Құлсары қаласы 3 маусым 2026 жыл
«Жылыой ауданы кәсіпкерлік бөлiмi» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттiк мекеме) кәсіпкерліктің қызмет көрсету саласын және сауданы дамытудың негізгі бағыттарын қалыптастыру және іске асыру жөніндегі басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. Жылыой ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 28 ақпандағы №68 «Кейбір мемлекеттік мекемелерді қайта ұйымдастыру туралы» қаулысымен «Жылыой ауданы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінен «Жылыой ауданы кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесін бөліп шығару жолымен «Жылыой ауданы кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі құрылды.
Жылыой ауданы кәсіпкерлік бөлімі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін бөлімнің 2026 жылғы 4 мамырдағы №19 бұйрығына сәйкес жұмысшы топ құрылды.
Мирамбаев Алдияр Мирамбайұлы – кәсіпкерлік бөлімінің басшысы, жұмысшы топтың төрағасы. А.Мамбетиязов – Жылыой ауданы кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы, топтың мүшесі, А.Селбаева – Жылыой ауданы кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы, топтың мүшесі, Ж.Баймағамбетова-Жылыой ауданы кәсіпкерлік бөлімінің есепшісі, топтың мүшесі, М.Булекбаева- Жылыой ауданы кәсіпкерлік іс-жүргізушісі, топтың мүшесі.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі: 2025 жыл.
Персоналды басқару, соның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдардың тізбесін айқындау
«Жылыой ауданы кәсіпкерлік бөлімі» ММ (бұдан әрі-бөлім)өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», Кәсіпкерлік кодексін, «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңы, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңы, ҚР «Әкімшілік рәсімдік-процестік» кодексі.
Жылыой ауданының әкімдігінің 2026 жылғы 27 ақпандағы №38 қаулысымен «Жылыой ауданы кәсіпкерлік бөлімінің ережесі бекітілді»
Жылыой ауданы кәсіпкерлік бөлімі басшысының бұйрығымен Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптары заңдылығына сай бекітілген және барлық мемлекеттік қызметшілер бекітілген біліктілік талаптарына сай. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 8 бабының 5 бөлігіне сай Мемлекеттік органдар, ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүзеге асырады, оның нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде шаралар қабылдайды және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
Ішкі құжаттардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау
2025 жыл бойынша жеке және заңды тұлғалардан барлығы 68 өтініш келіп түсті, оның 54 жеке тұлғалардан, 14 заңды тұлғалардан келіп түскен. Су тасқыны мәселесі бойынша 32 өтініш келіп түсіп, оның 32-іне жауап берілді. Өзге де мәселесі бойынша – 36 өтініш, түсінік берілген.
Персоналды басқарумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес бөлім қызметіндегі персоналды басқару бағытында ішкі талдау барысында мемлекеттік қызметке қабылдау, лауазымға тағайындау, қызметтік ауыстыру, еңбек демалысын беру, көтермелеу және тәртіптік жауапкершілікке тарту рәсімдерінің Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет туралы заңнамасының талаптарына және ішкі нормативтік актілерге сәйкес жүзеге асырылады.
«Жылыой ауданы кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің штат саны - 3, нақты жұмыс істейтіндер саны-3, бос орын саны-жоқ, теріс себептер бойынша жұмыстан босатылғандар болған жоқ.
Бөлімнің мемлекеттік қызметшілері біліктілігін арттыру курстарынан уақытылы, мерзімінде өтіп отыр. Еңбек тәртібін бұзу, еңбек тәртібін қайталап бұзу, мемлекеттік қызметшілер арасында әкімшілік және қылмыстық құқықты бұзу, бұрын сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылыққа жол берген, қылмыстық құқық бұзушылық жасаған тұлғаларды жұмысқа қабылдау фактісі орын алған жоқ. Сыбайлас жемқорлыққа жол берілмей, сыбайлас жемқорлықтың орын алуына жағдай жасайтын фактілерді болдырмау, оларды жою шаралары жүргізілуде.
Жылыой ауданы кәсіпкерлік бөлімі қызметкерлерінің қызметтік нұсқаулықтары мен еңбек шарттарында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл үшін дербес жауаптылық белгілене отырып, осы жөнінде тікелей міндет жүктеліп, қосымшалар енгізілген.
Азық-түлік бағасын тұрақтандыру шаралары «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, сондай-ақ Атырау облысы әкімдігінің 2019 жылғы 29 қарашадағы №265 қаулысымен бекітілген «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларына» сәйкес жүзеге асырылады. Аталған қағидалар шеңберінде аудан бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына тұрақты түрде мониторинг жүргізіліп, сауда субъектілермен бағаны негізсіз көтермеу жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп отырады. Жергілікті тауар өндірушілер және сауда желілерімен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын негізсіз өсірмеу туралы 17 жеке кәсіпкерлермен меморандум жасақталды.
Персоналды басқару процестері «Е-қызмет» ақпараттық жүйесі арқылы электрондық форматта жүргізіледі. Кадрлық шешімдер белгіленген тәртіппен рәсімделіп, электрондық цифрлық қолтаңба арқылы келісіліп және бекітіледі, бұл рәсімдердің ашықтығы мен заңдылығын қамтамасыз етеді.
Бақылау - тексеру функцияларын іске асыру
Сыбайлас жемқорлық туындауына жол беретін себептер мен жағдайларды болдырмау мақсатында 2025 жылға арналған бекітілген жоспарға сәйкес мекеме қызметіне ішкі талдау жүргізу бойынша іс-шаралар ұйымдастырылып, тиісті жұмыстар атқарылды.
Ішкі талдау барысында мемлекеттік қызмет көрсету, мемлекеттік сатып алу, кадрлық мәселелер, қаржы тәртібі, азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, сондай-ақ қызметтік әдеп талаптарының сақталуы бағыттары зерделенді.
Талдау нәтижесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін туындатуы мүмкін себептер мен жағдайлардың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жауапты мамандарға тиісті ұсынымдар берілді. Сонымен қатар, заңнама талаптарын қатаң сақтау, ашықтық пен жариялылық қағидаттарын қамтамасыз ету бағытында бақылау күшейтілді.
Жоғарыда көрсетілген шаралар бойынша Жылыой ауданы кәсіпкерлік бөліміне ұсынылады:
1) Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңын орындау барысында кемшіліктерге жол бермеу мақсатында мемлекеттік қызметкерлер арасында тиісті іс-шаралар жиі жүргізу және жауапкершіліктерін күшейту.
2) Мемлекеттік қызмет стандартын бұзуға жол бермеу мақсатында мемлекеттік қызметкерлері арасында түсіндіру жұмыстарын жиі жүргізу.
3)Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік–процестік кодексініңталаптарын мемлекеттік қызметкерлердің қатаң сақтауы және жауапкершіліктерін күшейту туралы шаралар қабылдау.
Жұмысшы топтың төрағасы А.Мирамбаев
Жылыой ауданы кәсіпкерлік бөлімінің
бас маманы,топтың мүшесі А.Мамбетиязов
Жылыой ауданы кәсіпкерлік бөлімінің
бас маманы, топтың мүшесі А.Селбаева
Жылыой ауданы кәсіпкерлік бөлімінің
есепшісі,топтыңмүшесі Ж.Баймағамбетова
Жылыой ауданы кәсіпкерлік бөлімінің
іс-жүргізушісі, топтың мүшесі М.Булекбаева