Шиелі ауданы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2026 жылғы ІІ тоқсанындағы мәліметі

    ·

    Шиелі ауданы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2026 жылғы ІІ тоқсанындағы мәліметі

    Аудан әкімдігі жанынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл комиссиясы (құрамында жергілікті өкілді және атқарушы орган басшылары, құқық қорғау органдары басшылары және үкіметтік емес ұйымдар өкілдері) құрылған. Ағымдағы жылы жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша
    2026 жылға арналған жұмыс жоспары бекітіліп, тиісті жұмыстар жүргізілді.

    Комиссия отырысы тоқсанына бір рет өткізіледі жыл басынан
    2-отырыс өткізіліп, комиссия отырысында бекітілген жоспарға сәйкес,
    5 мекеме басшыларының есептері тыңдалып, 45-хаттамалық тапсырмалар беріліп, тиісті тапсырмалар мерзімінде орындалған.

    Сонымен бірге, бекітілген кестеге сай аудан тұрғындарын өздерін толғандырып жүрген әртүрлі мәселелермен жеке қабылдауды тұрақты түрде өткізіліп отырылады.

    Аудандық қоғамдық кеңес (елді мекендерде) аудандағы жалпы қылмыс жағдайының жай-күйі туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыстар бойынша мәселелерді қарап, нәтижесімен мемлекеттік органдарға жүйелі түрде бірқатар ұсыныстар беріліп келеді.

    Аудан әкімдігінде бюджет, мемлекеттік сатып алу, мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл заңнамалары талаптарын түсіндіру мақсатында, мемлекеттік қызметшілерге арналған 3 құқықтық оқыту өткізілді.

    Аудандық «Өскен Өңір» газетіне тоқсан сайын жергілікті атқарушы органдардың және құқық қорғау органдарының «Сенім» телефондары мен жеке, заңды тұлғаларды қабылдау кестелері беріліп отыр.

    Жыл басынан бері сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру тақырыптарында жергілікті баспасөз бетінде (аудандық «Өскен Өңір» газеті) 10 мақала жарияланды.

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша атқарылған шаралардың ақпараттандыру жұмыстарын жалғастыру, бұл ретте мекемелердің интернет-ресурсында арнайы тараулардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті насихаттау және мемлекеттік органдарда атқарылған жұмыстар жөнінде есепті жария ету үшін аудан әкімдігінің веб-сайтында (shieli.gov.kz) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» бөлімі тұрақты түрде жұмыс істеп, аудан көлеміндегі бөлімдер мен кент, ауылдық округі әкімі аппараттарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл бағытында атқарылған жұмыстар туралы, өткізілген іс шаралар жөнінде мәліметтер баршаға қолжетімді үлгіде электрондық нұсқасы қазақша, орысша екі тілдегі мәтінде тоқсан сайын орналастырылып, мерзімінде өзектендіріліп, ақпараттар жаңартылып отыр.

    Аудандағы барлық елді мекендер орталықтарында сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмауды насихаттау мақсатында 12 – дана көрнекі ақпараттық бильборд ілінген. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы профилактикалық шаралар өз деңгейінде жалғасын табатын болады.

    Жүктеу
    Информация
    Информация
    DOCX · 15 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Бюджет

    Шиелі ауданының 2026–2030 жылдарға арналған даму жоспары

    Шиелі аудандық мәслихатының 2026 жылғы 20 шілде № 49/2 шешіміне қосымша Шиелі аудандық мәслихатының 2025 жылғы 30 желтоқсандағы № 40/2 шешімімен бекітілген Шиеліауданының 2026–2030 жылдарға арналғандаму жоспары...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    «Ұлттық қор - балаларға»: 62,7 млн АҚШ доллары тұрғын үйге және білім алуға жұмсалды

    «Ұлттық қор - балаларға»: 62,7 млн АҚШ долларытұрғын үйге және білім алуға жұмсалды 2026 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша бағдарлама іске қосылған 2024 жылғы 1 ақпаннан бастап нысаналы жинақтарды (НЖ) пайдалануға бер...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Зейнетақы жинақтарының сақталуына берілетін мемлекеттік кепілдікті жүзеге асыру тәсілінің өзгеруі туралы

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Зейнетақы жинақтарының сақталуына берілетін мемлекеттік кепілдікті жүзеге асыру тәсілінің өзгеруі туралы Зейнетақы төлемдерін алушылар үшін зейнетақы жинақтарының нақты енгізілген міндетті зейнетақ...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    БЖЗҚ 2026 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарын инвестициялау есебін ұсынады

    БЖЗҚ 2026 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарын инвестициялау есебін ұсынады "БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) enpf.kz сайтындағы "Статистика және аналитика – Зейнетақы активтерін инвестициялық басқа...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылғы 23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауында Шиелі ауданы бойынша үгіт жүргізуге арналған орындар

    № Елдімекен атауы Орналасқан орны Өлшемі 1 Шиелі кенті Шиелі кенті, И.Әбдікәрімов көшесі №2 А (Ж.Таспамбетова көшесі) 3х6 2 Шиелі кенті Шиелі кенті, И.Әбдікәрімов көшесінің бойында(Аркадан кіргенде Ру-6 беті) №1 Б 3х6 3...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Шиелі ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы анықтама

    Шиелі ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы анықтама Шиелі ауданының жалпы жер көлемі 3 239 755 га. Қазіргі таңда аудандағы 33 елді мекенде барлығы 85400 адам тұрады. Оның ішінде кент орталығында 35300адам, ауы...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Ауданның негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің қорытындылары жайлы мәліметі

    Ауданның негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің қорытындылары жайлы мәліметі р/н Атауы 2025 жыл 1 шілдеге 2026 жыл 1 шілдеге % I Өнеркәсіп өнімін өндіру, млн. теңге (нақты көлем индексімен) 36631,0 44006,0...

    Жарияланды:
    Қаулы

    Әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратын аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар үшін таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы

    Жоба Әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратын аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар үшін таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» Қазақстан...

    Жарияланды: