БҚО Казталов ауданы Болашақ ауылдық округінің әкімін сайлау қорытындылары туралы
ХАБАРЛАМА
2026 жылғы 5 шілдеде Казталов ауданының Болашақ ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Казталов ауданының аумақтық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9)-тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес Казталов ауданының Болашақ ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде сайлау қорытындысын белгіледі:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 661 азамат енгізілді, оның ішінде 448 сайлаушы дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 7, "Барлығына қарсы" деген жолда белгісі бар – 12.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Ишанов Е.Ж. – 307, Сапарова А.М. – 99, Шокпанов С.У. – 23.
Болашақ ауылдық округінің әкімі болып Ишанов Ержалгас Жанболатович сайланды, 1990 жылы туған, Казталов аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы, БҚО, Казталов ауданы, Казталов ауылының тұрғыны, «Amanat» партиясы арқылы ұсынылған.
Казталов ауданының аумақтық
сайлау комиссиясы