«Тартоғай ауылдық округі әкіміне кандидат Б.К.Умирбаевты тіркеу туралы» Шиелі ауданының аумақтық сайлау комиссиясының
2026 жылғы 21 маусымдағы шешімінің күшін жою туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 113-5-бабының 11-тармағының 8)-тармақшасына сәйкес және Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің 2026 жылғы
3 шілдедегі №МКД-10-2-9/6101 санды хаты мен Шиелі ауданының аумақтық сайлау комиссияның 2026 жылғы 21 маусымдағы хаттамасын негізге алып, Шиелі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:
- «Тартоғай ауылдық округі әкіміне кандидат Б.К.Умирбаевты тіркеу туралы» Шиелі ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 21 маусымдағы шешімінің күші жойылсын.
- Осы шешім Шиелі ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөліміне орналастырылсын.
Шиелі ауданының аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы М.Дулатов
Шиелі ауданының аумақтық
сайлау комиссиясының хатшысы Е.Оспанов
АСК-26/101
07.07.2026 ж.