2026 жылғы 12 шілдеге тағайындалған ауылдық округі әкімін сайлауда Тартоғай ауылдық округінің әкіміне кандидат болып ұсынылған Г.М.Сейтовты тіркеу туралы шешімнің күшін жою туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 113-6-бабының
1-тармағына сәйкес Г.М.Сейтовтың 2026 жылғы 3 шілдедегі өтініші және аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 21 маусымдағы №96 шешімін негізге алып, Шиелі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:
- 2026 жылғы 12 шілдеге тағайындалған ауылдық округ әкімін сайлауда Тартоғай ауылдық округінің әкіміне кандидат болып ұсынылған Газиз Мухамедиярович Сейтовты тіркеу туралы шешімнің күші жойылсын.
- Осы шешім Шиелі ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөліміне орналастырылсын.
- Кандидаттың тиісті куәлігі қайтарылсын.
Шиелі ауданының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы |
М.Дулатов |
Шиелі ауданының аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы |
Е.Оспанов |
3 шілде 2026 жыл
№100