Жарқайың ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі № А-4/219 «Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы

    ·

    Жарқайың ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Жарқайың ауданы әкімдігінің «Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру туралы» 2021 жылғы 30 сәуірдегі № А-4/219 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8472 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

    «Жарқайың ауданының аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы»;

    көрсетілген қаулының 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

    «1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Жарқайың ауданының аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін»;

    көрсетілген қаулының 1-қосымшасында оң жақ жоғарғы бұрыштағы мәтін жаңа редакцияда жазылсын:

    «Жарқайың ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі №А-4/219 қаулысына қосымша»;

    көрсетілген қаулының 2-тармағы және 2-қосымшасы алынып тасталсын;

    көрсетілген қаулының 4-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

    «Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін».

    1. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Жарқайың ауданының әкімі

    Ж. Хамитов

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Жарқайың аудандық аумақтық

    сайлау комиссиясы

    Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

    ________ облысының/қаласының Әділет департаменті

    Нормативтік құқықтық акті 14.02.2024

    Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік

    тіркеудің тізіліміне № 8695-03 болып енгізілді

    Результаты согласования

    Акимат Акмолинской области - руководитель отдела Ербол Сакенович Мукашев, 30.01.2024 17:30:37, положительный результат проверки ЭЦП

    Департамент юстиции Акмолинской области - Руководитель Департамента юстиции Баукен Серікұлы Әлмеш, 06.02.2024 18:03:59, положительный результат проверки ЭЦП

    Результаты подписания

    Жарқайн ауданының акімінің аппараты ММ - Жарқайың ауданының әкімі Ж. Хамитов, 07.02.2024 10:36:02, положительный результат проверки ЭЦП

    Жүктеу
    d396a8ca915b2b1323be2dd3b2e7055f_original.97248.docx
    DOCX · 95 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Жарқайың ауданы әкімдігінің мемлекеттік мекемелерінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша іс-шаралар жоспары

    Жарияланды:
    Ақпарат

    СПРАВКА по проведению внутреннего анализа коррупционных рисков в деятельности государственных учреждений акимата Жаркаинского района Акмолинской области»

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Отчет об исполнении районного бюджета на 1 июля 2026 года

    Жарияланды:
    Конкурстар

    ХАБАРЛАМА Ақмола облысы Жақсы ауданының әкімдігі 10 жыл мерзімге шаруа немесе фермер қожалығын, ауылшаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша ҚАЙТА конкурс өткізеді.

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Мемлекет тұрғын үй көмегін беру ережелерін жаңартты: енді бәрі ашық және онлайн қолжетімді

    Тұрғын үй көмегі – бұл Қазақстандағы аз қамтылған азаматтар мен отбасыларға арналған мемлекеттік төлем. Оның негізгі мақсаты – мемлекеттік тұрғын үй қорынан алынған тұрғын үй, коммуналдық қызметтер және тұрғын үйді жалға...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде берілетін үй-жайлар

    № Елді мекеннің атауы Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар 1. Державин қаласы Захаров көшесі, 37, Жарқайың ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі жанындағы "Жарқайың аудандық мәдениет үйі" мемлеке...

    Жарияланды:
    Қаулы

    Жарқайың ауданының аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

    Жарқайың ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 7 ақпандағы № А-2/120 қаулысына қосымша Жарқайың ауданы әкімдігінің 2021 жылғы «30» сәуірдегі № А-4/219 қаулысына қосымша Жарқайың ауданының аумағында барлық кандидаттар үшін үг...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Жарқайың ауданының сайлау учаскелерінің шекаралары туралы хабарлама.

    Жарқайың ауданыныңсайлау учаскелерінің шекараларытуралы хабарлама. Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 1 шілдедегі №1338 «Қазақстан Республикасы Құылтайының сайлауын тағайындау туралы Жарлығына және «2026 жы...

    Жарияланды: