«Жылыой ауданы құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша талдамалық анықтама

    Жылыой ауданының әкімдігі

    Құлсары қаласы 29 мамыр 2026 жыл

    «Жылыой ауданы құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік мекеме) мемлекеттік қызмет көрсету саласын және құрылысты дамытудың негізгі бағыттарын қалыптастыру және іске асыру жөніндегі басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. Жылыой ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 28 ақпандағы №68 «Кейбір мемлекеттік мекемелерді қайта ұйымдастыру туралы» қаулысымен «Жылыой ауданы құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесіне «Жылыой ауданы жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің сәулет және қала құрылысының функциясы беріле отырып «Жылыой ауданы құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып қайта ұйымдастырылды.

    Жылыой ауданы құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін бөлімнің 2026 жылғы 7 сәуірдегі №17-1 бұйрығына сәйкес жұмысшы топ құрылды.

    Кенжебай Жалғас Жанабергенұлы – құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлім басшысының у.м.а, жұмысшы топтың төрағасы. Г.Сабырова – Жылыой ауданы құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы, топтың мүшесі, Р.Салихова – Жылыой ауданы құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы, топтың мүшесі, А.Изекенова -Жылыой ауданы құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің есепшісі, топтың мүшесі, А.Жантасова- Жылыой ауданы құрылыс, сәулет және қала құрылысы іс-жүргізушісі, топтың мүшесі.

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі: 2025 жыл.

    Персоналды басқару, соның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдардың тізбесін айқындау

    «Жылыой ауданы құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ (бұдан әрі-бөлім) өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» кодексі.

    Жылыой ауданының әкімдігінің 2024 жылғы 06 наурыздағы №86 қаулысымен «Жылыой ауданы құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің ережесі бекітілді»

    Жылыой ауданы құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының бұйрығымен Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптары заңдылығына сай бекітілген және барлық мемлекеттік қызметшілер бекітілген біліктілік талаптарына сай. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 8 бабының 5 бөлігіне сай Мемлекеттік органдар, ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүзеге асырады, оның нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде шаралар қабылдайды және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.

    Ішкі құжаттардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

    2025 жыл бойынша жеке және заңды тұлғалардан барлығы 109 өтініш түсті, оның 53 жеке тұлғалардан, 56 заңды тұлғалардан келіп түскен. Құрылыс мәселесі бойынша өтініш келіп түсіп, оның 51-іне жауап берілді. Өзге де мәселесі бойынша – 58 өтініш, түсінік берілген.

    Персоналды басқарумен байланысты сыбайлас жемқорлық

    тәуекелдерін анықтау

    Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес бөлім қызметіндегі персоналды басқару бағытында ішкі талдау барысында мемлекеттік қызметке қабылдау, лауазымға тағайындау, қызметтік ауыстыру, еңбек демалысын беру, көтермелеу және тәртіптік жауапкершілікке тарту рәсімдерінің Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет туралы заңнамасының талаптарына және ішкі нормативтік актілерге сәйкес жүзеге асырылады.

    «Жылыой ауданы құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің штат саны - 5, нақты жұмыс істейтіндер саны-5, бос орын саны-жоқ, теріс себептер бойынша жұмыстан босатылғандар болған жоқ.

    Бөлімнің мемлекеттік қызметшілері біліктілігін арттыру курстарынан уақытылы, мерзімінде өтіп отыр. Еңбек тәртібін бұзу, еңбек тәртібін қайталап бұзу, мемлекеттік қызметшілер арасында әкімшілік және қылмыстық құқықты бұзу, бұрын сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылыққа жол берген, қылмыстық құқық бұзушылық жасаған тұлғаларды жұмысқа қабылдау фактісі орын алған жоқ. Сыбайлас жемқорлыққа жол берілмей, сыбайлас жемқорлықтың орын алуына жағдай жасайтын фактілерді болдырмау, оларды жою шаралары жүргізілуде.

    Жылыой ауданы құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі қызметкерлерінің қызметтік нұсқаулықтары мен еңбек шарттарында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл үшін дербес жауаптылық белгілене отырып, осы жөнінде тікелей міндет жүктеліп, қосымшалар енгізілген.

    Персоналды басқару процестері «Е-қызмет» ақпараттық жүйесі арқылы электрондық форматта жүргізіледі. Кадрлық шешімдер белгіленген тәртіппен рәсімделіп, электрондық цифрлық қолтаңба арқылы келісіліп және бекітіледі, бұл рәсімдердің ашықтығы мен заңдылығын қамтамасыз етеді.

    Бақылау - тексеру функцияларын іске асыру

    Сыбайлас жемқорлық туындауына жол беретін себептер мен жағдайларды болдырмау мақсатында 2025 жылға арналған бекітілген жоспарға сәйкес мекеме қызметіне ішкі талдау жүргізу бойынша іс-шаралар ұйымдастырылып, тиісті жұмыстар атқарылды.

    Ішкі талдау барысында мемлекеттік қызмет көрсету, мемлекеттік сатып алу, кадрлық мәселелер, қаржы тәртібі, азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, сондай-ақ қызметтік әдеп талаптарының сақталуы бағыттары зерделенді.

    Талдау нәтижесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін туындатуы мүмкін себептер мен жағдайлардың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жауапты мамандарға тиісті ұсынымдар берілді. Сонымен қатар, заңнама талаптарын қатаң сақтау, ашықтық пен жариялылық қағидаттарын қамтамасыз ету бағытында бақылау күшейтілді.

    Жоғарыда көрсетілген шаралар бойынша Жылыой ауданы құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөліміне ұсынылады:

    1) Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңын орындау барысында кемшіліктерге жол бермеу мақсатында мемлекеттік қызметкерлер арасында тиісті іс-шаралар жиі жүргізу және жауапкершіліктерін күшейту.

    2) Мемлекеттік қызмет стандарты бұзуға жол бермеу мақсатында мемлекеттік қызметкерлері арасында түсіндіру жұмыстарын жиі жүргізу.

    3) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік–процестік кодексінің талаптарын мемлекеттік қызметкерлердің қатаң сақтауы және жауапкершіліктерін күшейту туралы шаралар қабылдау.

    Жұмысшы топтың төрағасы Ж.Кенжебай

    Жылыой ауданы құрылыс, сәулет және қала

    құрылысы бөлімінің бас маманы,топтың мүшесі Г.Сабырова

    Жылыой ауданы құрылыс, сәулет және қала

    құрылысы бөлімінің инспекторы, топтың мүшесі Р.Салихова

    Жылыой ауданы құрылыс, сәулет және қала

    құрылысы бөлімінің хатшысы,топтың мүшесі А.Изекенова

    Жылыой ауданы құрылыс, сәулет және қала

    құрылысы бөлімінің іс-жүргізушісі, топтың мүшесі А.Жантасова

    Жүктеу
    7e130310b30a5d17fd295657bc04e4d5_original.19567.docx
    DOCX · 19 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Шешім

    «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Жылыой аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қазандағы №8-1 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    Жылыой аудандық мәслихатыШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы Жылыой аудандық мәслихаты...

    Жылыой ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Аукцион өтетіні туралы хабарлайды

    Қазақстан Республикасы Атырау облысы «Аудандық маңызы бар Құлсары қаласы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі (Құлсары қаласы, Абдрахманов көшесі, 27) e-qazyna.kz мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында коммуналдық...

    Жылыой ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Аукцион өтетіні туралы хабарлайды

    Қазақстан Республикасы Атырау облысы «Аудандық маңызы бар Құлсары қаласы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі (Құлсары қаласы, Абдрахманов көшесі, 27) e-qazyna.kz мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында коммуналдық...

    Жылыой ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Көппәтерлі тұрғын үй қорын түгендеу және үйлердің бірыңғай тізілімін қалыптастыру туралы

    Ресми жаңалық. Алаңдар: уәкілетті органның сайты, салалық портал, республикалық БАҚ, әкімдіктердің, басқармалардың сайттары Қазақстанда тұрғын үй қорын жаппай түгендеу басталады. Елдің барлық көппәтерлі үйлері мекенжайы,...

    Жылыой ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Хабарландыру

    Құлсары қаласы тұрғындарының назарына!

    Құлсары қаласының Автожолшылар ықшам ауданында мешіт салу туралы мәселесін талқылау жөніндегі жиналыс 2026 жылдың 28 қыркүйек күні сағат 15:00де Құлсары қаласы әкімі аппаратында қоғамдастық мүшелерімен өткізілетінін хаба...

    Жылыой ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Зейнетақы жинақтары сенімгерлік басқаруға берілген ИПБ-ның жауапкершілігі қалай қамтамасыз етіледі

    Салымшы зейнетақы активтерін басқаратын ИПБ-ны және инвестициялық портфельді, яғни тәуекел деңгейі, күтілетін кірістілігі және инвестициялау мерзімі бойынша ерекшеленетін инвестициялық стратегияны өз бетінше таңдауға құқ...

    Жылыой ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Зейнетақы жинақтарын ИПБ-ның басқаруына берудің тиімділігі қандай? Салымшылар зейнетақы активтерін басқару туралы толық ақпаратты қайдан таба алады? Басқарушы компаниялардың қызмет нәтижелерін қалай бақылауға болады?

    Зейнетақы жинақтарының 100%-ына дейін ИПБ-ның басқаруына беру салымшыларға кірістілік тарихы неғұрлым үздік немесе неғұрлым агрессивті инвестициялық стратегия ұсынатын ИПБ-ны таңдау арқылы капиталды ұзақ мерзімді перспек...

    Жылыой ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Заңнамалық өзгерістерде міндетті зейнетақы жарналары және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының 100%-ына дейін инвестициялық портфельді басқарушының (ИПБ) басқаруына беру мүмкіндігі көзделген. Бұл механизм қалай жұмыс істейді?

    Әлеуметтік кодекстің 40-бабына сәйкес салымшыларға өздерінің зейнетақы жинақтарын ИПБ-ның басқаруына беру және/немесе оларды Ұлттық Банктің басқаруында қалдыру туралы шешімді дербес қабылдау құқығы берілген. 2026 жылғы қ...

    Жылыой ауданының әкімдігіЖарияланды: