Құлсары қаласы 11 маусым2026 жыл
«Жылыой ауданы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік мекеме) жоолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары қызмет көрсету саласын және саланы дамытудың негізгі бағыттарын қалыптастыру және іске асыру жөніндегі басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. Жылыой ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 28 ақпандағы № 68 «Кейбір мемлекеттік мекемелерді қайта ұйымдастыру туралы» қаулысымен «Жылыой ауданы тұрғын үй комуналдық шаруашылығы, жолашылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінен «Жылыой ауданы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі құрылды.
Жылыой ауданы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін бөлімнің 2026 жылғы 1 сәуірдегі № 12/2 бұйрығына сәйкес жұмысшы топ құрылды.
Бозжигитов Бекет Елемесович – Жылыой ауданы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлім басшысы, жұмысшы топтың төрағасы. Н.Лұқпанов – Жылыой ауданы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлім бас маманы, топтың мүшесі, А.Саматов – Жылыой ауданы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлім бас маманы, топтың мүшесі, А.Сабирова - Жылыой ауданы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлім бас маманы, топтың мүшесі, А.Қайырбекова- Жылыой ауданы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлім инспекторы, топтың мүшесі.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі: 2026 жылғы Iжарты жылдық.
Персоналды басқару, соның ішінде сыбайлас жемқорлық
тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдардың тізбесін айқындау
« Жылыой ауданы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ (бұдан әрі-бөлім) өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», ҚР «Әкімшілік рәсімдік-процестік» кодексі.
Жылыой ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 6 наурыздағы №83 қаулысымен «Жылыой ауданы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінінің ережесі бекітілді».
Жылыой ауданы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының бұйрығымен Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптары заңдылығына сай бекітілген және барлық мемлекеттік қызметшілер бекітілген біліктілік талаптарына сай. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 8 бабының 5 бөлігіне сай Мемлекеттік органдар, ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүзеге асырады, оның нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде шаралар қабылдайды және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
Ішкі құжаттардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау
2026 жыл бойынша жеке және заңды тұлғалардан барлығы 108 өтініш келіп түсті, оның 77 жеке тұлғалардан, 31 заңды тұлғалардан келіп түскен.
Персоналды басқарумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес бөлім қызметіндегі персоналды басқару бағытында ішкі талдау барысында мемлекеттік қызметке қабылдау, лауазымға тағайындау, қызметтік ауыстыру, еңбек демалысын беру, көтермелеу және тәртіптік жауапкершілікке тарту рәсімдерінің Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет туралы заңнамасының талаптарына және ішкі нормативтік актілерге сәйкес жүзеге асырылады.
« Жылыой ауданы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің штат саны - 3, нақты жұмыс істейтіндер саны - 9, бос орын саны-жоқ, теріс себептер бойынша жұмыстан босатылғандар болған жоқ.
Бөлімнің мемлекеттік қызметшілері біліктілігін арттыру курстарынан уақытылы, мерзімінде өтіп отыр. Еңбек тәртібін бұзу, еңбек тәртібін қайталап бұзу, мемлекеттік қызметшілер арасында әкімшілік және қылмыстық құқықты бұзу, бұрын сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылыққа жол берген, қылмыстық құқық бұзушылық жасаған тұлғаларды жұмысқа қабылдау фактісі орын алған жоқ. Сыбайлас жемқорлыққа жол берілмей, сыбайлас жемқорлықтың орын алуына жағдай жасайтын фактілерді болдырмау, оларды жою шаралары жүргізілуде.
Жылыой ауданы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлім қызметкерлерінің қызметтік нұсқаулықтары мен еңбек шарттарында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін дербес жауаптылық белгілене отырып, осы жөнінде тікелей міндет жүктеліп, қосымшалар енгізілген.
Персоналды басқару процестері «Е-қызмет» ақпараттық жүйесі арқылы электрондық форматта жүргізіледі. Кадрлық шешімдер белгіленген тәртіппен рәсімделіп, электрондық цифрлық қолтаңба арқылы келісіліп және бекітіледі, бұл рәсімдердің ашықтығы мен заңдылығын қамтамасыз етеді.
Бақылау - тексеру функцияларын іске асыру
Сыбайлас жемқорлық туындауына жол беретін себептер мен жағдайларды болдырмау мақсатында 2026 жылға арналған бекітілген жоспарға сәйкес мекеме қызметіне ішкі талдау жүргізу бойынша іс-шаралар ұйымдастырылып, тиісті жұмыстар атқарылды.
Ішкі талдау барысында мемлекеттік қызмет көрсету, мемлекеттік сатып алу, кадрлық мәселелер, қаржы тәртібі, азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, сондай-ақ қызметтік әдеп талаптарының сақталуы бағыттары зерделенді.
Талдау нәтижесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін туындатуы мүмкін себептер мен жағдайлардың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жауапты мамандарға тиісті ұсынымдар берілді. Сонымен қатар, заңнама талаптарын қатаң сақтау, ашықтық пен жариялылық қағидаттарын қамтамасыз ету бағытында бақылау күшейтілді.
Жоғарыда көрсетілген шаралар бойынша Жылыой ауданыжолаушылар көлігі және автомобиль жолдарыбөлімне ұсынылады:
1) Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңын орындау барысында кемшіліктерге жол бермеу мақсатында мемлекеттік қызметкерлер арасында тиісті іс-шаралар жиі жүргізу және жауапкершіліктерін күшейту.
2) Мемлекеттік қызмет стандартын бұзуға жол бермеу мақсатында мемлекеттік қызметкерлер арасында түсіндіру жұмыстарын жиі жүргізу.
3) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарын мемлекеттік қызметкерлердің қатаң сақтауы және жауапкершіліктерін күшейту туралы шаралар қабылдау.
Жұмысшы топтың төрағасыБ.Бозжигитов
Жылыой ауданыжолаушылар көлігі және
автомобиль жолдары бөлімінің Н.Лұқпанов
бас маманы, топтың мүшесі
Жылыой ауданы жолаушылар көлігі және
автомобиль жолдары бөлімінің А.Саматов
бас маманы, топтың мүшесі
Жылыой ауданыжолаушылар көлігі және
автомобиль жолдары бөлімінің А.Сабирова
инспекторы маманы, топтың мүшесі
Жылыой ауданыжолаушылар көлігі және
автомобиль жолдары бөлімінің А.Қайырбекова
бас маманы, топтың мүшесі