Шиелі ауданының әлеуметтік-экономикалық
дамуы туралы анықтама
Шиелі ауданының жалпы жер көлемі 3 239 755 га.
Қазіргі таңда аудандағы 33 елді мекенде барлығы 85400 адам тұрады. Оның ішінде кент орталығында 35300 адам, ауылдық елді – мекендерде 50100 адам тұрады.
2026 жылдың 1 шілдеге ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы көрсеткіштері статистика органдарымен қортындыланды.
Жалпы экономикалық тұрғыдан алғанда ауданда тұрақты жағдай қалыптасты.
Қаржы-салық саясаты.
Кірістер бойынша:
Аудандық бюджеттің кірісі 2026 жылдың 1 шілдеге болжамдалған 6 млрд. 602 млн. 835 мың теңгенің орнына 6 млрд. 602 млн 206 мың. теңгеге немесе 100 пайызға, оның ішінде аудандық бюджеттің өз кірісі болжамдалған 3 млрд 767 млн. 436 мың. теңгенің орнына 4 млрд. 179 млн. 949 мың теңге болып 110,9 пайызға орындалды.
Шығыстар бойынша:
Аудан бюджеті ағымдағы жылдың 1 шілдеге жалпы
6 млрд. 602 млн. 835 мың теңгеге жоспарланды. 6 айдың қорытындысымен 6 млрд. 602 млн. 206 мың теңгеге немесе 100,0 пайызға орындалды.
Өнеркәсіп өнімін өндіру.
Ауданның өнеркәсіп өнімдерін өндіруші мекемелері мен кәсіпорындары ағымдағы жылдың 6 айында 44 млрд. 6 млн. теңгенің өнеркәсіп өнімдерін өндірді, 2025 жылдың осы кезеңінің салыстырмалы бағасымен алғанда 99,5 пайызды құрады.
Өңдеу өнеркәсібі өнімі көлемі 37 млрд 848 млн. теңгеге жетіп, 101,2 пайызды құрады.
Негізгі капиталға салынған инвестицияның көлемі
37 млрд. 484 млн теңгені құрады немесе 2025 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 99,7 пайызды құрады.
Жалпы құрылыс жұмыстарының көлемі 13 млрд 215 млн теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 105,2 пайызды құрады.
Жеке тұрғын үй құрылысы жалпы ауданы 37753 шаршы метрді құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 104,5 пайызды құрады.
Бөлшек сауда көлемі 6 млрд. 971 млн теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 100 пайызды құрады.
Ауылшаруашылық саласы.
Аудан бойынша ауылшаруашылығы құрылымдары 5 млрд. 711 млн. теңгенің өнімін өндірді, былтырғы жылдың осы кезеңінің салыстырмалы бағасымен алғанда 105,1 пайызды құрады.
2025 жылдың 1 шілдеге тірілей салмақта 2382,5 тонна ет, 5377,3 тонна сүт, 1320,2 мың дана жұмыртқа өндіріліп, тиісті кезеңмен салыстырғанда ет 105,0 пайызға, сүт 104,8 пайызға, жұмыртқа 122,8 пайызға орындалған.
Мал шаруашылығы
2026 жылдың 1 шілдеге ірі қара 85734 басты, уақ мал 130061 басты, жылқы 29151 басты, түйе 1842 басты, құс 28996 басты құрап, тиісті кезеңмен салыстырғанда ірі-қара 100,6 уақ мал 91,2, жылқы 107,4 түйе 98,5 пайызды құрады.
Шағын кәсіпкерлік.
2026 жылдың 1 шілдеге ауданда тіркелген шағын және орта кәсіпкерліктің саны 5747 субъектіге жетіп, тиісті кезеңмен салыстырғанда 90,3 пайызды құрады. (жеке кәсіпкер-3740, шаруа қожалық-1416, заңды тұлға-591) Оның ішіндегі жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлердің саны 5564-і құрап, жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлердің үлесі 96,8 % -ға жетті.
Әлеуметтік сала
Аудан бойынша халық саны 85 400. Экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны 36 864, жұмыспен қамтылған адам 35 148. Оның ішінде, жалдамалы қызметкерлер 23 370, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар 11 778 адам.
Жұмыссыздық деңгей (1 716 адам)4,7 пайызды құрады.
Мемлекет басшысының экономикалық өсімді қалпына келтіру және Қазақстандықтардың нақты табыс деңгейін арттыру аясында 10 мың халыққа 100 жаңа жұмыс орнын құру жөніндегі тапсырмасына сәйкес, ағымдағы жылға 1021 жұмыс орны жоспарланып, бүгінгі күнге 258 жаңа жұмыс орны құрылып, немесе 25,3 пайызды құрады.