Жоба
Әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратын аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар үшін таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» Қазақстан Республикасы Кодексінің 56-бабының 2-тармағына және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 140-бабының 2-тармағына сәйкес Шиелі ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратын аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар үшін таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі мемлекеттік кәсіпорынның таза табысының сомасынан 50 (елу) пайыз мөлшерінде белгіленсін.
- «Шиелі ауданының экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау жасау жетекшілік ететін сала орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шиелі ауданының
әкімі А. Жандарбеков