БҚО Казталов ауданы Қараоба ауылдық округінің әкімін сайлау қорытындылары туралы
ХАБАРЛАМА
2026 жылғы 5 шілдеде Казталов ауданының Қараоба ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Казталов ауданының аумақтық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9)-тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес Казталов ауданының Қараоба ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде сайлау қорытындысын белгіледі:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 605 азамат енгізілді, оның ішінде 420 сайлаушы дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 24, "Барлығына қарсы" деген жолда белгісі бар – 9.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Галимов А.М. – 211, Жангалиев А.А. – 17, Сундетов Ж.М. – 159.
Қараоба ауылдық округінің әкімі болып Галимов Арман Максимович сайланды, 1982 жылы туған, жұмыссыз, БҚО, Казталов ауданы, Казталов ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынды.
Казталов ауданының аумақтық
сайлау комиссиясы