БҚО Казталов ауданы Ақпәтер ауылдық округінің әкімін сайлау қорытындылары туралы
ХАБАРЛАМА
2026 жылғы 5 шілдеде Казталов ауданының Ақпәтер ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Казталов ауданының аумақтық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9)-тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес Казталов ауданының Ақпәтер ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде сайлау қорытындысын белгіледі:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 494 азамат енгізілді, оның ішінде 297 сайлаушы дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 12, "Барлығына қарсы" деген жолда белгісі бар – 7.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Байшин М.Б. – 98, Суйншкалиев Т.М. – 162, Тулепова Г.Е. – 18.
Ақпәтер ауылдық округінің әкімі болып Суйншкалиев Тулеген Максимович сайланды, 1968 жылы туған, Ақпәтер ауылдық округінің әкімі, БҚО, Казталов ауданы, Ақпәтер ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынды.
Казталов ауданының аумақтық
сайлау комиссиясы