 шет елдеріне экспортталды.
    Бүгінгі күні облыста 11 балық өңдеу зауыттары жұмыс жасауда. Оның
    4-уінде Еуропалық Одақ елдеріне балық өнімдерін экспорттау құқығын алған Еуропалық одақтың талаптарына сәйкес келеді.
    Балық өңдеу зауыттарының жалпы қуаттылығы жылына 23,8 мың тоннаны құрайды.
    Анықтама: Экспортталатын балықтардың негізгі түрлері: тыран, торта, алабұға, шортан, көксерке. Сондай-ақ, өңделген өнімдер түрінде көксерке сүбесі, тыран қанаттары, балық фаршы, балық сүбесі, мұздатылған балық және балық ұны.
    Тауарлы балық өсіруді (аквакультура) дамыту бойынша:
    Облыста балық өсіру: көл тауарлы балық өсіру, тоғанда балық өсіру, тор қоршамада балық өсіру және түйық жүйелі сумен қамтамасыз ету құрылғылары арқылы балық өсіру шаруашылықтарымен жүргізіледі.
    Балық шаруашылығын дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған бағдарламасына (Үкіметтің 2021 жылғы 5 сәуірдегі № 208 қаулысымен бекітілген) (бұдан әрі - Бағдарлама) сәйкес 2030 жылға қарай балық өсіру көлемін 16 000 тоннаға дейін жеткізу жоспарлануда.
    Бағдарламаға сәйкес, 2030 жылға дейін 16 тор қоршамада балық өсіру шаруашылығы, 12 тоған шаруашылығы, 3 тұйық жүйелі сумен қамтамасыз ету құрылғылары іске қосылуы және көлде тауарлы балық өсіру шаруашылықтарының саны 55-ке жеткізу жоспарланған.
    Бүгінгі күні, облыста тауарлы балық өсірумен 109 шаруашылық айналысады.
    Оның ішінде: 76-көл тауарлы балық шаруашылығы көлі, 28 – тоған және 3 – тор шаруашылығы және 2 – тұйық жүйелі сумен қамтамасыз ету құрылғылары арқылы балық өсіру шаруашылықтарымен жүргізіледі.
    2025 жылы облыс бойынша 1 400 тонна балық өсіріліп, Республикалық балық шаруашылығын дамытуда көрсетілген көрсеткіш толық орындалды. 2026 жылы 2765 тонна балық өсіру жоспарланған.
    Анықтама: 2021 жылы жоспарланған тауарлы балықтың көлемі 172 тонна, нақты 184 тонна өсірілді, 2022 жылы жоспарланған тауарлы балықтың көлемі 480 тонна, нақты 527 тонна өсірілді, 2023 жылы жоспарланған тауарлы балықтың көлемі 800 тонна, нақты 875 тонна өсірілді, 2024 жылы жоспарланған тауарлы балықтың көлемі 1426 тонна, нақты 1447 тонна өсірілді.
    Акваөсіру шаруашылықтарын субсидиялау:
    Ағымдағы жылға акваөсіру саласында қаржы бөлу мәселесі облыстық бюджетті нақтылау шеңберінде қарастырылуда және облыстық мәслихаттың алдағы сессиясының қарауына енгізілген.

    Ұқсас материалдар

    Декларация

    ҚР Экологиялық Кодектің 21-бабы 3-тармағын орындау бойынша 2026 жылдың 6 айында қабылданған декларациялар тізімі

    Жарияланды:
    Есеп

    2026 жылдың IІ тоқсанының қорытындысы бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша анықтама

    2026 жылғы 01 қаңтар – 30 маусым аралығында басқармаға барлығы 142 өтініш тіркелген. Оның ішінде: Арыз (ЖТ/ЗТ тұлғаларды қабылдауға арыз)–72; Шағым - 2; Басқа да өтініштер (хабар, сұрау салу, үн қосу, ұсыныс) - 68; Ведом...

    Жарияланды:
    Есеп

    2026 жылдың 6 айында басқармамен көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы

    Мемлекеттік көрсетілген қызметтер бойынша Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасымен 2026 жылдың ІІ-тоқсанында 292 мемлекеттік қызмет түрлері бойынша электронды үкімет порталы арқы...

    Жарияланды:
    Есеп

    2026 жылдың 6 ай қорытындысы бойынша қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бюджеттік бағдарламаларын (кіші бағдарламаларын) орындау бойынша

    Басқарманың бюджеті 2026 жылы 6 айдың бюджет көлемі 7 бюджеттік бағдарламасы бойынша – 8 302,5 млрд. теңге құрады. 2026 жылдың 6 айдың төлемдері бойынша қаралған қаржы 5 075,8 млрд. теңге құрап, оның 5 075,0 млрд. теңгес...

    Жарияланды:
    Есеп

    2026 жылдың 6 айында атқарылған жұмыстар

    Орман шаруашылығы бойынша Облыс аумағында мемлекеттік орман қоры жерлерінің жалпы көлемі 7,3 млн. га құрайды, оның 3,9 млн. га орманды алқаптар. 2026 жылы орман қоры жерінің 10 мың гектарына ағаш отырғызу және тұқым себу...

    Жарияланды:
    Есеп

    2026 жылдың 6 айында атқарылған жұмыстар

    Су шаруашылығы бойынша 2026 жылдың 30 маусымдағы жағдайы бойынша Шардара су қоймасындағы су көлемі 4,3 млрд. текше метрді құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,2 млрд. текше метрге артық. ҚР Үкіметінің 2024 ж...

    Жарияланды:
    Анықтама

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында жүргізіліп жатқан шаралар туралы анықтама

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында жүргізіліп жатқан шаралар туралы анықтама Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы мен басқармаға бағынысты мекемелерде сыбайлас жемқо...

    Жарияланды:
    Жоба

    «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесінің қорғау аймағын белгілеу туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2014 жылғы 16 маусымдағы № 613 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

    Жарияланды: