Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 1 шілдедегі №1338 «Қазақстан Республикасы Құылтайының сайлауын тағайындау туралы Жарлығына және «2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауды дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы шілдедегі №26/41 қаулысына сәйкес Жарқайың ауданының аумақтық сайлау комиссиясының құрамы, орналасқан жері және жұмыс уақыты туралы хабарлаймыз.
Жарқайың ауданының аумақтықсайлау комиссиясы
Орналасқан жері: Державин қ., Мир к., 78, 1-қабат, 9 каб., тел. 8(71648) 9-12-10.
Комиссия төрайымы – Рамазанова Жанар Хабидоллақызы; төрайымының орынбасары – Абитаева Эльмира Алтайқызы; хатшысы – Бижанов Жангелді Мұхамбетқалиұлы; комиссия мүшелері: Жүсіпбекова Мәншүк Мақсұтқызы, Муташева Марина Анатольевна, Николайцева Ирина Михайловна, Платонова Ирина Владимировна.
Аумақтық сайлау комиссиясының жұмыс кестесі:жұмыс күндері таңғы сағат 9.00-ден кешкі 18.30-ға дейін
түскі ұзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін; демалыс және мереке күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.
Жарқайың ауданының аумақтық
сайлау комиссиясы